ақша, архив суреті

Бір адам 65 миллион қарыз: Салық төлемей жүргендердің аты-жөні жарияланды

1598
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық рақымшылықтың арқасында жеңілдік алуға болатынын еске салды. Жыл соңына дейін негізгі қарыз төленсе, өсімпұлдар кешіріледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеуден жалтарып жүрген 100 адамның аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми ақпаратқа сәйкес, тізімге енген борышкерлердің жалпы қарызы 286 019 395 теңгені құрап отыр. Соның ішінде 175 354 401 теңге – негізгі берешек болса, қалған 110 664 995 теңгесі – өсімпұлдар.

"Мәселен, салық бойынша ең көп берешегі бар азамат Қарағанды облысында тұрады. Асқар Нәбиевтің жер салығы бойынша негізгі борыш сомасы 37 163 849 теңге, есептелген өсімпұлы - 28 192 533 теңге. Жалпы қарызы 65 356 383 теңге", - дейді комитет мамандары.

Қазақстанда өсімпұл сомасы негізгі борыштан асып кеткен азаматтар да бар. Ондай азаматтардың біреуі Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Елорда тұрғыны Талғатбек Ілиясовтың жер салығы бойынша жалпы берешек сомасы 19 050 875 теңгеге жеткен. Соның ішінде негізгі борышы - 8 685 027 теңге, өсімпұлы - 10 365 848 тенге.

"Көлік салығы бойынша борышкерлер тізімін тағы да Қарағанды облысы бастап отыр. Фадис Мұстақымов бұл салық түрі бойынша жалпы 6 081 323 теңге қарыз жинаған. Оның төлеуге жататын негізгі сомасы - 4 059 318 теңге, есептелген өсімпұлы - 2 022 005 теңге", - делінген ресми ақпаратта.

Борышкерлердің толық тізімімен мына жерден таныса аласыздар:

Ал кейбір қазақстандықтар мүлік салығы бойынша біраз қарыз жинап үлгерген. Мысалы, Жамбыл облысының тұрғыны Ерлан Тоқсанбаевтың жалпы берешек сомасы 576 191 теңге, оның ішінде негізгі борышы - 335 811 теңге, өсімпұл - 240 380 теңге.

Мемлекеттік кірістер органдары салық бойынша берешегі бар азаматтар тізімін жариялау үрдісін алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отыр. Осы орайда комитет мамандары салықтық рақымшылықтың арқасында жеңілдік алуға болатынын еске салды. Осы жылдың аяғына дейін негізгі қарыз төленсе, өсімпұлдар кешіріледі.

Айта кетейік, салық төлеушілер борыштың бар-жоғын мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алады.

1598
Кілт сөздер:
қарыз, салық
Тақырып бойынша
Үкімет халықтың кредитін өтейді: қарыз алушы не істеуі керек?
Кредит бойынша қарыздың кешірілгенін қалай білуге болады?
"Басқа амалым жоқ" Қарызға белшесінен батқан студент қыз пәктігін саудаға салды
Мерзімінен бұрын босанған әйел дәрігерлерге қомақты ақша қарыз болып қалды
Мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз береді
Қырғызстан Қазақстаннан 100 млн доллар көлемінде қарыз сұрауы мүмкін
Ақша, теңге

Медициналық сақтандыру қорындағылар қанша жалақы алатыны белгілі болды

109
(Жаңартылды 16:11 11.08.2020)
Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырдған болатын. Оның орнына Болат Төкежанов келді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Медициналық сақтандыру қоры басшылық пен қызметкерлердің жалақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қордың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, орталық аппаратта 230 қызмет бар. Ал облыстық филиалдарда 620 маман жұмыс істейді. 

"Штаттық кестеге сәйкес, басқарма мүшелерінің жалақысы, соның ішінде басқарма төрағасының еңбекақысы салықтық төлемдерді есептемегенде 850 000 теңгеден басталады", - дейді мамандар.

Ал басқа қызметкерлердің айлықы үш-бес есеге төмен. Олар: 

  • менеджер – 170 000 теңгеден жоғары; 
  • аға менеджер – 250 000 теңгеден жоғары;
  • әкімшілік басқару персоналы –  300 000 теңгеден жоғары.

Биыл медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге жоспар бойынша 5,7 миллиард теңге қарастырылған.  

"Жаңа басшылықтың шешімі бойынша қызметкерлер штатын ұстауға кететін шығындардың оңтайландыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңде 119 миллион теңге көлемінде жалақы шығындары қысқартылады. Бұдан бөлек, қордың ұйымдастырушылық құрылымына талдау жасалуда", - дейді қор қызметкерлері. 

Сондай-ақ, PR шығындары – 102 миллион тенгеге, IT-қызметтері – 180 миллион теңгеге, кеңсе жалдау 95 миллион теңгеге, іс-сапар шығындары – 100 миллион теңгеге, баспа қызметтері 31 миллион теңгеге қысқартылды. Ал жиһаз бен кеңсе техникасын сатып алу сияқты күрделі қаржы шығындары 277 миллион теңгеге азаяды. Жалпы, барлық шығын 1 миллиард теңгеге азаяды деген жоспар бар.

Бұрынғы басшы төңірегіндегі шу 

Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұлов осы қызметке өткен жылы тағайындалған болатын. Биыл шілде айында оның жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты елдің ашуын туғызды. Әйел күйеуінің өзіне "он екінші көлік сыйлағанын" жазған. Жұмағұловтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Соған қарамастан, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырды. Оның орнына Болат Төкежанов келді. 

МӘМҚ жүйесі Қазақстанда 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Бірінші сәуірде жарна төлеу бойынша жеңілдік кезеңі ұзартылды. Сол аралықта әрбір азамат өз мәртебесін анықтап, жарна төлеп, қор қатысушысы болуға міндеттелді.

Айта кетсек, қазіргі таңда шағын және орта бизнес 2020 жылдың бірінші қазанына дейін қорға жарна төлеуден босатылды. Алайда жұмыс беруші мемлекеттік кірістер комитетіне қызметкерлер тізімін ұсынуға міндетті.

109
Кілт сөздер:
жалақы, медициналық сақтандыру қоры
Тақырып бойынша
"Он екі көлігі бар": Айбатыр Жұмағұлов желіні шулатқан жазбаға жауап берді
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры мекемелерге алты ай ішінде 4,6 миллиард теңге айыппұл салған
Ақша

БЖЗҚ 24 миллиард теңгеге жуық қарызын қайтарып алды

132
(Жаңартылды 16:16 11.08.2020)
Қор өкілдерінің дерегі бойынша биылғы тамыз айындағы эмитент қарыздардың жалпы сомасы 46,33 миллиард теңгені құрайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы шілде айының соңындағы жағдай бойынша 23,634 миллиард теңгені құрайтын қарызын қайтарды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Қор өкілдерінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс зейнетақы активтерін жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан БЖЗҚ-ға берген сәттен бастап жүргізілуде.

"2014 жылы БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін беру аяқталған кезде қорда 32 проблемалық эмитент болды және олардың берешегі номиналды құны бойынша 161,45 миллиард теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде дефолтқа жол берген 19 эмитентке қатысты берешекті қайтару бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Олар үш топқа бөлінген:

  •  оңалту рәсімі қолданылған эмитенттер. Аталған эмитенттердің номиналды құны бойынша берешек сомасы – 15,80 миллирд теңге.
  •  талап-арыз жұмысы/атқарушылық өндіріс жүзеге асырылатын эмитенттер. Аталған топтың номиналды құны бойынша берешек сомасы – 13,03 миллиард теңге.
  •  банкроттық/мәжбүрлеп тарату рәсімі жүзеге асырылатын эмитенттер. Бұл топтың номиналды құны бойынша берешек сомасы – 17,5 миллиард теңге.

Жалпы, биылғы тамыз айындағы мәліметтер бойынша, жоғарыда аталған эмитент қарыздардың жалпы сомасы 46,33 миллиард теңгені құрайды.

Ал 2020 жылғы шілде айының соңындағы жағдай бойынша БЖЗҚ ағымдағы қарызынан 23,634 миллиард теңгені қайтарды.

Оқи отырыңыз: "Екі жерде екі түрлі соманы көрсетеді": зейнетақы қоры түсініктеме берді

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары БЖЗҚ-мен бірлесіп, 12 эмитентке қатысты қылмыстық іс жүргізуде.

"Айта кетейік, бүгінде "Имсталькон" АҚ және "РЭМИКС-Р" АҚ бұрынғы басшылары мен акционерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталып, материалдар сот қарауына жіберілді", - деп атап өткен БЖЗҚ хабарламасында.

132
Кілт сөздер:
теңге, қарыз, зейнетақы
Тақырып бойынша
Чилиде зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат етілді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады
Қазақстанның зейнетақы қоры 174 мың адамды іздеп жатыр
Қазақстанның зейнетақы қоры кімдердің шотына ақша түспей жатқанын мәлімдеді
Зейнетақы қоры шоттағы ақшасының азайғанына алаңдаған қазақстандықтарға жауап берді
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0