Жанармай бекеті

"Артығымен өндіріліп жатыр": Қазақстан бензинді қай елдерге сатады?

417
Энергетика министрінің айтуынша, отандық бензин Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерге тасымалданады

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан бензинді қай елдерге тасымалдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда бензин артығымен өндіріліп жатыр. Сол себепті отандық мұнай өнімдерін экспортқа шығаруға шешім қабылданды. Осы жұмысты келесі аптадан бастап қолға алу жоспарланып отыр.

"Кеше есеп бергенімде мені дұрыс түсінбеген сияқты. Қазақстандық бензин Қырғызстан мен Беларуське тасымалданады деп жазылды. Негізі, келіссөздер әлі аяқталған жоқ. Олар кейбір мәселе бойынша өз келісімін берген жоқ", - деді Бозымбаев бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Министрдің сөзіне қарағанда, Еуразиялық экономикалық одақ аясында мұнай өнімдерін тасымалдауға қатаң талап қойылады. Себебі ондай тауарлар салықсыз тасымалданады. Ал мұндай жағдайда реэкспорт, яғни бензинді одаққа кірмейтін басқа елдерге тиімді бағамен сатып жіберу қаупі бар. Осыған байланысты Қазақстан одаққа мүше елдерге мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде екіжақты келісімдерді ресімдеуге мүдделі. Бұл құжаттарда барлық қауіп-қатерлер ескеріледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстан жақын күндері алыс шетелге бензин сата бастайды - Бозымбаев

"Келіссөздер әлі аяқталған жоқ. Ал бензинді тасымалдауды біз мүлдем басқа мемлекеттерден бастаймыз. Ол елдер Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейді. Бұл - Орталық Азия мен Еуропа мемлекеттері. Оларға Атырау мұнай өңдеу зауытының бензині жеткізіледі", - деп атап көрсетті Бозымбаев.

Министр Орталық Азияда отандық бензинді тасымалдау бағыттарын да атады. Олар - Өзбекстан мен Тәжікстан. Одан ары қарай Ауғанстанға жеткізіледі деген жоспар бар. Бүгінде ай сайын шетелге шығарылатын бензиннің көлемі де белгілі. Мәселен, АИ-92 маркалы бензин 60-70 мың тонна болса, АИ-95-тің көлемі бастапқыда 10-15 мың тонна шамасында болады.

"Жалпы, қазір Қазақстанда өндірілетін мұнай өнімдерінің 20 проценті экспортқа шығарылса, қалған 80 проценті ішкі нарықта қалады", - дейді Бозымбаев.

417
Кілт сөздер:
тасымалдау, Еуразиялық экономикалық одақ, Қазақстан энергетика министрлігі, бензин
Тақырып бойынша
Бозымбаев бензиннің неге арзандап жатқанын түсіндірді
Қазақстан биыл бензин экспорттауды бастайды
Тоқаев: Мұнайға ғана сеніп, өмір сүруге болмайды
Процент таңбасы

Халықтың кредиті кешіріле ме экономистер жауап берді

7087
(Жаңартылды 18:05 19.09.2020)
Мамандардың пікірінше, кредит алғандардың көбісі ақшаны тойға, смартфон немесе тұрмыстық техника алуға жұмсаған

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Тура бір жыл бұрын дәл осы уақытта Тоқаев тапсырған кредиттік рақымшылық науқаны аяқталып жатқан еді. Ол кезде қиын жағдайға тап болған көптеген адамның 300 мың теңгеге дейінгі қарызы кешірілді. Кредиттің айыппұлдары мен өсімпұлдарын да алып тастады. Осы жолы коммунист депутаттар тағы кредиттік рақымшылықты өткізу керек деп санайды. Себебі, коронавирустың салдарынан халық қайтадан қиын жағдайға тап болды. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген экономистер кредиттік рақымшылықтың тиімділігі туралы айтты. Ал ең бастысы, "Үкімет тағы халықтың кредитін кешіре ме, жоқ па?" деген сұраққа жауап беріп көрді.  

Үкімет кешіруі мүмкін, бірақ...

GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық мемлекетте халықтың кредиттерін толығымен кешіруге мүмкіндік жоқ деп санайды. Себебі, бүгінде тұтынушылық несиелердің көлемі аз емес.

"Өткенде тұтынушылық кредиттердің жалпы көлемі 4,5 триллион теңге болған. Жалпы биылғы бюджет шығындары 14 триллионға жетті. Демек, халықтың қазіргі кредиттері соның үштен бір бөлігі болып тұр ғой. Ал шығындардың ішінде жол жөндеу, аурухана мен мектеп салу, әлеуметтік төлемдер және тағы басқа қаражат түрлері бар. Осының бәрін тоқтатып қойып, кредит кешірген қисынсыз. Мемлекетте тұтастай халықтың кредитін кешіріп тастауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан үкімет ондай қадамға бара алмайды", - дейді Халық.

Маманның ойынша, кредит алғандардың көбісі ақшаны тойға, смартфон немесе тұрмыстық техника алуға жұмсаған. Енді осы кредиттердің бәрін бюджет есебінен жауып тастаған дұрыс емес. Дегенмен, үкімет бұған дейінгі рақымшылық сияқты қарыздың бір бөлігін кешіруі мүмкін. 

"Меніңше, үкімет осы жолы да кредиттік рақымшылыққа баратын сияқты. Бірақ өткен жылдың көлемі болатын шығар. Одан сәл көбірек болуы да мүмкін. Мысалы, былтыр 300 мың теңгеден жалпы 105 миллиардтың кредиті кешірілсе, осы жолы 200 миллиардтан аса қоймайтын тәрізді", - деп атап көрсетті Халық.

Кредитті кешіруді әдетке айналдырған дұрыс емес

Экономист мамандар осы бастаманың саяси астары да бар деп санайды. Себебі алда – мәжіліс сайлауы. Саяси доданың алдында партиялар ұпай жинауға тырысады. Үкімет те өз беделін түсірмеуге күш салады.

"Иә, үкімет ұпай жинау үшін осы бастамаға баруы мүмкін. Бірақ экономист ретінде айтарым, ондай шараны өткізген дұрыс емес. Себебі, мемлекет халықтың кредитін кешіре берсе, халық оған үйреніп қалады. "Бәріне бірдей кешірсін! "деген талап қояды. Сөйтіп, адамдар кредитін төлемей жүре береді", - дейді Халық.

Маманның ойынша, жас ұрпақ та "кредит алуға болады екен, артынан оны мемлекет жауап береді" деген көзқараспен өседі. Болашақта ондай психологияның салдары көп болады.

"Мысалы, Грузия халықтың кредитін 500 миллиард теңгеге кешірді. Сонда былтыр біз кешірген сомадан бес есе көп болып тұр ғой. Бірақ Грузияның кешірген кредиттері ұзақ уақыт бойы төленбей қалған проблемалық қарыздар екен. Соның бәрін банктың есепшотында ұстаған тиімсіз. Сол себепті бәрін кешіре салған", - деп атап көрсетті Халық.   

Қосымша қаржы көздері бар

Ulagat Consulting Group компаниясының директоры, экономист Марат Қайырленов та кредиттік рақымшылықты өткізуге болады дейді. Бірақ коммунистер ұсынған қаржы көздерін іске асырған қиын. Мысалы, олар артық табыс пен мұраға қалған мүліктің салығын арттырып, соның есебінен кредиттерді кешіруге болады деп санайды.

"Қазіргі салықты уақытында жинай алмай отырғанда оның көлемін тағы арттырған қиын болатын сияқты. Сосын депутаттар шетелдік IT-компаниялардан 3 проценттік цифрлық салық жинайық дейді. Оны да іске асыру оңай емес. Негізі, ондай бастаманың пайдасынан гөрі зияны көп", - дейді Қайырленов.

Бұдан бөлек, коммунистер жеке тұлғалар мен компанияларға шетелге ақша аударғаны үшін 10 проценттік дифференциалды салық салып, одан түскен ақшаны да кредиттік рақымшылыққа жіберуді ұсынып отыр. Экономист Марат Қайырленовтың ойынша, ондай бастама шетелдік инвесторлар үшін тиімсіз болады. Негізі, қосымша қаржы көздерін басқа жерден де табуға болады.

"Мысалы, екі жылдай бұрын қаржы министрлігі Қытаймен арадағы саудаға қатысты екі жақты статистиканы салыстырып көрген. Сол кезде 1 триллион теңгенің айырмашылығы бар деп айтқан. Демек, осы ақшаға 20 процентік салық салған күннің өзінде бюджетке жылына 200 миллиард теңге түсетін еді. Басқа елдермен сауда-саттықта да өзара есептің айырмашылығы көп. Соның бәрін анықтап, салық салса, кредиттік рақымшылыққа жететін біраз ақша шығады", - деп атап көрсетті Қайырленов.

Осы орайда ол экономист Айман Тұрсынханның Алматыдағы базарларға жүргізген зерттеуін де еске алды. Мамандар бір базардың өзінде миллиардтаған доллардың айналымда жүргенін анықтаған. Ал бюджетке төленген салықтың көлемі мардымсыз.

Оқи отырыңыз: "Сіздің атыңыздан кредит алады": алаяқтардан қалай қорғану керек

"Сонда экономиканың дәл осы секторынан салық мүлдем түспейді деуге болады. Міне, осы жерден қосымша қаржы көздерін табуға болады. Соның есебінен кредиттік рақымшылықты өткізуге мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті Қайырленов.

7087
Кілт сөздер:
ақша, кредит
Тақырып бойынша
Мемлекет басшысы кредит алғандарға қатысты тағы бір тапсырма берді
42 500 теңге алғандарға кредит берілмей ме – қаржы министрлігі жауап берді
Кредит төлемі кейінге шегеріледі: Мамин тапсырма берді
Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды
Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды
Портфель, архивтегі сурет

Қазақстандық депутаттың заңсыз әрекеті әшкереленді видео

2130
(Жаңартылды 17:55 18.09.2020)
Күдікті үйқамаққа алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі депутатты ұстау сәтінің видеосын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тараз қаласында мәслихат депутатының парамен ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәслихат депутаты әрі әкімдікке қарасты ЖШС директорына қатысты тергеу шараларын бастады.

"Ол құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жалпы қамқорлығы үшін ақшалай қаражатты жедел аударғаны үшін заңды тұлға басшысынан қол астындағы қызметкері арқылы 1,5 миллион теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді Биғайдаров онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департамент басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шенеунік өз орынбасарын қызметке тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталып отыр.

Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға шешім шығарды.

2130
Кілт сөздер:
видео, депутат, Қазақстан
Тақырып бойынша
Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Облыс әкімінің орынбасары ұсталды – агенттік түсініктеме берді
Нұр-Сұлтанда шенеунікті ұстау сәтінің видеосы жарияланды
Алматыда төрт лауазымды полицей қызметінен қуылды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0