Теңге, архивтегі фото

Kaspi Bank бұрынғы қызметкерін тапқан адамға 10 миллион теңге береді

646
Алаяқ кепілде тұрған мүлікті сатып алуға көмектесу үшін ақша сұраған, оның жеке шотына 28 адам ақша аударған

ПАВЛОДАР, 12 шілде – Sputnik. Павлодарда Kaspi Bank-тің бұрынғы қызметкері Руслан Сексембаев банктің атын жамылып, клиенттерді алдаған. Бұл туралы қаржы ұйымының Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaspi.kz (@kaspi.kz)

Банктің мәліметінше, ол кепілде тұрған мүлікті сатып алуға көмектесемін деп, зардап шегушілерді өз шотына қаржы аударуға көндірген, сосын зым-зыя жоқ болып кеткен.

Қазір полиция тергеу-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Kaspi Bank алаяқтың қайда екені туралы мәлімет берген адамды 10 миллион теңгемен марапаттайтынын хабарлады.

"Kaspi қылмыскерді тауып, жазалау үшін және клиенттердің мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарымен белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Kaspi алаяқтың қайда екені туралы мәліметке 10 миллион теңге көлемінде сыйақы төлейтінін жариялады. Ақпаратты Kaspi қауіпсіздік қызметінің +7 705 211 16 93 телефонына хабарлауға болады. Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз осы адамның әрекетінен зардап шеккен болса, Павлодар қаласы құқық қорғау органдарына арыз жазуыңызды сұраймыз", - делінген қаржы институтының үндеуінде.

Kaspi Bank банкпен барлық қаржы қатынасы келісімшартпен бекітілетінін мәлімдеді. Банк ешқашан біреудің жеке шотына ақша аударуды талап етпейді.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, осы жылдың 11-12 шілдесінде Павлодар қаласының полиция басқармасының орталық бөліміне 1982 жылы туған "Kaspi bank" АҚ қызметкері Сексембаева Руслан Владиславовичке қатысты азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша 28 азамат арызданған.

Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы  4-бөлігі (Аса ірі көлемде алаяқтық жасау) бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Айта кетейік, бұл бап бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сотқа дейінгі тергеу аясында күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.   

 

646
Кілт сөздер:
банк, Каспий
Тақырып бойынша
Ерекше бизнес ұсынған: жұртты 40 млн теңгеге алдап соққан әйел ұсталды
Алаяқ жігіт он тоғыз қыздың басын айналдырып, мұзға отырғызып кетті
Әлеуметтік желіде жұртты 6 миллион теңгеге алдап соққан алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан тұрғыны қымбат көліктерді жалға алып, сатып жіберген
Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген
Ақорда ғимараты

Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

133
(Жаңартылды 19:06 27.05.2020)
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстанда экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Қаулы Ақорда сайтында жариялаған.

"Жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мемлекеттік комиссия құруды қаулы етемін", - деп жазылған ақпаратта. 

Премьер-министр Асқар Мамин комиссия төрағасы болады.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов комиссия төрағасының орынбасары.

Ал Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ерғалиев комиссия хатшысы болады.

Жаңа құрылған комиссия құрамына енген шенеуніктердің толық тізімі Ақорда сайтында жарияланды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев шенеуніктерге: ақша мен уақытты босқа жұмсауды доғару керек

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

133
Кілт сөздер:
экономика, жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев митинг туралы заңға қол қойды
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
"Жауапқа тарту қажет": Тоқаев оқулықтардың сапасы өте төмен екенін айтты
Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, архивтегі сурет

Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды министр

158
(Жаңартылды 14:49 27.05.2020)
Мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныстың төмендеуі қызметкерлердің жұмыссыз қалуына себеп болып отыр

АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Мұнай компанияларында 3,5 мың адам жұмыссыз қалды. Бұл жайында халыққа есеп беру барысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қызметкерлердің жұмыссыз қалуына мұнайға деген сұраныстың төмендегені әсер етіп отыр.

"Біздегі мәлімет бойынша, мұнай сервисі саласында үш жарым мыңға жуық адам жұмыссыз қалды. Мемлекет қызметкерлер санының одан әрі қысқармауы үшін бар күш-жігерін жұмсайды", – деді министр.

Ноғаев маусымның соңына дейін ТШО мен басқа да сервистік компания қызметкерлерінен жалақы төленетінін айтты.

"Сонымен қатар мемлекет жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау және салық төлеуге жеңілдік беру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мұнай сервистік компаниялар осы шараларды пайдалана алады", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Вирус салдарынан қанша адамның жұмыссыз қалатыны айтылды

Айта кетейік, Қазақстан мұнай өндірісін өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке азайтуды жоспарлап отыр. Демек, 2020 жылы елімізде 86 миллион тонна мұнай өндіріледі.

158
Кілт сөздер:
жұмыссыздық, жұмысшылар, жұмысшы, жұмыс, мұнай өңдеу зауыты, мұнай
Тақырып бойынша
"Ата-анасы жұмыссыз" Министр 5 баласы бар отбасыны мысалға келтірді
Министр коронавирус салдарынан жұмыссыз қалған адамдарға не істеу керектігін айтты
Денсаулық сақтау министрі жұмыс тәртібіне қатысты кеңес берді
Қазақстанда қанша жас жұмыссыз жүр?
 "Алты ай төлемақы алуға болады": Министр жұмыссыз қалғандарға кеңес берді
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

114
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

114
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр