Fly Arystan

Ресей Қазақстанға бюджеттік әуе жолдарын дамытуды ұсынды

58
Жаңа лоукостерлерді құру жөніндегі келіссөздер Ресей мен Белоруссия арасында да жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз — Sputnik. Ресейдің монополияға қарсы ведомствосының басшысы Игорь Артемьев Қазақстан мен Белоруссияда лоукостерлерді құру бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Лоукостер жүйесін дамыту өте маңызды. Біз қазақстандық және белоруссиялық достарымыздан осындай кластағы тасымалдаушыны құру мәселесін талқыладық. Біз мұны дамытуды көздеп отырмыз. Бірақ бұл біраз уақытты қажет етеді. Бұл адамдар үшін маңызды әрі табысты бизнес", - деді ол.

Артемьев Кеден одағындағы тағы бір елге Ресейден ұшатын лоукостерлер санын кем дегенде бес-алтыға жеткізу керектігі туралы айтты. 

Қазақстандағы тұңғыш отандық лоукостер FlyArystan жұмыс істейді. Жаңа әуе тасымалдаушының тұсаукесері астанада 1 мамыр күні өткен болатын.  

58
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, Қазақстан, Ресей
Тақырып бойынша
Әуе апатына ұшыраған танымал футболшы өлер алдында хат жазып қалдырған
Қарағандыдағы әуе апатында 2 адам көз жұмды
Fly Arystan әуе компаниясының билеттері қымбаттап кеткені рас па?
Ұшақ кешіксе, не істеу керек: жолаушының құқығы мен әуе компаниясының міндеті
Ұшақ әуе шоуы кезінде көлге батып кетті – куәгердің видеосы
ТМД елдерінің тулары

ТМД елдері премьер-министрлерінің онлайн-отырысы өтті

51
Үкімет басшыларының отырысы онлайн-режимде өтті. Жиында коронавирус инфекциясына қарсы тұру және елдердің экономикалық байланысын нығайту мәселесі сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр  - Sputnik. Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус ТМД елдерінің экономикасына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. Сондықтан экономиканы цифрландыруды қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

"Сауда-экономикалық саладағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығы артып отыр. Коронавирус эпидемиясының салдарын жою үшін сауда кедергілері мен шектеулерді жою жұмысын белсенді жүргізу керек. Көлік саласындағы байланысты нығайту қажет", - деді Мишустин.

Оның айтуынша, еркін сауда жөніндегі келісімді барынша жылдам жасау керек. Осының арқасында экономикаларды цифрландыру қамтамасыз етіледі.

Пкіріталасқа қатысушылар ТМД-ның 2030 жылға дейін дамуы стратегиясының жобасын қабылдады.

ТМД-ға мүше елдер премьер-министрлерінің келесі отырысы 6 қарашада Өзбекстанда өтеді деп жоспарланып отыр.

51
Әуежай, архивтегі сурет

Қазақстан қандай мемлекеттермен әуе қатынасын жандандырады

92
(Жаңартылды 16:10 29.05.2020)
Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылатыны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық рейстерді ашу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында бірнеше халықаралық бағытта рейстерді ашуға тапсырма берілді.

Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылады. Қазіргі кезде комитет мамандары Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесін пысықтауға кірісті. Осы мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, тиісті шаралар қолға алынады.  

"Екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады. Айта кетер жәйт, осы рейстердің бәрі ертеңнен бастап ашылмайды және эпидемиологиялық жағдайға қарай барлық инстанциялармен келіскеннен кейін басталады. Рейстердің ашылатын күнін қосымша хабарлаймыз", - деді Ластаев бүгінгі онлайн брифингте.    

Айта кетейік, карантин енгізілгелі бері Қазақстанда 97 халықаралық бағытқа әуе қатынасы тоқтатылған болатын. Ұшақтар аптасына 440 рейс жасап тұрды.

92
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, мемлекет, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
"Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Қазақстанның туризм саласы миллиардтаған шығынға ұшырауы мүмкін
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
Рахман Омар

"Алып шыға алмайтынымды сездім": актер Рахман Омармен сұхбат

0
(Жаңартылды 17:00 31.05.2020)
Театрда комедия, драма, трагедия деген үш бағыт болса, үшеуінен де құралақан емес актер астарын ашып, психологиясын жеткізу күрделі рөлді ойнағанды ұнататынын айтты

АЛМАТЫ, 31 мамыр – Sputnik, Айгерім Таубай. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр актері, көпшілікке тележүргізуші ретінде танымал Рахман Омар 26 жылдан бері Мүсірепов атындағы мемлекеттік театрда еңбек етіп келеді. "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ", "Қызық екен" секілді бағдарламалар арқылы көрермен көңілінен шыққан азамат театрда қандай рөлді сомдағысы келетінін Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Ең бастысы – театр

"Басты мамандығым – театр актері екенін біреу білсе, біреу білмейді. Көбі тележүргізуші ретінде таниды. 1993 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы театрда жұмыс істеймін. Үлкенді-кішілі 60 шақты рөлді сомдадым. Телеарна саласында бірнеше жобада жүргізуші болдым. "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" бағдарламасын ел аузында әлі күнге дейін жүр. Барлық арнада қызмет атқардым", - деп бастады әңгімесін актер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рахман Омар (@rakhmanomar)

Айтуынша, игермеген саласы кино, алайда Досхан Жолжақсыновтың "Құнанбай" фильмінде эпизодта ойнаған.

"Құнанбай" фильмінде тілмаштың рөлін сомдадым, көркем фильмге түскенім осы болды. Эпизодтағы шағын ғана рөл болды. Одан бөлек телехикаяларға шақырады, алайда қандай фильм екеніне қарап, бас тарттым. Өйткені қайталау көп. Мен үшін ең бастысы – театр", - дейді Омар.

Түрік және корей телехикаялары жаулап алды

"Телеарнада 1-2 жылға жоспарларланған жобаларға қатысып тұрамын. Соның бірі – "Қызық екен", "Кім білгір" секілді интелектуалды бағдарламалар. Бір жылға жоспарланған "Қызық екен" бағдарламасы көрерменнің сұрауы бойынша екі жылдай жүрді. Қазір де сұрайды.

Өйткені қазір телеарнада интеллектуалды бағыттағы бағдарламалар өте аз. Кезінде "ХХI ғасыр көшбасшысы" секілді бағдарлама болды. Қазір қай арнаны қоссақ та, қойыртпақ дүние көп, телеарнаның барлығын түрік және корей телехикаялары жаулап алған. Артында қомақты қаржы тұрған шығар, ол жағы маған беймәлім. Арнаның ішкі асханасына қол сұқпаймын", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рахман Омар (@rakhmanomar)

Рахман Омардың айтуынша, телеарнада басшы ауысқан сайын қызметкерлер құрамы да ауысады. Мұндай жағдайда еңбегі сіңген кісілердің өзі қызметін босатуы қажет.

"Әр басшы келген сайын өз командасын алып келу үрдіске айналған, соның зардабын тәжірибелі мамандар да көріп жатады. Әсіресе, техникалық жағында 30 жыл қызмет еткен кісіге жаңа басшы келгенде орнынан кетуге тура келеді. Ал ол адам студияның әр шегесінің қайда қағылғанын біледі. Біз де солардың қатарына жатамыз. Жаңа басшының талғамына қараймыз",- дейді Омар.

Сонымен қатар телеарнада өткен ғасырдың соңында көрсетілген бағдарламаларды қайтадан көрсету жайлы ұсынысын да айтты. Бұл ескілікті аңсау емес, телеарнаның нағыз майталмандарын насихаттау деп түсіндірді сөзін.

"Өзінің өткенін ұмытқан, болашақтың наласына қалады" деген қанатты сөз бар. Кестені толтыру үшін күнделікті болмайтын бағдарламалар көрсетіп жатады. Соның орнына неге осы ретро, архивтегі дүниелерді көтеріп, өскелең ұрпаққа телеарнаның не екенін, оның сүрлеуі мен даңғылды дара жолынан, тарғыл жолымен өткен нағыз майталмандардың көрсетпеске деп ойлаймын. Сағат Әшімбаев, Шерхан Мұртаза ағаларымыз 70-80 жылдары телеарнаның басы-қасында жүрген кезде тұщымды дүниелер көп болды. Қазақтың руханияты, салт-дәстүр, әдетіне байланысты дүниелер шықты", - дейді Омар.

Жағымсыз образды ойнау ұнайды

Театрда комедия, драма, трагедия деген үш бағыт болса, үшеуінен де құралақан емес актер астарын ашып, психологиясын жеткізу күрделі рөлді ойнағанды ұнататынын айтты.

Актер үш жанрды да тең деңгейде меңгеруі қажет. Кей актердің ыңғайы комедияға келіп, драмаға нашарлау болады, біреуінде керісінше. Маған осы үш жанрда да рөл бұйырды. Жаныма жақыны "Қозы Көрпеш-Баян Сұлудағы" Жантықтың бейнесі. Гамлетті армандадым деп өтірік айтпай-ақ қояйын, Гамлетті ойнайтын актер көп. Маған астарын ашатын рөл, жағымсыз образ қатты ұнайды", - дейді Рахман Омар.

Отыз жасында Жантықтың рөлін алып шығатынына сенімді болмаған актер бірнеше жыл өткен соң ғана образды ашуға дайын болғанын, сол себепті ең сүйікті рөлі ретінде сақталғанын айтты.

"Театр актері "бұйыртқан рөл" деп сөйлейді. Отызға толмаған шағымда режиссер Балтабай Сейітмамытов "Қозы Көрпеш" қойылымын қойды. Сонда маған екінші құрамда Жантықтың рөлін берді. Бірінші құрамда Сағат Жылгелдиев ойнады. Мен өз шамама қарап, алып шыға алмайтынымды сездім. Рөлді Сағат ағам өзі ойнап кете берді. Мен дайын болған жоқпын. Араға біраз жыл салып, жасым қырыққа таяған шағымда режиссер Жанат Қажиев "Қозы Көрпешті" қайта қойды. Сол кезде Жантыққа дайын болдым", - дейді ол.

Кемел Абайды сомдағысы келеді

"1994 жылы Жүргенов атындағы өнер академиясында диплом жұмысымыз Шәкен Аймановтың сценарийі бойынша "Желсіз түнде жарық ай" қойылымын қою болды. Ол жерде Абайдың жастық шағын ойнаймын. Институтты бітіріп, театрға қабылданған кезде сол қойылымды Нұрқанат Жақыпбаев Мүсірепов театрында қойды. Институттан келген дайын Абай ретінде сол рөлді сомдау бақытына ие болдым. Ол Абайдың 150 жылдық мерейтойы болатын",- дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рахман Омар (@rakhmanomar)

2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның кемелденген шағын сомдағысы келетінін айтты.

"Абайдың пәлсапалық ойлары қырық жастан асқан соң шыға бастаған. Қазір Абайдың сол бір шағын ойнағым келеді. Құнанбайұлының образы өте күрделі образ, екінің бірі ойнамайды. Сырт келбеті жағынан да ұқсастық бар: бетім домалақ, орта бойлы. Ішкі жан дүниесін, арпаласын алып шығу актер үшін өте қызық. Қазір Абайды сомдасам қалай болар екен деймін. Кім білсін, он жылдан кейін "Король Лирді" ойнағым келетін шығар", - дейді Рахман Омар.

 

 

0
Кілт сөздер:
телеарна, театр, сұхбат
Тақырып бойынша
"Жанымды жегідей жейді" Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
Дулыға Ақмолда: Актер деген мамандықты төменге түсіріп жібердік...
"Түрімді ұмытып қалды" Назарбаевтың рөлін сомдаған актер көрген қиындықтары туралы айтты
"Тревога" десе, үй киімімен барасың": арнайы жасақтағы қыздар ашық сұхбат берді
Театр үздіктері анықталды