Ерболат Досаев

Ұлттық банк: жалақының өсуі инфляцияға әсер етпейді

197
(Жаңартылды 15:06 04.04.2019)
Ұлттық банктің негізгі мақсаты – инфляцияны 4-6% аралығында ұстап тұру

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Халықты әлеуметтік қолдау шараларына байланысты шығыстардың өсуі инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев қаржы регуляторы инфляцияның таргеттеу саясатын жалғастыратынын атап өтті.

"Ұлттық банктің негізгі мақсаты – инфляцияны 4-6% аралығында ұстап тұру. Ұлттық банктің бағалауы бойынша, әлеуметтік қолдауға қосымша қаржының бөлінуіне байланысты шығыстардың өсуі инфляциялық үдерістердің жеделдеуіне айтарлықтай әсер етпейді. Біздің болжам бойынша биыл инфляция мақсатты дәлізде сақталады", - деді Досаев сенаттың жалпы отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, базалық ставка қаржы-несие саясатының негізгі құралы болып қала бермек. 4 наурыздағы жағдай бойынша, базалық ставка 9,25% деңгейінде қалды.

Бұған қоса, Досаев валюта нарығындағы ахуалға тоқталды.

"Валюта нарығында жағдай тұрақты. 2 сәуірде теңгенің айырбас бағамы жыл басынан бері 1,2 процентке нығайып, бір долларына 379,6 теңгені құрады", - деді ол.

197
Кілт сөздер:
Ерболат Досаев, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Зейнетақы қорындағы қаржы бес жылдан соң таусыла ма? Ұлттық банк жауап берді
Ұлттық банк "7-20-25" бойынша қай кезде ипотека берілмейтінін түсіндірді
Ұлттық банк екі ірі сақтандыру компаниясының лиценциясын тоқтатты
Теңге қандай күйде: Назарбаев Ұлттық банк қызметін сынға алды
Тоқаев Ұлттық банк төрағасына теңге бағамына қатысты тапсырма берді  
Ұлттық банк таяуда қандай теңге купюралары айырбасталмайтынын хабарлады
Загрузка...