Азат Перуашев

Перуашев мемлекеттің ақшасына шалқып өмір сүргісі келетін шенеуніктерге шүйлікті

273
Депутаттың айтуынша, мемлекет ақшасына зәулім үй, қымбат автокөлік, тіпті эбен ағашынан жасалған бағалы жиһаз сатып алатын шенеуніктер бар

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бюджет қаражатын оңды-солды шашатын шенеуніктерге бизнеске баруға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ақ жол" фракциясының пікірінше, ұлттық қордағы қаражатты үздіксіз пайдалану мен бюджет шығысының кірістен ұдайы артық болуына экономикалық базаның артта қалуы себеп болып отыр.

"Сарапшылардың мәліметінше, Ұлттық қордың шығысы кірістен кезекті рет асып түсті, яғни бюджеттің қазіргі әкімшілері өздеріне емес, болашақ ұрпаққа тиесілі ақшаны жеп жатыр деген сөз", - деп ашуланды депутат.

Перуашевтың айтуынша, мұнымен бірге мемлекеттік қарыз мөлшері де ұлғайып барады.

"Мұнымен қоса, мемлекеттік және кепілдендірілген мемлекеттік борыштың едәуір өсіп жатқаны таңғалдырады. Осыдан-ақ, біздің мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ақшаны оңды-солды шашып жатқанын байқауға болады, бұл әдет түбегейлі қайта қарауды қажет етеді", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық шенеуніктер 123 миллиард теңгені тиімсіз жұмсаған

Осы орайда мәжілісмен "Ақ жол" фракциясының араны ашылған шенеуіктердің мәселесін талай рет көтергенін еске салды. Оның ішінде мемлекет ақшасына зәулім үй, қымбат автокөлік, тіпті эбен ағашынан жасалған бағалы жиһаздарға дейін сатып алған жергілікті бастықтар бар.

"Осымен доғарарсыздар, мүмкін. Шалқып өмір сүргілеріңіз келсе, бизнеске барып, ақша табыңдар, ал мемлекеттік қызметкер халық ақшасының әр тиынын үнемдеуі қажет", - деп кеңес берді Перуашев.

273
Кілт сөздер:
шенеуніктер, Азат Перуашев
Тақырып бойынша
Шенеуніктің 7-сыныпта оқитын баласы 2 млн теңгеден астам табыс тапқан
Тоқаев жемқорлық туралы: мемлекеттік орган басшылары отставкаға кетуі керек
Баласын жұмысқа алған маңғыстаулық әкімге сөгіс жарияланды
Тоғыз пәтерді заңсыз иемденген: Петропавлда шенеунік әйелдер сотталды
Загрузка...