Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мен Бақыт Сұлтанов

Тоқаев жаңа министрге қандай тапсырма берді?

163
(Жаңартылды 17:42 27.06.2019)
Президент Бақыт Сұлтановқа шетел нарығында қазақстандық тауарларды ілгерілету жұмысын күшейтуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады.

Еске сала кетсек, жаңа министрлік президент жарлығымен осыдан он күн бұрын құрылған болатын.

Кездесу кезінде Тоқаев жаңа ведомствоның жұмысы туралы айтты.

Президент Бақыт Сұлтановқа бірқатар міндет жүктеді. Мемлекет басшысының айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруге мән беру керек. Сондай-ақ, Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ, Қытай және Орталық Азия нарықтарында тауарларымызды ілгерілетуге күш салу қажет екенін айтты.

Тоқаев экспортқа шығарушыларды қолдау үшін оларға көрсетілетін қызмет түрлерін "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізу мәселесіне тоқталды.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың жарлығы: кредит қалай және қашан өтеледі

Президенттің айтуынша, ішкі нарықты қорғау және оны сапалы тауарлармен толтыру ел экономикасының дамуына тікелей байланысты.

"Сондықтан, заманауи форматтағы нарықты дамыту және ақшасыз төлем механизмін кеңейту мәселелері бойынша жергілікті атқару органдарымен өзара іс-қимылдар жүргізу маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

163
Кілт сөздер:
Бақыт Сұлтанов, министр, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеуді тапсырды
"Заңмен қатаң жазаланады" – Тоқаев Арыстағы жарылысқа кінәлілер туралы
Тоқаевтың жарлығы: кредит қалай және қашан өтеледі
Бақыт Сұлтанов әкім болған 9 айдың ішінде не істеп үлгерді
Бақыт Сұлтанов жаңа министрлікті басқарады
Загрузка...