Мұнай алу, архивтегі сурет

Қазақстан мен Татарстан меморандумға қол қойды

37
Татарстан президенті Рустам Минниханов пен "Самұрық-Қазына" төрағасы Ахметжан Есімов кездесіп, мұнай және газ саласы мен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Тараптар мұнай және газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Татнефть" ААҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат аясында талдау, геологиялық зерттеу және бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде, мұнай өңдеу, мұнай химиясы және газ химиясы бойынша жобаларға консультациялық қызмет көрсету мен техникалық тұрғыдан қолдау көрсету кезінде, мұнай алу және кен орындарын пайдалану саласындағы бірлескен ғылыми және жобалық жұмыстарды жүзеге асыруда ынтымақтастық орнатылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Ресей премьерлері ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады

Сонымен қатар тараптар Қазан қаласы маңындағы "Иннаполис" инновациялық орталығы аясында қазақстандық қормен ынтымақтасу мәселесін қарады. Осы арқылы ғылыми, жоғары технологиялы экожүйе құру үшін тәжірибе алмасу және инвесторлар тарту көзделген.

Ахметжан Есімов Татарстан президентін жекешелендіру бағдарламасымен таныстырды. Еске сала өтсек, "Самұрық-Қазына" үкіметтің төрт жыл бұрын қабылдаған кешенді жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруға атсалысып жатыр.

Қордың жоспарға іліккен активтерінің 80%-і жекешеленді. Алдағы уақытта "Эйр Астана", "Казақтелеком", "ҚазМұнайГаз", "Самұрық-Энерго," "Тау-Кен Самұрық", "Қазпошта", "Казақстан темір жолы" және Qazaq air компанияларының акцияларын үлестіру немесе стратегиялық сату жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты

37
Кілт сөздер:
газ, мұнай, Ахметжан Есімов, меморандум, Татарстан, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресей бірігіп зымыран жасап шығармақ
Қазақстан КСРО кезінде Ресей аумағында қалып қойған мұнайды қайтаратын болды
Назарбаев: Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде
Қазақстан мен Ресей ИЛ-103 ұшағын бірге жасап шығарады
Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде жаңа жобаны қолға алды
Загрузка...