Банк карталары

Мәжіліс депутаттары банк картасы бойынша комиссияны азайтуды сұрады

269
Еспаева 2,5 проценттік банк комиссиясы кәсіпкерлер үшін тиімсіз екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, қолма-қол төлем көлемі ұлғайғанымен, банктер карта бойынша комиссияны төмендетпей отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дания Еспаева ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа банктердің комиссиясына қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутат былтыр төлем картасымен 6,4 триллион теңгеге 524 миллион транзакция жасалғанын, бұл арғы жылмен салыстырғанда, екі есеге артық екенін атап өтті. Ал интернет-мобильді банкинг арқылы 3,1 триллион теңгеге 190 миллион қолма-қол ақшасыз операция жасалған, бұл көрсеткіш те 2017 жылға қарағанда екі есеге өскен.

" POS-терминалдар арқылы төлем жасау көлемі едәуір ұлғайса да, банктердің сауда ұйымдарынан өндіретін тарифі сол баяғы деңгейде қалып отыр. Орташа есеппен төлемнің жалпы сомасының 0,5-нен 2,5 процентіне дейін құрайды", - деді Еспаева.

Депутаттың айтуынша, бизнес заңы бойынша сату көлемі ұлғайып, бәсекелестік пайда болған кезде, қызмет құны төмендейді. Алайда, банк секторында бұл байқалмай отыр.

"Жоғары баға – қолма-қол төлемнің дамуына кедергі келтіретін басты факторлардың бірі. Әсіресе, бұл шағын бизнес өкілдерінің аяғына тұсау болып отыр", - деді ол.

Еспаева 2,5 проценттік банк комиссиясы кәсіпкерлер үшін тиімсіз екенін, сондықтан олар көп жағдайда POS-терминалдардан бас тартып жататынын атап өтті. Оның айтуынша, дүкендердегі тауарлар комиссияны қоса есептегендегі бағамен сатылады, яғни тұтынушының қалтасынан алынады.

"Егер комиссия төмендесе, сауда орындарының шығыны азайып, бағаның өсуін тежеуге болар еді", - деді депутат.

Осыған байланысты ол банк картасы бойынша комиссияны төмендету және Ұлттық банкке төлем операциялары үшін комиссияны реттеу мәселесін қарауды ұсынды.

269
Кілт сөздер:
банк, Ерболат Досаев, депутат
Тақырып бойынша
Ұлттық банк қазақстандықтарға долларға қатысты кеңес берді
"Сізге бүгін не болған?" Нығматулин ұлттық банк төрағасын ұятқа қалдырды
Назарбаев: банк иелерінің жауапкершілігін көтеру керек
Ұлттық банк екі ірі сақтандыру компаниясының лиценциясын тоқтатты
Банк карточкасының сіз білмейтін 8 құпиясы
Бизнес, құжаттар

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлік жүргізуді қалай тоқтатуға болады

20
(Жаңартылды 10:30 28.05.2020)
Әлеуметтік төлем бойынша және салық қарызы жоқ азаматтар жеке кәсіпкерлік жүргізуді онлайн режимде тоқтата алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың жеңілдетілген тәртібін қолдана алады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.

Бұл үшін мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық төлеушінің салық өтінішін толтыру керек.

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

Жеке кәсіпкер не істеуі керек:

  • мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық қарызын тексеру (бар болса, өтеу);
  • тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына кәсіпкерлікті жою есебін электронды түрде беру;
  • кассалық аппарат бар болған жағдайда оны есептен алу туралы салық өтінішін толтыру; 
  • электрондық үкімет порталы арқылы салық өтінішін толтыру немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының электронды поштасына жіберу.

Жеке кәсіпкерлікті кімдер онлайн тоқтата алады

Жеңілдетілген режимді қандай кәсіпкерлер қолдана алады: 

  • қосымша құн салығын төлемейтіндер; 
  • бірлескен кәсіпкерлік формасы бойынша жұмыс істемейтіндер;
  • өнім өндірмейтіндер, сатпайтындар: бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны, этил спирті, алкоголь өнімі, темекі өнімі, сондай-ақ, ойын бизнесіне қатысы жоқ болса; 
  • салық және әлеуметтік төлем бойынша қарызы жоқтар.
20
Кілт сөздер:
әлеуметтік төлем, салық, жеке кәсіпкерлер
Тақырып бойынша
"Кетпеңізші деп жалынамыз": кәсіпкер депутаттар алдында жанайқайын жеткізді
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады
Кәсіпкерлер 1 қазанға дейін салықтан босатылды
Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр
 Дариға Назарбаева министрге кәсіпкерлердің шағымын жеткізді
Ақорда ғимараты

Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

166
(Жаңартылды 19:06 27.05.2020)
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстанда экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Қаулы Ақорда сайтында жариялаған.

"Жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мемлекеттік комиссия құруды қаулы етемін", - деп жазылған ақпаратта. 

Премьер-министр Асқар Мамин комиссия төрағасы болады.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов комиссия төрағасының орынбасары.

Ал Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ерғалиев комиссия хатшысы болады.

Жаңа құрылған комиссия құрамына енген шенеуніктердің толық тізімі Ақорда сайтында жарияланды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев шенеуніктерге: ақша мен уақытты босқа жұмсауды доғару керек

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

166
Кілт сөздер:
экономика, жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев митинг туралы заңға қол қойды
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
"Жауапқа тарту қажет": Тоқаев оқулықтардың сапасы өте төмен екенін айтты
Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты