Ақша, архивтегі фото

"Әр отбасының табысы 200 мың теңгеге жетеді": бюджеттен қосымша ақша бөлінеді  

6961
Жаңа жобаның алғашқы кезеңін іске асыруға республикалық бюджеттен 7,2 миллиард теңге бөлінеді деген жоспар бар

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Бүгін парламент мәжілісінің депутаттары 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасын талқылады. Соның ішінде Жамбыл облысы халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаға бөлінетін қаржы да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа жобаның алғашқы кезеңін іске асыруға республикалық бюджеттен 7,2 миллиард теңге бөлінеді деген жоспар бар. Осы ақша есебінен кредиттер және микрокредиттер беріледі.

"Пилоттық жоба аясында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге және қосалқы шаруашылықтарға 2,5 мыңнан астам бюджеттік кредиттер мен микрокредиттер беру қарастырылған. Бұның барлығы 5-7 жылға 2,5 проценттік мөлшерлемемен таратылады", - дейді бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Осы шаралардың арқасында келесі жылы Жамбыл облысында 7 мыңнан астам отбасының табысы 104 000 мың теңгеге дейін өседі деген жоспар бар. 2021 жылда – 156 000 теңге, ал 2022 жылы жобаға қатысатын әрбір отбасының табысы 200 000 теңгеге дейін артады.

Тағы оқыңыз: 2020 жылы кімдер үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем көбейеді

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысында 1,1 миллион адам тұрады. Олардың ішінде 680 мың адам – ауыл тұрғындары. Жалпы, аймақта халықтың жартысы – 506 мың адам жұмыс істейді. Бірақ 35 проценті – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Солардың ішінде 8,3 мың адам нәтижесіз жұмыспен қамтылып отыр. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.  

Жақында үкімет Жамбыл облысы халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны мақұлдаған болатын. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, бүгінде аймақта біраз адам жеке шаруашылықпен айналысады. Бірақ өз табысын арттыра алмай отыр. Ал пилоттық жобаның арқасында олар өз кәсібін ұлғайта алады деген жоспар бар.

6961
Кілт сөздер:
ақша, бюджет
Тақырып бойынша
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін ел бюджеті 200 млрд теңгеден қағылмақ
Әр балаға – 21 мың: үкімет 70 мың отбасының өтінішін қайта қарайды
Елорданың мұқтаж жандарына көмірге қанша ақша берілетіні белгілі болды
"АСП деген пәле болды": 21 мың теңге алған әйелдер не істерін білмей жылап отыр 
Жастарға баспана беру тәртібі жарияланды – бағдарлама талабы қандай
Вице-министр көпбалалы отбасылар үшін жағымды жаңалықпен бөлісті
Загрузка...