Экономика

"Қазмұнайгаз" басшысы президентке IPO-ға дайындық туралы баяндады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазмұнайгаз ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады
 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмұнайгаз" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 4 айдың ішінде атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

Айдарбаев президентке ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, компанияның IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.

Тоқаев басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Президенттің тапсырмасы: әкімдер телефондарын көтермей жатыр

Сонымен қатар, мемлекет басшысы корпоративтік басқару ісін дамыту, ұлттық компанияға білікті жас мамандарды тарту қажеттігін айтты.

Жаңалықтар
0