Атом электр станциясы

Алматы облысында атом электр станциясы салынады

304
(Жаңартылды 11:10 04.04.2019)
АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ, деді энергетика министрінің орынбасары

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Қазақстанда Алматы қаласынан үш жүз шақырымдай жердегі Үлкен ауылында атом электр станциясы салынады, деп хабарлады энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев парламент сенатының кулуарында.

Оның айтуынша, АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ қайда салынатыны белгілі болған.

"Біз осы мәселені әрі қарай зерттейміз, бірақ АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Алматы облысында салатын болдық – Үлкен ауылындағы алаңқайда", - деді вице-министр Мырзағалиев.

Оның айтуынша, Қазақстанға ең қолайлы технологияның таңдап алу қажет. Айта кетсек, Үлкен ауылы Балқаш көлінде орналасқан.

Поселок Улкен в Алматинской области
© Photo : Карты Google
Алматы облысындағы Үлкен ауылы

3 сәуірде Мәскеу қаласында болған екі ел президенттерінің кездесуінде Владимир Путин Ресейдің Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынатынын мәлімдеген болатын. Мырзағалиевтің айтуынша, Ресей мен Қазақстан ұзақ жылдар бойы ынтымақтасып келеді, уран өндіру бойынша ортақ жобалары бар.

Бұдан бұрын Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салады деп үміттенетінін айтқан еді.

304
Кілт сөздер:
Қазақстан энергетика министрлігі, Ресей, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Қазақстанда атом электр станциясы қайда салынады?
Астана мен Мәскеу бейбіт атом саласындағы ынтымақтастық туралы келісті
Невада-Семей антиядролық қозғалысына - 30 жыл
Тоқаев Путинмен кездесуінде: Мен алтын ғасырдың президенті болдым
Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды

Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды

25
Қор қазақстандық кәсіпорындарды 3%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қор индустриялық даму мемлекеттік бағдарламасының қаржы операторы мен "Нұрлы жол" – "ҚДБ-Лизинг" АҚ базасында құрылды.

"Қорды құру өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ол қазақстандық кәсіпорындарды 3%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталады", - деп атап өтті министрлікте.

Қор қызметінің негізгі басымдығы – президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылған стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған маңызды міндет өзінің өнеркәсіптік әлеуетін толықтай ашу екенін атап өтті.

Үкімет алдына ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша міндеттер қойылды.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ҚДБ-Лизингпен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын жаңғырту және отандық өндіріс тауарларына деген сұранысты ынталандыру бағытындағы бағдарламаларды іске асырады.

25
құрылыс

Қазақстанда құрылысқа салынатын инвестиция азайды

59
Қазақстанның 13 өңірінде құрылысқа құйылатын инвестиция көлемі қысқарды, деп мәлімдеді сарапшылар

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда құрылыс саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 38,5 миллиард теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың дәл осы кезеңіндегі көрсеткіштен 45,9%-ке төмен.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, бұл осы уақытқа дейінгі ең төменгі рекордтық көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды FinProm.

Инвестицияның азаюы ел аумағының көп бөлігінде – 17 өңірдің 13-інде байқалады. Бірінші орында Атырау облысы тұр, мұнда инвестиция 69,8%-ке, яғни 7 миллиард теңгеге қысқарған.

Бұл ретте, құрылыс секторындағы ауқымды инвестиция Алматыда тіркелген: 7,7 миллиард теңге. Павлодар, Түркістан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ, Алматыда инвестициялық өсім байқалған.

Құрылыс саласын қаржыландырудың негізгі көзі – бизнестің жеке қаржысы.

Бұған дейін Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикадағы құрылыс құнының төмендейтінін хабарлаған болатын. Бұл құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктердің есебінен жүзеге асырылады.

59
Архивтегі фото

Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

0
Қалада тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу өткен, ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмады

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Сәрсенбіде Air Astana ұшағы бір сағат бойы Алматы аспанын айналып ұшты. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі қаланы бірнеше рет айналған.

Әуе компаниясы бұл оқу-жаттығу екенін мәлімдеді.

"Алматы аспанын айналып ұшу кезінде аэродромдық дайындық жасалды, бұл жаңадан келген ұшқыштарға – курсанттар немесе ұшақтың басқа түрлерін басқарған ұшқыштарға арналған ұшу дайындығының бір бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Air Astana баспасөз қызметі.   

Аэродромдық дайындыққа "конвейерден" ретті ұшу (қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында тоқтамай), схема бойынша Алматы әуежайы аймағында айналып ұшу, кейін қонып, екінші айналымға кету кіреді.

"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді

Кадеттің дайындық дәрежесіне қарай, әр ұшқыш күніне төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұшады.  

"Қазіргі таңда жаңа ұшқыштар көптеп келіп жатқанына байланысты мұндай оқу-жаттығу айына 2-4 мәрте өткізіледі", - деп атап өтті Air Astana.  

Мамандар оқу-жаттығу тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін баса айтты. Сонымен бірге бортта жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.  

0
Кілт сөздер:
Алматы, Эйр Астана, ұшақ