Банк карталары

Қазақстанның үш банкі біріктірілмек

2584
AsiaCredit Bank пен Capital Bank Kazakhstan Tengri Bank-ке қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Қазақстан қор биржасы (KASE) үш банк – Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan ерікті түрде қайта құрылатынын хабарлады.

Шешім 31 мамырда акционерлердің бірлескен жалпы жиналысында қабылданады.  

"Қайта құру "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)"АҚ мен "Capital Bank Kazakhstan"АҚ-ның "Tengri Bank"АҚ-ға қосылуы түрінде өтеді", - деп жазылған KASE сайтында жарияланған ақпаратта.

31 мамырдағы жиналыста банктерді біріктіру туралы шарт, акциялардың айырбас коэффициенті бекітіледі, сондай-ақ акцияларды сатып алу  тәртібі мен мерзімдері анықталады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады 

Айта кетейік, 2018 жылдың шілдесінде Қазақстандағы екі ірі банк – Halyk bank пен Qazkom-ды біріктіру аяқталды. Qazkom-ның барлық мүлкі, құқығы мен міндеттемесі "Халыққа" берілді.

2584
Кілт сөздер:
Қазақстан, банк
Тақырып бойынша
Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екенін айтты
Қазақстан Қытайдан қанша қарыз алады – парламент заң қабылдады
Ұлттық банктің жаңа төрағасы Досаев мәлімдеме жасады
БЖЗҚ басшысы ауысты: зейнетақы қорын енді кім басқарады?
"Астана банк" салымшыларына ақшасын қайтара бастады – бөлімшелерде не болып жатыр
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшасы баспана салуға жұмсалуы мүмкін
Загрузка...