Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев халықтың тұрмысын жақсарту мемлекеттің бірінші міндеті екенін айтты

3946
(Жаңартылды 16:42 29.04.2019)
Елордада Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXVII сессиясы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Мемлекеттің бірінші міндеті – әр азаматқа отбасын асырау үшін жағдай жасау. Бұл туралы бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаев қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту үшін өзінің тапсырмасымен бірнеше әлеуметтік шара қолға алынғанын атап өтті. Атап айтсақ, жалақысы төмен екі миллион жұмысшы үшін салық төмендетіліп, бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы артты. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға ерекше назар аударылып келеді.

"Біз өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту саясатын жалғастырамыз. Бұл ең бастысы. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің нөмірі бірінші міндеті – әр азаматқа отбасын асырау үшін жұмыс ұсыну. Ана мен әкеге жақсы жалақы беріп, жағдай жасап, әлеуметтік көмек көрсетілуі керек", - деді президент.

Елбасының айтуынша, елімізде біраз дүние жасалып жатыр.

"Бірақ өзіміз жасаған дүниенің бәрін байқай бермейміз. Мүмкін, біздің жақсы өмір сүруге үйреніп келе жатқанымыздың өзі жақсы шығар", - деді Назарбаев.

Айта кетсек, елордада Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXVII сессиясы өтіп жатыр. Биылғы сессияның тақырыбы – "Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру".
Сессия жұмысына ҚХА-ның 487 мүшесі қатысып отыр.

3946
Кілт сөздер:
Назарбаев
Тақырып бойынша
"Сізді бүкіл әлем біледі" Назарбаев Джеки Чанмен кездесті – фото
Елордада Назарбаевтың төрағалығымен ҚХА сессиясы басталды
"Қайда қарап отыр?!" Асылы Осман қазақ тілінің дамымай жатқанына кім кінәлі екенін айтты
Назарбаев Қытайға не үшін барғаны белгілі болды
Назарбаев: билікті қолдан шығарып алсақ, тәуелсіздіктен айырыламыз
Загрузка...