доллар

Сарапшы Қазақстанда доллар неге арзандамай жатқанын түсіндірді

1188
Доллардың қымбаттауына экономикалық фактор емес, ел экономикасындағы мемлекеттік үлестің көптігі мен жемқорлық себеп, дейді маман

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Қазір әлемде мұнай бағасы көтеріліп келеді. Ондай жағдайда доллар арзандауы тиіс. Алайда біздегі жағдай керісінше. Қазір доллар бағамы құбылып, тек тиын-тебендеп өсу үстінде. Неге? Осы және жалпы Қазақстанда доллар қай уақытта арзандауы мүмкін деген сұрақтарға қатысты өз болжамын қаржыгер Ілияс Исаев Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Оның пікірінше, Қазақстанның табысы долларға байланғандықтан, шетелдік валюта оқыстан мінез көрсетіп, өсе береді. Оған экономика заңдылықтары еш ықпал ете алмайды.

"Әлемде мұнай бағасы көтерілсе, доллар құнсызданады. Дамыған, капиталистік елдерде солай болады. Әрине, біз де дамуға аяқ басқан, экономикамыз нарықтық елміз. Бірақ экономикалық көрсеткіштеріміз біз үшін әлемдік стандарттардың ауылы әлі алыс екенін көрсетеді. 

Мысалы, Еуропаның бір елінде бір сала жұмысшылары көтерілсе, экономика тоқырап қалады. Ал бізде өйтпейді. Неге? Өйткені экономикада мемлекеттік қатысу, мемлекеттік үлес өте басым", - дейді ол.

Салыстыратын болсақ, АҚШ-та шағын және орта кәсіпкерліктің табысы ішкі жалпы өнімнің 90 процентін құрайды. Ал бізде бұл көрсеткіш небәрі 20-25 процент қана екен. Яғни, бізде жекеменшік үлес аз. Демек, ел экономикасының 60 процентіне мемлекет қатысады.

"Ел экономикасына негізінен табыс әкеп жатқан мемлекеттік үлесі бар ұлттық компаниялар ғой. Ал экспортқа жұмыс істейтін олардың табысы доллардан тұрады. Оның үстіне тұтынушылық тауардың 60 процентін сырттан алдыртамыз. Ал жылдың басы - келісімшарт жасалатын, салық төленетін кезең. Осы ішкі факторлар қазір доллар бағамының құбылуына әсер етуде", - дейді қаржыгер.

Сондай-ақ қаржыгер доллар бағамын реттеуі тиіс Ұлттық банк жалтақ, бұл арадағы гәптің оның да мемлекеттік кәсіпорын болуында екенін айтады.

"Мысалы, біздегі шикізатты игеретін ұлттық компаниялар шетелдік валютадағы шотын тек шетелдік банктерде сақтайды. Демек, осынша ақша басқа елдің банкінде сақталып, сол елдің экономикасына жұмыс істеп жатыр. Әрине, бұл дұрыс емес.

Елбасы соның бәрін отандық банктермен жұмыс істеуге дағдыландыру керек деп тапсырған. Бірақ бұл іс Ұлттық банктің қолынан келмеуде. Себебі ол мемлекеттік кәсіпорын. Оның үстіне бюджеттің 40 проценті осы экспорттық түсімнен тұрады ғой. Одан бөлек ел экономикасының 60 процентін импорт құрайды. Бәрібір шетел валютасымен жұмыс істейтіндермен санасу керек боп тұр", - дейді ол.

Исаевтың болжауынша, түбі Ұлттық банк тәуелсіз болады, сол күндері доллар аяқ-асты мінез көрсетуін де қойып, әбден жуасиды.

"Өзгерістер жүріп жатыр. Бірақ өте баяу. Иә, біз уақыт жағынан қатты ұтылып жатырмыз. Дегенмен капиталистік қоғам құру үшін мемлекеттік үлесті азайтып, жекеменшікті көбейту керектігін түсіндік. Жемқорлықтың да сол кезде жойылатынын. Қазір цифрландыру арқылы біраз дүниені еңсердік. Ұлттық банк те бұрынғыдай емес, тәуелсіз қимылдарға ара-кідік барып отырады", - дейді ол.

Сондай-ақ маман бүгіндері Ұлттық банктің 9 коммерциялық банктің құнды қағаздарын сатып алғалы жатқанын жеткізді.

"Ұлттық банк тағы да коммерциялық банктерге көмек қолын созуда. Бірақ бұрынғыдай тегін ұстата салу жоқ, оны субординациялық қарыз түрінде беруде. Мысалы, банктің жекеменшік капиталының құрамында екі деңгей болады. Біріншісі - акционерлердің капиталы, екіншісі - субординациялық қарыздар.

Яғни, коммерциялық банктер құнды қағазын сату арқылы Ұлттық банктен алған қарыз ақшаны өзінің жекеменік капиталы ретінде қорғауға, оның табыс әкелуіне мүдделі болады. Ал одан түсетін табыстың бір бөлігі Ұлттық банкке аударылып, қарызды бірден қайтару тетігі іске қосылады", - дейді ол.

1188
Кілт сөздер:
теңге, Ұлттық банк, доллар
Тақырып бойынша
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі 400 мың доллар қымқырғаны үшін айыпталды
Қазақстанда доллар күрт арзандады
Алматыда адвокат 315 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды
Қырғызстан Қазақстаннан 100 млн доллар көлемінде қарыз сұрауы мүмкін
Мемлекеттік қызметшінің телефонына ақша салған әйел 1000 доллар айыппұл төлейді
Теңге, ақша

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады

5223
Жаңа жүйе "бет-әлпетті тану" технологиясы бойынша жұмыс істейді, оның көмегімен төлем картасын да шығаруға болады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді алуға арналған қашықтан биометриялық сәйкестендіру жүйесін іске қосады.

"Қазақстан ұлттық банкі 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін өндірістік пайдалануға қосады. Бұл сервисте "бет-әлпетін тану" технологиясын қолдана отырып, қаржы ұйымына бармай-ақ, қаржылық қызметтерді алу мүмкіндігі көзделген", - делінген хабарламада.

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ, биометриялық сәйкестендірудің көмегімен банкте шот немесе депозит ашып, төлем карталарын шығара алады, кредит алуға да мүмкіндік бар.

"Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында жаңа сын-қатерлерге жауап береді. Қаржы қоғамдастығының сервисті пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді", - деді ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Жаңа сервис банктермен қоса, сақтандыру компанияларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына да қолжетімді.

Ұлттық банк сервисті қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп әзірледі. Жүйе осы жылдың сәуірінде пилоттық режимде іске қосылған болатын. Осы уақыт ішінде биометриялық сәйкестендіру екінші деңгейлі 11 банкке халыққа 2,8 миллион қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Жаңа жүйенің операторы – ұлттық банктің еншілес ұйымы "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" РМК.

5223
Кілт сөздер:
кредит, клиенттер, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк 3 қазаннан кейін кейбір банкноттарды қабылдауды тоқтатады
Ұлттық банк экономикаға қатысты болжамын өзгертті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады
Ақша, теңге, доллар

Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады

640
Шымкенттің валюта айырбастау пунктерінде долларды 432 теңгеге сатып жатыр. Ал Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы 428,35 теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның валюта айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады – қазір ол 430-431 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ал Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы 428,35 теңгені құрады. Демалыс және дүйсенбі күндері ұлттық валютаның долларға шаққандағы ресми бағамы 426,32 теңге болған еді.

Нұр-Сұлтан

Kurs.kz мәліметінше, Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 429,5 теңгеге сатып алынуда, ал 431 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 500 теңгеге сатып алуға болады, сату бағамы – 505-506 теңге.

Рубль 5,45 теңгеге сатып алынуда, ал 5,70 теңгеге сатылып жатыр.

Алматы

Алматының валюта айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 429 теңге, 431 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 502 теңгеге сатып алуға болады, 505 теңгеге сатылуда.

Рубль 5,45 теңге тұрады, ал 5,55 теңгеге сатылуда.

Шымкент

Шымкентте бір доллар орта есеппен 429,5 теңгеге сатып алынуда, 432 теңгеге сатылып жатыр.

Еуроны 501 теңгеге сатса, 505 теңгеге сатып алады.

Рубльді 5,4 теңгеге сатып алуға болады, сату бағасы – 5,55 теңге.

Мұнай нарығы

Brent маркалы мұнай бүгінгі таңда барреліне 42,71 доллар тұрады, барреліне 0,4%-ке төмендегені байқалып отыр.

WTI маркалы мұнай бағасы  – барреліне 40,41 доллар. "Қара алтын" 0,47%-ке арзандады.

640
Кілт сөздер:
айырбастау, доллар
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті