Руслан Дәленов

Қазақстанда ЖІӨ өсімі жыл басынан бері 4,2% болды

36
(Жаңартылды 10:35 13.08.2019)
Көрсеткіштің өсуіне өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының дамуы септігін тигізген

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жеті айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2 процент болды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2 процент болды. Қаңтар-маусымда бұл көрсеткіш 4,1%-ті құраған еді", - деді Дәленов үкімет отырысында.

Айтуынша, оң серпін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және көрсетілетін қызметтер саласындағы жеделдеумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестицияның тұрақты қарқынымен қамтамасыз етіліп отыр.

Инвестициялар ауыл шаруашылығында 61,4%-ке, құрылыста 46,3%-ке, саудада 23,0 және өнеркәсіпте 18,9%-ке өскен.

Тағы оқыңыз: Досаев АҚШ президентінің мәлімдемесінен кейін қандай өзгеріс болғанын айтты

"Инфляция деңгейі жылдық мәнде 5,4 процентті құрады. Бұл инфляция дәлізінің 4-6% шегінде", - деді министр.

Дәленов жыл басынан бері көптеген көрсеткіштердің оң серпіні сақталғанын атап өтті. Министр орталық және жергілікті атқарушы органдарға үшінші тоқсанда бірқатар мәселелерге назар аударуды сұрады. Олар: негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды бақылауды қамтамасыз ету, құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымын барынша пысықтау және инфляцияны бақылауды күшейту.

36
Кілт сөздер:
өсім, ЖІӨ, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев АҚШ президентінің мәлімдемесінен кейін қандай өзгеріс болғанын айтты
Мамин премьерлерге жалпы ішкі өнімді қалай өсіру қажеттігін айтты  
"Қара тізімге" енгендер мәселесі: мемлекет қандай жағдайда кредитті төлеп береді?
Қазақстанда кредит беру шарттары өзгереді
4 проценттік автокредитті қалай алуға болады
Загрузка...