Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозит сатуды неге тоқтатқанын түсіндірді

227
Салымшылар арасында депозиттерді сату тамызда уақытша тоқтатылды. Алдағы бір-екі айда жаңа жүйе іске қосылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылар арасында есепшоттарды сатуды тоқтатуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Банк басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, есепшоттарды өзара сату жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіліп жатыр. Осы жұмыстың нәтижесінде жаңартылған жүйені іске қосу жоспарланған. 

"Біріншіден, электронды жүйе сізге жақсы депозитті өзі тауып береді. Сосын бұған дейін салымшылар депозит бағасын тым көтеріп қояды деген арыз-шағымдар көп болды. Осыған байланысты біз бағаны да реттейтін механизмді енгізуді қарастырып жатырмыз. Сонда депозиттердің бағасы тым қымбат болмайды. Ал туған-туыстардың арасында депозит сату тоқтатылған жоқ", - деді Ибрагимова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, салымшылар арасында депозиттерді сату тамыз айында уақытша тоқтатылған болатын. Жоспар бойынша бір-екі айда жаңа жүйені іске қосу жоспарланып отыр.

"Жаңа жүйеде депозитті кім және кімге сатып жатқаны көрінбейді. Оны ешкім көре алмайды. Депозитке тапсырыс түскен бойда электронды жүйенің өзі тиімді депозитті тауып береді де, адамның жеке кабинетінде бірнеше ұсынысты көрсетеді. Соның ішінен өзіңіз таңдайсыз", - деп атап көрсетті Ибрагимова.  

Елорда тұрғыны Лаура Сағатбекқызы аукцион жүйесін тоқтатпай тұрғанда өз депозитін сатып жіберген. Оның айтуынша, бұрын ешқандай шектеу болмады. Ал депозит сататындар ең қымбат бағаны ұсынғандарды таңдайды.

"Мен банктің сайтындағы жеке кабинетіме кіріп, өз депозитімді аукционға шығардым. Үстіне қосатын ақшамды да көрсеткенмін. Ақшаны аударатын мәліметтерді де жазу керек. Сөйтіп, үш күннің ішінде ең көп соманы ұсынған адамға депозит сатылады. Ол банктің филиалына барады да, ақшаны менің атыма аударады. Ал депозит оның атына ауысады. Сөйтіп, депозит сатып алатын адаммен кездесудің қажеті де жоқ", - дейді Сағатбекқызы.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк депозиттің жаңа түрін енгізеді

227
Кілт сөздер:
депозит, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
Тақырып бойынша
Астанада салымшылар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" басып кірді
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі айналасында тағы шу шықты
Ибрагимова: тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылығы енді арзан пәтер ала алмайды
Загрузка...