Экономика

АҚШ компаниялары Қазақстанды сотқа берген: 180 млн долларлық іске нүкте қойылды

© Fotolia / Alan Crosthwaite АҚШ соты
АҚШ соты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2010 жылдан бері жалғасқан сот ісі енді ғана шешімін тапты

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі мен америкалық компаниялар арасындағы сот ісі Қазақстанның пайдасына шешілді, деп хабарлайды әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

2019 жылы 26 сәуірде Колумбия округінің соты (АҚШ) америкалық компаниялардың - Turan Petroleum, Inc. (Делавэр штаты), Energyfund, Inc. (Колумбия округы) және Trustees for Trek Resources, Inc. (Невада штаты) – Қазақстанның энергетика министрлігіне қарсы 180 миллион АҚШ долларынан асатын талап арызын қабылдамады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Қытайдан қанша қарыз алды - парламент заң қабылдады

Талап арызға сәйкес Арыс және Арал мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану туралы келісімшарттардың талаптары бұзылыпты. АҚШ пен Қазақстан арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім ("Екіжақты инвестициялық келісім") бойынша арызданушылардың құқығы бұзылып, міндеттер орындалмаған, заңсыз жолмен пайда табу, сондай-ақ деректерді бұрмалау және жұмысқа деген салғырттық орын алыпты.

Сот бұл істі АҚШ-тың "Шетелдік тәуелсіз иммунитеттер туралы" заңы бойынша қабылдамады. Колумбия округтік сотының шешіміне сәйкес бұл дауға қатысты Қазақстан ұстанымының дұрыстығы толығымен расталып, сотта елдің энергетика министрлігі жеңіп шықты.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда атом электр станциясы салына ма?

Жаңалықтар
0