Нұрсұлтан Назарбаев

"Ұят": Назарбаев ЕАЭО елдеріне ұсыныс айтты

21474
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев импортталатын тауарларға талдау жасау керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО елдерін халық тұтынатын тауарларды импорттамай, өзі шығаруға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаев импортталатын тауарларға талдау жасау керектігін айтты.

"Жақында мен бұл жайлы ойландым, сөйтіп қазақстандық құрылымды қарап шықтым. Инфляцияның 50 проценті осы тауарлардың импортынан келіп отыр. Ал егер импортталатын тауарларға зер салсақ, мұның бәрін өзімізде өндіруге болады. Мәселен, халық тұтынатын тауарлар: туфли, шұлық, костюм, жейде, тіпті азық-түліктің өзін шетелден тасимыз. Сүт, ет өнімдерін импорттаймыз. Бірақ, былай қарасақ, осының барлығы өзімізде өндіріледі ғой. Неге енді өз елімізде шығармасқа?!", - деді Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитінде.

Тағы оқыңыз: Путин Назарбаевқа жаңа мәртебе не үшін берілгенін түсіндірді

Ол ЕАЭО елдерінде қандай тұтыну тауарлары шығарылатынына талдау жасайтын комиссия құру қажеттігін атап өтті.

"Мысалы, сүт Беларусьте, Ресейде, бидай Қазақстанда өндіріледі дегендей. Әскерилерге арналған киімнің өзін импорттаймыз. Ұят", - деді Назарбаев.

Тұңғыш президент одаққа қатысушы елдердің барлығын біріктіретін жобалар қажет екенін алға тартты. Мәселен, Еуропа одағындағы Airbus концерні сияқты.

"ЕАЭО-да өндірістік және техникалық әлеует жағынан маңызды рөлді Ресей алатынын мойындау керек. Алайда сол Airbus ұшақтары Еуропаның көп елінде шығарылады. Қосалқы бөлшектері әр жерде бар, барлық ел тартылған, барлығы ақша тауып, жұмыс орындарын ұсынып отыр. Осындай жоба туралы бізге неге ойланбасқа?", - деді Елбасы.

Назарбаев біздің елдерге жақын ара қашықтыққа ұшатын ішкі өңірлік ұшақтар жетіспейтінін атап өтті.

"Біз оларды өзіміз шығара аламыз. Ауыл шаруашылығына да авиация жетіспейді", - деді тұңғыш президент.

Тағы оқыңыз: Назарбаев ЕАЭО саммитінде: сіздерге пайдамды тигізуге тырысамын

Сөз соңында Елбасы осы және өзге де бастамаларды ескере отырып, 2025 жылға дейін жол картасын әзірлеуді ұсынды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммиті өтті. ЖЕЭК отырысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына орайластырылған.

Алқалы жиынға Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Молдова президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон қатысты.

Тағы оқыңыз: Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы қашан өтеді?

21474
Кілт сөздер:
ЕАЭО, Назарбаев
Тақырып бойынша
ЕАЭО-ға 5 жыл: бүгін Нұр-Сұлтанда одақтың мерейтойлық саммиті өтеді
ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитінде Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді
Нұр-Сұлтандағы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы – видеотрансляция  
Лукашенко басқа елдер ЕАЭО-мен ынтымақтасудан неге қорқатынын айтты
Мұнай бұрғылау қондырғысы мен ОПЕК таңбасы

Қазақстанның ОПЕК+ келісімі аясында қалай жұмыс істеп жатқаны айтылды

35
Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан келісім міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК+ хатшылығына жолдаған

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында қабылданған міндеттемелерді орындап жатыр. Келісімге сәйкес, Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,319 миллион баррельді құрайды. Бұл жайында энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, шілде айында орташа тәуліктік өндіру тәулігіне 1,313 миллион баррель немесе міндеттемелердің 101%-ін құрады.

Министрліктің хабарлауынша, республика келісімнің міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК+ хатшылығына жолдады.

Айта кетейік, Қазақстан сәуір айында ОПЕК+ қатысушы елдер арасында 2020 жылдың мамыр-шілдесінде мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін ұжымдық қысқарту туралы келісім бойынша жаңа міндеттемелерге қосылды.

"ОПЕК+ келісіміне қатысу сұраныспен ұсыныс теңгерімін және мұнай бағасын қалпына келтіруге бағытталған. Қоймаларда мұнайдың толып кету қаупін болдырмау үшін энергетика министрлігі орта, ірі және алып кен орындарында өндірісті шектеу туралы шешім қабылдаған болатын", - делінген ақпаратта.

Мәмілеге қатысу арқасында нарықтың барлық қатысушысы мұнай өндірудің бақылануына және біртіндеп төмендеуіне қол жеткізді. Бұл әлемдік мұнай саласына оң әсеретті, деп толықтырды ведомство.

Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы төмендеуінің себебі айтылды

35
Кілт сөздер:
мұнай бағасы, мұнай
Тақырып бойынша
"Өте ауыр жағдайға түсеміз": мұнай саласының маманы коронавирустың салдары туралы айтты 
Ноғаев: ОПЕК+ келісіміне қосылудың нәтижесінде мұнай өндіру тоқтаған жоқ
Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды – министр
"Мұнай дәуірінің" аяқталып келе жатқаны рас па
Энергетика министрі эпидемия мұнай саласына қалай әсер еткенін айтты
Ақша, дәрі

Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді

81
(Жаңартылды 12:48 05.08.2020)
Қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қандай жағдайда сақтандырылмай қалуы мүмкін және бұл мәртебені өзгерту үшін не істеу керек

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде кейбірінің сақтандырылмағанын, яғни  медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылғанын талқылап жатыр.

Медициналық сақтандыру қоры азаматтың үнемі жарна салып отырғанына қарамастан, не себепті мұндай жағдай туындап отырғанын түсіндірді.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы" заңның 5-бабына сәйкес, МӘМС жүйесіне жарналар ай сайын, қарызсыз түсіп отыруы тиіс. Бұл ретте әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем тікелей емес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы түседі. Төлем бірқатар тексеруден өтеді", - делінген медициналық сақтандыру қоры хабарламасында.

Демек, қандай да бір берешек анықталған жағдайда сақтандыру мәртебесі берілмейді. Сонымен қатар бірыңғай жиынтық төлем де тексеруден өтеді.

Төлем қалай тексеріледі

"Saqtandyrý" ақпараттық жүйесіне мемлекеттік корпорациядан төлем туралы деректер түскен кезде сол төлемнің түрі анықталады, яғни БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) немесе БЖТ емес екені нақтыланады.

Содан кейін тұтынушыда алдыңғы 12 кезеңде берешектің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Берешек болған жағдайда сақтандыру мәртебесі берілмейді, бұл төлемшінің кез келген санатына қатысы бар.
Егер қарыз болмаса және төлем түрі БЖТ емес болса (яғни жеке кәсіпкер, жалдамалы қызметкер, жеке төлемші жарнасы), сақтандыру мәртебесі келесі үш айға беріледі. Алайда берешекті болдырмау үшін келесі айларда МӘМС үшін жарна төлеуді жалғастыру қажет.

Егер берешек жоқ болса және бірыңғай жиынтық төлем болса, онда өткен екі ай үшін БЖТ төлемдерінің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Егер олар болса, сақтандыру мәртебесі сол айдың соңына дейін беріледі. Олар болмаған жағдайда сақтандыру мәртебесі берілмейді.

Төлем түскен сайын Saqtandyrý жүйесі 12 ай ішінде төлемшінің барлық жарнасының сақтандыру мәртебесін қайта есептейді.

Қордағы мәртебені қалай өзгертуге болады

Егер азамат өзінің "сақтандырылмағанын" анықтаса және оның берешегі болса, "Азаматтарға арналған үкіметке", медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі әкімшілік басқармасына (МӘМС мәселесі бойынша) жүгінуі қажет: 8 (7172)55 21 00, ішкі нөмір 10-537, 10-452, 10-292, 10-437.

Төлемдердің болуы немесе болмауы туралы, сондай-ақ 12 күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырылған қайтарымдар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" порталында "медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" электрондық мемлекеттік қызметіне тапсырыс беріп біле алады.

Сонымен қатар азамат "сақтандырылмаған" болса, Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы тексеруге болады.

МӘМС жүйесі Қазақстанда 1 қаңтардан бастап толық күшіне енді. Жұмыс берушілердің медициналық сақтандыру қорына аударымдары 2017 жылдың шілдесінде әрбір қызметкердің өз қаражаты есебінен кіріс мөлшерінің 1%-ін аударудан басталды.

2019 жылы жұмыс берушілер әр қызметкер үшін 1,5%, 2020 жылы 2% және 2022 жылы 3% аударады. Бұл сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкер және шаруа қожалығы иелеріне де қатысты.

81
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, медициналық сақтандыру қоры
Тақырып бойынша
Медициналық сақтандыру қорының басшылығы қанша жалақы алады?
Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?
Медициналық сақтандыру қоры енді әрбір науқасқа 1,7 миллион теңгеге дейін бөледі
Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
WhatsApp мессенджері

"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады

0
(Жаңартылды 19:46 05.08.2020)
Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30 шілдеде ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды 

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

0
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Мемлекет басшысы саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті
Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді
Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды  
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді