Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев шетелдіктердің үлесі бар компаниялардағы жалақы жайлы пікір білдірді  

3334
Ұлттық табысты әділ бөлу мемлекеттің маңызды міндеті саналады, деп атап өтті Қазақстан президенті

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Шетелдік инвесторлардың үлесі бар қазақстандық компанияларда табыс әділ бөлінуі тиіс. Бұл туралы  президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Адам – кез келген компанияның басты байлығы. Кəсіпорын кірісі өскен сайын қызметкерлердің табысын соған сай арттыруды қамтамасыз ету маңызды. Ол əлеуметтік жауапкершіліктің басты элементі. Бұл отандық та, шетелдіктердің үлесі бар компанияларға да қатысты. Ұлттық табысты әділ бөлу – кез келген мемлекеттің басты міндеті", - деді Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысын жаба отырып.

Қазақстанның алдында қандай міндеттер тұр

Мемлекет басшысы Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, колледждердің әлсіз материалдық-техникалық базасы мен білікті оқытушылардың жетіспеушілігі негізгі проблема болып отыр.

"Бүгінде қазақстандық жұмыс берушілердің 70% колледж түлектерінің дағдысына қанағаттанбайды. Бұл оқу орындарындағы білім сапасының деңгейі әлі де төмен екенін білдіреді", - деп толықтырды  ол.

Тоқаев жоғары білімнің кәсіпорындармен, бизнеспен, жұмыс берушілермен қарым-қатынасын нығайту қажеттігін атап өтті. Жоғары оқу орындарының дербестігі, оның айтуынша, білім беру мекемелерінің тиімділігін арттырудың іргелі механизмі болуы тиіс.

"Қазір университеттер нені үйретеді, қалай  үйретеді өздері шешеді. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілер мен студенттердің нақты қажеттіліктеріне сәйкес қалыптасады. Жоғары оқу орындарының жыл сайынғы тәуелсіз рейтингі бұл міндетті кім орындап, кім орындай алмай жатқанын нақты аңғартады", - деді ол.

Қазақстан – ашық экономика

Бүгінгі таңда өнімнің және экономиканың бәсекеге қабілеттілігі еңбек ресурстары қаншалықты қолжетімді екендігімен емес, елдің инновацияны енгізуге қаншалықты қабілетті екендігімен анықталады.

"2030 жылға қарай жаһандық жұмыс күшінің 14% -ке жуығы қайта оқуға немесе мамандығын өзгертуге мәжбүр болады. 2018 жылы мектепке барған балалар әлі жоқ мамандықтармен жұмыс істейді. Жақын болашақта табысқа жетудің негізгі дағдылары когнитивті дағдылар болады", - деді ел басшысы.

3334
Кілт сөздер:
жалақы, шетелдік инвесторлар, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев мораторий жариялады
Тоқаев: Жалақыны өсіру – үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті
Сағынтаев елшілердің Қазақстанға қанша инвестиция тартқанын тексеріп отыруды тапсырды
Назарбаев түрік бизнесмендеріне үндеу жасады
"Еңбек жағдайы тең емес": Нұрлан Ноғаев Теңізде болған оқиға жайлы
Загрузка...