Саясат

Тоқаев ресейлік мұнай компаниясының басшысымен кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент российской нефтяной компании "Лукойл" Вагит Алекперов
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент российской нефтяной компании Лукойл Вагит Алекперов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.

Қазақстан президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі "Лукойл" компаниясының үлесін жоғары бағалады.

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті
Тоқаев ресейлік мұнай компаниясының басшысымен кездесті - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті

"Лукойл" – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: кездесу барысында мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегі талқыланды

Жаңалықтар
0