Қазақ-қырғыз шекарасы

Қазақ-қырғыз шекарасында не болып жатыр: министрлік жауап берді

371
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қарасу" өткізу бекетіндегі жағдайды түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қырғызстаннан шыққан транзиттік тауарлар Ресей шекарасына жетпей, Қазақстан нарығына түседі. Осындай жағдайлар жиілеп кеткен соң, қазақстандық тарап шекарада бақылауды күшейтуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Қуат Рақымов қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қарасу" өткізу бекетінде жүк көліктерінің неге кептеліп тұрғанын түсіндірді. Айтуынша, осы жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік кірістер органы ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, шекарада бақылау жүргізген. Нәтижесінде бірнеше заң бұзушылық анықталыпты. Соның бірі – жанама салықтарға қатысты.

"Егер тауар Қырғызстаннан Қазақстанға тасымалданса, онда олар қосылған құн салығын төлеуі тиіс. Мәселен, құжатта тауар Қырғызстаннан транзитпен Ресейге жеткізіледі деп көрсетіледі. Алайда ол тауар Қазақстан-Ресей шекарасына жетпей, біздің елде қалып қояды. Осы жанама салықтарды өндіру өте өзекті мәселе болып отыр", - дейді Рақымов ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ілеспе құжаттарда көрсетілген тауар мен жүк көлігіне тиелген тауар мүлде екі түрлі.

"Тауар бағасы, саны мен көлемі төмендетіліп көрсетіледі", - деді ол.

Бұған қоса, қырғыз шекарасы арқылы үшінші елдерден Қазақстан аумағына жеткізілетін тауарлардың құны да жоғарылатылады.

"Осыған байланысты біз 27 наурызда шекарадағы бақылауды күшейттік. 27 наурыз бен 4 сәуір аралығында 1080 көлік өткізілді. 114 көлік бақылаудан бас тартып, тауардың ілеспе құжаттары дұрыс емес екенін бірден мойындап, кері қайтты", - деді Рақымов.

Ал Қырғызстанның өзінде өндірілген тауарлар мен құжаттары толық жүк көліктері шекарадан 15-20 минуттың ішінде өтеді.

Қазір, Рақымовтың айтуынша, шекарада 100-150 көлік кептеліп тұр.

"Қарасудағы" жағдай қалай шешіледі?

Қазақстандық тарап Қырғызстан кеден қызметінің басшылығымен екі кездесу өткізген.

"Шекарадағы бақылау шараларын бірлесіп өткізу туралы уағдаластық. Қырғыз тарапы тауардың кедендік құнын төмендету, декларацияға қатысты күдігімізді растады. Осы мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізетін болды. Қазір біздің әріптестеріміз Бішкекте, бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Жақын арада шекарадағы жағдай қалпына келеді деп ойлаймын", - деді Рақымов.

371
Кілт сөздер:
кеден, тауар, қазақ-қырғыз шекарасы
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр
Мәжіліс қазақ-қырғыз шекарасын шегендеу туралы шартты мақұлдады
Нығматулин қазақ-қырғыз шекарасындағы ұзын-сонар кезекті сынға алды
Жантүршігерлік қылмыс жасаған қырғызстандық Қазақстанға өтіп кетпек болған
Үш минут: Қазақстан-Қырғызстан шекарасында тексеріс қалай жүреді?
Загрузка...