Атырау МӨЗ, архивтегі фото

Қазақстан Ресейге 95 мың тонна көмірсутек шикізатын экспорттады

79
(Жаңартылды 19:18 14.08.2019)
2019 жылы Атырау МӨЗ-де хош иісті көмірсутектер өндірісі басталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Алғашқы жартыжылдықта 95 мың тонна хош иісті көмірсутек өндіріліп, Ресейге экспортталды. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарлады.

"Биыл отандық мұнай-химия саласында маңызды оқиға болды – Атырау мұндай өңдеу зауытында хош иісті көмірсутектерді (бензол, параксилол) өнеркәсіптік өндіру басталды. Бірінші жартыжылдықта 95 мың тонна хош иісті көмірсутек өндіріліп, Ресейге экспортталды. 2019 жылға жоспар – 180 мың тонна", - деп энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Бозымбаевтың сөзінен үзінді келтірді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан түйе мен бие сүтін экспорттай бастады

Айта кету керек, хош иісті көмірсутектер өнеркәсіпте дәрілік заттар, түрлі пластмассалар, синтетикалық резеңкелер және бояғыштар өндіру үшін шикізат ретінде кеңінен қолданылады.

Кездесу барысында министр мұнай-химия саласына да назар аударып, атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Битум өндірісі 464 мың тоннаны немесе жоспардың 103% құраған.

79
Кілт сөздер:
экспорт, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қасымбек жаңа министрлік не үшін қажет болғанын айтты
Қазақстан Қытайға экспорттайтын газ мөлшерін екі есе ұлғайтты
Назарбаев: Аралдың балығы шетелге экспортталуда
Қазақстан биыл бензин экспорттауды бастайды
Air Astana ұшағы

Air Astana Алматы-Стамбұл рейсіне қатысты ақпаратты бөлісті

353
(Жаңартылды 21:56 06.08.2020)
Түркия Қазақстан, Иран және Ауғанстанмен әуе қатынасын тоқтатты. Тек репатриациялық рейстер ғана болатыны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Түркияның авиациялық билігі Қазақстаннан рейстерге тыйым салынғанын Air Astana өкіліне телефон арқылы жеткізді. Бұл уақытта әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағына жол тартқан болатын, деп хабарлайды Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.

5 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 17:55-те Алматы - Стамбұл - Алматы бағыты бойынша әдеттегі халықаралық рейс жоспарланған. Алайда әуе кемесінің есігі жабылып, ұшу жолағына бара жатқан кезде түркиялық тараптан қоңырау түсті. Түркияның авиациялық билігі Қазақстаннан рейстерге тыйым салынғанын хабарлады. 

"Ресми хат тек бір сағаттан кейін келді. Құжатта Түркия Қазақстан, Иран және Ауғанстанмен арадағы рейстерге тыйым салғаны жазылған, тек репатриациялық рейстер болады. Олар Түркияның сыртқы істер министрлігімен келісілуі керек", - делінген хабарламада.

19:55-те Air Astana бір рейске ғана рұқсат алды. Екі сағаттан соң Түркия кіруге рұқсаты бар 101 жолаушы осы бағытта ұшты. 

Air Astana түркиялық тарап бұл тыйым туралы алдын ала ескертпегенін айтты. Салдарынан шығын мен жолаушыларға қолайсыздық тудырды.

Еске сала кетсек, 20 маусымда Қазақстан бірқатар елмен әуе қатынаын жандандырды. Қазақстандықтар Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және Жапонияға қайта бара алатын болды. Алайда кейін Түркия қазақстандықтарды қабылдамайтынын хабарлады. 

353
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, Түркия, Қазақстан
Тақырып бойынша
Алматы түбіндегі апат: ұшақтың "қара жәшігіндегі" жазбалар оқылды
Ішкі істер министрлігі ұшақтың құлауына себеп болған үш жағдайды атады
Ұшақтағы жанжал: актер әйелінің желіні дүрліктірген әрекетін түсіндірді
Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады
Кассалық аппарат

Жалған құжат жасайтындар көбейген: Ақорда көлеңкелі экономика туралы деректер жариялады

120
Қауіпсіздік кеңесі аппараты жұмысының негізгі басымдықтарының бірі – экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элимановтың қатысуымен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды akorda.kz сайты.

Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясымен күреске бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және ұтымды пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың заңсыз айналымының жолын кесуді тапсырғаны белгілі. Сонымен қатар, қаржы пирамидаларына қарсы күрес жөнінде де тиісті ведомстволарға бірқатар міндеттемелер жүктелген.

"Осындай мақсатпен жүргізілген тексерулер нәтижесінде заңсыз айналымнан 9,6 милилоннан астам медициналық бетперде мен 65 мың литр антисептик, 819 миллион теңге шамасында түрлі дәрілік препараттың 388,2 мыңнан астам орамасы тәркіленіп, аумақтық денсаулық сақтау органдарына тапсырылды", – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібінде көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің кешенді тәсілін ұйымдастыру мен көлеңкелі айналымды болдырмау жөніндегі мәселелер де қаралды.

Жалған шот-фактура жазатындар 2,5 есе көбейген

Сала мамандарының айтуынша, биыл көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шеңберінде жалған шот-фактураларды жазып беру фактілеріне қатысты қылмыс саны 2,5 есеге артқаны анықталған (2019 жылдың 6 айында – 94, ал ағымдағы жылдың сәйкес кезеңінде – 242).

"Ұйымдасқан қылмыспен күрес бағытындағы жұмыстар белсенді түрде жалғасып жатыр. Мысалы, Атырау облысында 1,8 миллиард теңгенің жалған шот-фактурасын шығарғаны туралы қылмыстық іс сотқа жіберілді. Заңнамалық сипаттағы іс-әрекеттер мен қабылданған шаралардың нәтижесінде қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру сомасы бес жылда алғаш рет 36%-ға төмендеді", – деп толықтырылған жарияланған мәліметте.

Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты мемлекетке келтірілген экономикалық залалды өтеу болып табылады. Бірінші жартыжылдықта қаржы мониторингі комитеті 743 қылмыстық іс тергеп, 560 істі мәні бойынша сотқа жолдаған. Ал қылмыстық істер бойынша анықталған залал 38,4 миллиард теңгені құрады. Оның шамамен 32 миллиард теңгесі мемлекетке келтірілген шығын болса, мемлекет кірісіне 21,1 миллиард теңге өтеліп, 9,6 млллиард теңгелік мүлікке тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты

Хабарламада құзырлы органдар айналысқан тағы бір басты бағыттың бірі – қаржы пирамидалары (29 қылмыстық іс тіркелген) мен заңсыз ойын мекемелері (117 қылмыстық іс, 160 орын жойылған) және жалған ақша жасаумен (161 іс) күрес болып табылатыны айтылған.

120
Кілт сөздер:
экономика, Ақорда
Тақырып бойынша
Ақорда миллиардтаған қаражаттың жымқырылғанын хабарлады
Ақорда президент бірқатар заңға қол қойғанын хабарлады
Ақорда үстіндегі таңғажайып құбылыс видеоға түсіп қалды
Ақорда коронавируспен күреске бөлінген ақшаның ұрлануына қатысты мәлімдеме жасады
Ақорда Тоқаев пен Ердоғанның қандай келісімге келгенін хабарлады
Петропавлда ер адам екі ұлымен бірге өрт кезінде қайтыс болды

"Әйелі үйде болмаған": Петропавл тұрғыны екі баласымен бірге ажал құшты

0
(Жаңартылды 14:48 07.08.2020)
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген сәтте үйдің шатыры толығымен өртеніп, жалын көрші үйге шарпи бастағанын анықтады

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Петропавлда жеке үйдегі өрт кезінде ер адам мен оның екі ұлы көз жұмды. Балалар бес және тоғыз жаста болған. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"6 тамыздан 7 тамызға қараған түні сағат түнгі екі жарымда Жұмысшы кентінде Щорс көшесі, 24 мекенжайындағы тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде №4 өрт сөндіру бөлімінің екі техникасы және сонымен бірге №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тағы екі техникасы жіберілді", - деп хабарлады Атығаев.

Мужчина и двое его малолетних сыновей погибли в огне в Петропавловске
© Photo : ДЧС СКО
Петропавлда ер адам екі ұлымен бірге өрт кезінде қайтыс болды

Оқиға орнына бірінші болып барған бөлімше үйдің шатыры толығымен отқа оранғанын анықтады. Бұл өрт шыққаны туралы хабардың кеш жіберілгенін көрсетеді. Өрт әрі қарай көрші үйге тараған.

"Көршілердің айтуынша, үйде үй иесі мен балалары болған. Газ-түтіннен қорғау қызметі сағат 2.51-де 2011 жылы туған баланың денесін, бір минуттан кейін 2015 жылы туған екінші баланың денесін тапты. Сағат 2.55-те 1988 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Балалардың анасы үйде болмаған", - деді Атығаев.

Қаза болғандардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өрттің және өлімнің себебін жедел-тергеу тобы анықтайды.

Нұр-Сұлтанда моншадан әйел адамның мәйіті табылды

Нұрлан Атығаев отбасының тату-тәтті, берекелі болғанын айтты. Шаңырақ иесі көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген, таяуда ғана сапардан оралған.

Айта кетейік, жыл басынан бері өрттен 28 адам қаза болды, өткен жылмен салыстырғанда қаза болғандар саны артып отыр.

0
Кілт сөздер:
өрт, Петропавл
Тақырып бойынша
Үш кішкентай бала үйде жалғыз қалған: Көкшетауда қайғылы оқиға болды
Корея тұрғындары ерлік жасаған қазақ жігітін мемлекеттік марапатқа ұсынды
Көкшетауда шырт ұйқыда жатқан 120 адамды құтқарушылар оятты
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Ақмола облысында үйінді астынан үш баланың мәйіті табылды