Иллюстративті фото

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екенін айтты

3046
(Жаңартылды 19:27 05.04.2019)
Қазақстанның сыртқы борышы 158,8 миллиард АҚШ долларына жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. 2018 жылдың 4-ші тоқсанында Қазақстанның сыртқы борышы экономиканың банктік емес секторы міндеттемелерінің азаюы есебінен 2,5 миллиард АҚШ долларына қысқарды.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 158,8 миллиард АҚШ долларын немесе ІЖӨ-ге шаққанда 93,1%-ті (жыл басынан бері 9,5%-ға жақсарды) құрады, деп хабарлады ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Сыртқы борыштың 63,6%-ін бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25,0%-ін шырмалмаған кредиторлар алдындағы "Басқа секторлардың" сыртқы борышы, 7,8%-ін мемлекеттік сыртқы борыш (үкімет пен Ұлттық банк), 3,6%-ін "Банктер" секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ) алып отыр.

"2018 жылдың 4-ші тоқсанында Қазақстанның сыртқы борышы экономиканың банктік емес секторы міндеттемелерінің азаюы есебінен 2,5 миллиард АҚШ долларына қысқарды. Мемлекеттік сыртқы борыш жалпы сомасы 1,05 миллиард еуроны құрайтын 5 және 10 жылдық тәуелсіз еурооблигациялардың екі траншын шығару есебінен 899,1 миллион АҚШ долларына өсті", - деп түсініктеме берді Ұлттық банк.

"Басқа секторлардың" үлестес емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы 1,6 миллиард АҚШ долларына азайды, ол негізінен, қарыздарды өтеу есебінен, оның ішінде ERG тобы кәсіпорындарының міндеттемелерін қайта қаржыландыру (963 миллион АҚШ долларына азайды), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың "Сбербанк России" ПАО алдындағы (371 миллион АҚШ доллары) және "Қазтеміртранс" АҚ-тың ЕҚДБ алдындағы қарыздарын өтеу есебінен болды.

Фирмааралық берешек ірі кен өндіруші және көлік компанияларының шетелдік тел ұйымдардан тартылған несиені өтеуі нәтижесінде 1,8 миллард АҚШ долларына қысқарды.

Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылдың 4-тоқсанында 560,5 миллион АҚШ долларына азайып, 47,2 миллиард АҚШ долларын құрады.  

3046
Тақырып бойынша
Ұлттық банк қазақстандықтарға долларға қатысты кеңес берді
Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарызын өтеді
Қазақстанның мемлекеттік қарызы төрт есеге жуық өсті
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14,2 триллион теңгеге жетті
"Қарызымыз бастан асады!" Депутат вице-министрдің сөзіне ашуланып кетті
Ақша, теңге

Медициналық сақтандыру қорындағылар қанша жалақы алатыны белгілі болды

105
(Жаңартылды 16:11 11.08.2020)
Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырдған болатын. Оның орнына Болат Төкежанов келді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Медициналық сақтандыру қоры басшылық пен қызметкерлердің жалақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қордың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, орталық аппаратта 230 қызмет бар. Ал облыстық филиалдарда 620 маман жұмыс істейді. 

"Штаттық кестеге сәйкес, басқарма мүшелерінің жалақысы, соның ішінде басқарма төрағасының еңбекақысы салықтық төлемдерді есептемегенде 850 000 теңгеден басталады", - дейді мамандар.

Ал басқа қызметкерлердің айлықы үш-бес есеге төмен. Олар: 

  • менеджер – 170 000 теңгеден жоғары; 
  • аға менеджер – 250 000 теңгеден жоғары;
  • әкімшілік басқару персоналы –  300 000 теңгеден жоғары.

Биыл медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге жоспар бойынша 5,7 миллиард теңге қарастырылған.  

"Жаңа басшылықтың шешімі бойынша қызметкерлер штатын ұстауға кететін шығындардың оңтайландыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңде 119 миллион теңге көлемінде жалақы шығындары қысқартылады. Бұдан бөлек, қордың ұйымдастырушылық құрылымына талдау жасалуда", - дейді қор қызметкерлері. 

Сондай-ақ, PR шығындары – 102 миллион тенгеге, IT-қызметтері – 180 миллион теңгеге, кеңсе жалдау 95 миллион теңгеге, іс-сапар шығындары – 100 миллион теңгеге, баспа қызметтері 31 миллион теңгеге қысқартылды. Ал жиһаз бен кеңсе техникасын сатып алу сияқты күрделі қаржы шығындары 277 миллион теңгеге азаяды. Жалпы, барлық шығын 1 миллиард теңгеге азаяды деген жоспар бар.

Бұрынғы басшы төңірегіндегі шу 

Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұлов осы қызметке өткен жылы тағайындалған болатын. Биыл шілде айында оның жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты елдің ашуын туғызды. Әйел күйеуінің өзіне "он екінші көлік сыйлағанын" жазған. Жұмағұловтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Соған қарамастан, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырды. Оның орнына Болат Төкежанов келді. 

МӘМҚ жүйесі Қазақстанда 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Бірінші сәуірде жарна төлеу бойынша жеңілдік кезеңі ұзартылды. Сол аралықта әрбір азамат өз мәртебесін анықтап, жарна төлеп, қор қатысушысы болуға міндеттелді.

Айта кетсек, қазіргі таңда шағын және орта бизнес 2020 жылдың бірінші қазанына дейін қорға жарна төлеуден босатылды. Алайда жұмыс беруші мемлекеттік кірістер комитетіне қызметкерлер тізімін ұсынуға міндетті.

105
Кілт сөздер:
жалақы, медициналық сақтандыру қоры
Тақырып бойынша
"Он екі көлігі бар": Айбатыр Жұмағұлов желіні шулатқан жазбаға жауап берді
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры мекемелерге алты ай ішінде 4,6 миллиард теңге айыппұл салған
Ақша

БЖЗҚ 24 миллиард теңгеге жуық қарызын қайтарып алды

125
(Жаңартылды 16:16 11.08.2020)
Қор өкілдерінің дерегі бойынша биылғы тамыз айындағы эмитент қарыздардың жалпы сомасы 46,33 миллиард теңгені құрайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы шілде айының соңындағы жағдай бойынша 23,634 миллиард теңгені құрайтын қарызын қайтарды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Қор өкілдерінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс зейнетақы активтерін жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан БЖЗҚ-ға берген сәттен бастап жүргізілуде.

"2014 жылы БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін беру аяқталған кезде қорда 32 проблемалық эмитент болды және олардың берешегі номиналды құны бойынша 161,45 миллиард теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде дефолтқа жол берген 19 эмитентке қатысты берешекті қайтару бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Олар үш топқа бөлінген:

  •  оңалту рәсімі қолданылған эмитенттер. Аталған эмитенттердің номиналды құны бойынша берешек сомасы – 15,80 миллирд теңге.
  •  талап-арыз жұмысы/атқарушылық өндіріс жүзеге асырылатын эмитенттер. Аталған топтың номиналды құны бойынша берешек сомасы – 13,03 миллиард теңге.
  •  банкроттық/мәжбүрлеп тарату рәсімі жүзеге асырылатын эмитенттер. Бұл топтың номиналды құны бойынша берешек сомасы – 17,5 миллиард теңге.

Жалпы, биылғы тамыз айындағы мәліметтер бойынша, жоғарыда аталған эмитент қарыздардың жалпы сомасы 46,33 миллиард теңгені құрайды.

Ал 2020 жылғы шілде айының соңындағы жағдай бойынша БЖЗҚ ағымдағы қарызынан 23,634 миллиард теңгені қайтарды.

Оқи отырыңыз: "Екі жерде екі түрлі соманы көрсетеді": зейнетақы қоры түсініктеме берді

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары БЖЗҚ-мен бірлесіп, 12 эмитентке қатысты қылмыстық іс жүргізуде.

"Айта кетейік, бүгінде "Имсталькон" АҚ және "РЭМИКС-Р" АҚ бұрынғы басшылары мен акционерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталып, материалдар сот қарауына жіберілді", - деп атап өткен БЖЗҚ хабарламасында.

125
Кілт сөздер:
теңге, қарыз, зейнетақы
Тақырып бойынша
Чилиде зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат етілді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады
Қазақстанның зейнетақы қоры 174 мың адамды іздеп жатыр
Қазақстанның зейнетақы қоры кімдердің шотына ақша түспей жатқанын мәлімдеді
Зейнетақы қоры шоттағы ақшасының азайғанына алаңдаған қазақстандықтарға жауап берді
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0