Экономика

Инвестор мен кеденшілер арасындағы дау: Ақтөбедегі кәсіпорын қосымша салық төлемейді

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная валюта Казахстана тенге
Национальная валюта Казахстана тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экономиканы дамыту үшін Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту - мемлекеттік маңызды міндет. Дегенмен, елімізде инвесторлардың мүддесі қорғалмай, оларға қатысты заңбұзушылықтар жиі кездесіп жатады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген жұмыстың нәтижесінде Ақтөбе облысындағы фермерлік шаруашылық дұрыс есептелмеген қосымша кеден төлемдерінен босатылды, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

"Green Capital Kazakhstan" компаниясы жаңа жылыжай технологиясы негізінде көкөністер өсіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында кәсіпорынның жұмысымен танысқан еді. Сол кезде фирма директоры Дирк Алевен қызанақтың жыл сайынғы өнімі шамамен 3 мың тонна болатынын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Тамим бен Хамад Әл Тани - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қатар әмірі: Біз Қазақстанға инвестиция салуға ниеттіміз
"Әр апта сайын біз 100 тоннадан жинаймыз. Негізінен 80%-ы Ресейге экспортқа кетеді. Қазір бізде 90 адам жұмыс істейді. Жылыжай бес гектарда орналасқан. Біз тағы бес жылыжай салғанда қызметкерлер саны 150-160 адамға жетеді", - деген еді Дирк Алевен.

Бизнесмен қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында жылыжайдың құрылысына рұқсат алуға 100 мың евро, яғни 500 миллион теңге жұмсағанын айтты. Алайда, іс мұнымен бітпеген.

Нидерландиялық инвестор елге түрлі жабдықтар әкелген, ал оған мемлекеттік кіріс комитетінің кеден органдары жоспардан тыс тексеру ұйымдастырған. Олар техниканы қате жіктегені үшін "Green Capital Kazakhstan" кәсіпорнына 350 миллион теңге қосымша баж салығын есептеген. Фирма өкілдерінің айтуынша, бұл соманың қайдан пайда болғанын ешкім нақты түсіндіріп бере алмады.

Сондықтан олар заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, нақтырақ айтқанда, "Protecting business and investments" жобалық кеңсесіне жүгінген.

"Әрине, біз мұндай қосымша есептеулермен келіспедік және жобалық кеңсе мен облыстық әкімдікке жүгіндік. Тек осыдан кейін бәрі өзгере бастады. Менің ойымша, біз жобалық кеңсе қызметкерлерінің араласуынсыз мүлдем жұмыс істей алмас едік", - деді "Green Capital Kazakhstan LLP" ЖШС техникалық директоры Ерлан Жаңабергенов.

Агенттіктің мәліметінше, 1 миллион долларға жуық төлем компанияны банкрот етуі мүмкін еді. Салдарынан Ақтөбе облысы 240 жұмыс орнынан айырылып, мемлекеттік бюджет жыл сайын 480 млн теңгеге азаюы мүмкін болатын.

"Тексеру қорытындысы бойынша, техниканың қате классификациясы үшін кәсіпорынға 350 миллион теңгеден астам қосымша кеден төлемдері есептелді. Бұл компания мен инвестициялар жөніндегі комитет арасындағы кеден салығын төлеуден босату түріндегі инвестициялық преференция туралы келісімшартқа қарамастан болған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула.

Нәтижесінде қаржы министрлігінің аппеляциялық комиссиясы инвестор мен кеденшілер арасындағы дауды қарастырды. Айыппұлдар, кеден салымдары тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін ғана тоқтатылды.

Жаңалықтар
0