Ер адам, архивтегі фото

"Күлкілі": Қазақстанда 500 мың теңгеден аса ақша айырбастауға тыйым салынбақ

1762
Оған қоса ақша айырбастау пункттері әр операцияны журналға тіркеп отырады

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда валюта айырбастау қиындауы мүмкін. Келер жылдан бастап ақша айырбастаған адамның аты-жөні мен жеке куәлігінің нөмері жазылады. Мұндай бастаманы Ұлттық банк көтеріп отыр.

Оған қоса қаржы нарығын реттеуші бір адамға 500 мың теңгеден аса ақша айырбастауға немесе сатуға рұқсат етпейді. Ең басты жаңалық – валюта айырбастау пункттерінің жұмысын күндізгі 10:00-нан кешкі 19:00-не дейін шектеуді ұсынып отыр. Бұл туралы "Қазақстан Республикасы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" қаулының жобасында жазылған, деп хабарлады КТК.

Ақша айырбастаған тұлғаларға қатысты ақпараттың қалай тіркелетіні 51-ші тармақта көрсетілген. Құжат 16 тамызға дейін қоғам талқысына түседі. Экономистердің пікірінше, Ұлттық банктің бастамасы шикі және ел экономикасын тығырыққа тірейді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгерді?

"Аяқ астынан бір адам валюта айырбастағысы келсе, амалын табады. Бұл жерде валюта айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын шектеу арқылы көлеңкелі бизнеске жол ашамыз. Себебі, ақшаны жасырын, қолма-қол сататындардың саудасы қызады. Оған қоса, валютаны бір алғанда, сауда 500 мың теңгеден аспауы керек деген де күлкілі. Сонда құны 15 000 доллардан асатын жылжымайтын мүлікті сатқандар не істемек?", - дейді Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан Арупов.

1762
Кілт сөздер:
ақша айырбастау, валюта
Тақырып бойынша
Қазақстанда кредит беру шарттары өзгереді
Бас банкир жарты миллион қазақстандықтың қарызы қалай өтелетінін түсіндірді
"Той кредитіне" тыйым салына ма – Досаев несие беруді шектеу мәселесін көтерді
4 проценттік автокредитті қалай алуға болады
Қолдан жасалған 5 мың теңге тарап кетті: жалған ақшаны қалай ажыратамыз?
Загрузка...