Экономика

Новосібір қаласына қосымша пойыз аттанатын болды

© Sputnik / Абзал КалиевПроводник у вагона
Проводник у вагона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұр-Сұлтан - Шу" және "Алматы - Новосібір" бағытында пойыздар іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" компаниясы елордадан Шуға және Алматыдан Новосібірге бір реттік қосымша пойыздарды іске қосатын болды.

Ұлттық тасымалдаушы баспасөз қызметінің хабарлауынша, №220/219 "Нұр-Сұлтан 1 – Шу" пойызы елордадан 2019 жылдың 31 тамызында сағат 09.55-те шығып, Шуға сол күні сағат 20.00-де жетеді.

Шу станциясынан 21.15-те шыққан пойыз Нұр-Сұлтанға келесі күні 08.50-де жетеді.

Екінші пойыз - №302/301 "Алматы-2 - Новосібір" 2 қыркүйек күні сағат 17.13-ке жоспарланыпты, қарсы бағыттағы темір жол рейсі Новосібірден 4 қыркүйек күні сағат 14.31-де (жергілікті уақыт) шығады.

Бұған дейін белгілі болғандай, "Жолаушылар компаниясы" пойыздарда шылым шегуге тыйым салмақ. Енді перрондарда темекі тартатын арнайы жер болмақ, әр аялдамада жолаушылар перронға шығып, шылым шеге алады.

Жаңалықтар
0