Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

"Трагедияға айналдырудың қажеті жоқ": Тоқаев үкіметке өтініш жасады

2702
Микро және шағын бизнесті салықтан босатқаннан кейін елорда бюджеті шамамен 40-50 миллиард теңгеден қағылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорда бюджетінің неге қысқаратынын түсіндіріп, үкіметке "түймедейді түйедей етпеуге" кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тағы бір маңызды мәселе – шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын 2020 жылдан бастап жергілікті бюджетке беру. Микро және шағын бизнес субъектілерін салықтан босатқаннан кейін қала бюджеті 40-50 миллиард теңгеге қысқарады. Негізінде, бұл күтілетін нәтиже, мәжбүрлі шара, бизнеске көбірек адам тарту үшін жасалып отыр. Үкіметтен мұны трагедияға айналдырмауды өтінемін. Одан да бақылау жасап, әрекет етіңдер. Сіздер жоспарланған шығынның орнын толтыруға қажетті 230 миллиард теңгені оңай табасыздар деп санаймын", - деді Тоқаев астананы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі жиында.

Мемлекет басшысы үкіметпен бюджетке түсетін кірістер жайлы 15 қазанда өтетін жиналыста тағы сөйлесетінін атап өтті.

"Есесіне біз халықты бизнеспен айналысуға ынталандырамыз. Әйтпесе, тығырықтан шыға алмаймыз", - деді ол.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте жария еткен жолдауында үкіметке микро және шағын бизнесті үш жылға табыс салығынан босату туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов шағын бизнесті салықтан босатсақ, 2020 жылы ел бюджеті 200 миллиард теңгеден қағылатынын мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыз: Табыс салығынан кімдер босатылуы мүмкін?

Айтуынша, былтыр микро және шағын бизнестен мемлекеттік бюджетке 190 миллиард теңгеге тарта салық түскен.

Салықтан кімдер босатылады?

Смайыловтың сөзінше, салық заңнамасына сәйкес, 15 адам жұмыс істейтін және жылдық табысы 30 мың АЕК-ке дейін немесе 76 миллион теңгені құрайтын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар микробизнеске жатады.

Ал 100 адамға дейін жұмысшысы бар, жылдық табысы 300 АЕК-ке дейін немесе жылына 757 миллион теңге болатын ұйымдар шағын бизнес саналады.

2702
Кілт сөздер:
салық, Үкімет, президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Бір адам 65 миллион қарыз: Салық төлемей жүргендердің аты-жөні жарияланды
Бірнеше пәтері бар 20 мыңнан астам адам салық төлемеген
Министр амнистияға ілігетін салық төлеушілердің санын атады
Берешегі бар қазақстандықтар үшін салық амнистиясы жүргізіледі
Енді қазақстандықтарға салық берешегі туралы SMS-хабарлама жіберіледі
Инвестор мен кеденшілер арасындағы дау: Ақтөбедегі кәсіпорын қосымша салық төлемейді
Ақша, теңге

Тоқаев: экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет

100
"Астана" халықаралық қаржы орталығы президентке жылдық есеп мен 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Құнды қағаздардың ішкі нарығын дамыту үшін сенімді әрі нақты шаралар қабылдау керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы басқару кеңесінің кеңейтілген отырысында осылай деді.

Кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының жылдық есебі мен оның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. 

Мемлекет басшысының пікірінше, АХҚО экономикалық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысуы керек екенін айтты. 

"Ірі инвесторларды бір ғана ел аса қызықтырмауы мүмкін, ал сауда және өнеркәсіптік салалар бойынша байланысы мығым Еуразиялық одақ пен Орталық Азияның бүкіл аймағын елемеу қиын.  Инвесторлар осы елдердің біріне қызығушылық танытса, бұл өзге мемлекеттерге де табыс әкеледі. Осыған орай АХҚО өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде қызмет атқара алады", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы орталығы шетелден тікелей инвестиция тарту үшін өзінің әлеуетін толық пайдаланатынына сенім білдірді.

"Өзгеріс енгізетін уақыт келді. Сондай-ақ инвестиция портфельдері күшейту қажет. Құнды қағаздардың ішкі нарығы әлі толық дамыған жоқ. Сондықтан сенімді әрі нақты шаралар қабылдау керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне АХҚО-мен бірігіп, құнды қағаздардың ішкі нарығын ықпалдастыруға және дамытуға бағытталған жаңа әрі нақты нормативтік база әзірлеуді тапсырамын", – деді Тоқаев. 

Онлайн форматта өткен жиында қаралған негізгі мәселелердің бірі - Қазақстанның экономикалық өсімін қайта қалпына келтіру. 

Президент өз сөзінде АХҚО биржасына былтыр Полиметалл, "Қазатомөнеркәсібі" ҰАК»" АҚ және Halyk Bank секілді ірі корпоративтік компаниялардың акцияларының сәтті орналастырылғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы пандемия мен мұнай бағасының құлдырауынан туындаған жаһандық дағдарыс жағдайында және дамушы елдердің нарығынан капиталдың кетуі кезінде ұлттық экономиканы әртараптандыру үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру қажет екенін айтты.

100
Кілт сөздер:
реформа, экономика, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев теңге бағамына қатысты бірқатар тапсырма берді
Вирустың екінші толқыны: сарапшылар экономика мен теңгенің тағдыры не болатынын айтты
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың мінезі туралы айтты
Баспасөз хатшысы Елбасының денсаулығы туралы жазба жариялады
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
Теңге бағамы

Тоқаев теңге бағамына қатысты бірқатар тапсырма берді

2838
(Жаңартылды 15:43 01.07.2020)
Президент Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағын және орта бизнес пен экономиканы кредиттеуді ұлғайтуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің есебін қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және басқарма мүшелері екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалау бойынша өткен жылғы қаржы-несие саясатына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, Ұлттық банктің алтын-валюта резервінің ахуалы және Ұлттық қордың активтері туралы есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев айырбас бағамы тұрақтылығының маңыздылығына тоқталды. 

"Бұл мәселеде үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап айтқым келеді. Квазимемлекеттік компаниялардағы басы артық валютаны ішкі нарыққа сату тәжірибесін жалғастыра беру керек. Ұлттық банк қажет болған жағдайда айырбас бағамын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ломбардтарды тексеру

Президент Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, кепілсіз тұтыну несиесіне қатысты мәселені ұдайы бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берілді. Мемлекет басшысы қаржы ұйымдарының жұмысын ашық жүргізу маңызды міндет екенін атап өтті. Бұл мәселе жалған ломбардтар мен микроқаржылық ұйымдардың алаяқтық іс-әрекеттері жиілеуіне байланысты өте өзекті болып отыр. 

"Бұл жұмысты жылдамдату керек. Тексерулердің қорытындысы негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, аталған саланы реттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын", – деді мемлекет басшысы.

Қаржы нарығындағы заманауи технологиялар

Ақпаратта пандемия кезіндегі әлемдік үрдістер мен еліміздегі жағдай қаржы саласына заманауи технологияларды енгізу қажеттігін көрсеткені туралы айтылған.

Осыған байланысты президент Ұлттық банкке үкіметпен және "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, 2025 жылға дейінгі қаржы технологиясы мен инновациясын дамытудың тұжырымдамасын бекітуді тапсырды.

Экономика мен бизнесті кредиттеу

Сондай-ақ, Ұлттық банкке экономика мен бизнесті белсенді несиелеу міндеті қойылды.

"Соңғы үш жылда экономиканы несиелеудің өсімі аса байқалмады. Банктер жұмыс барысында барынша қолайлы және тиімді жағдай ұсына отырып, әрбір клиент үшін белсенді күреспейді. Сонымен қатар қазіргі жағдайда бизнеске қаржы ресурсы қажет және оны жылдам алуы керек", - деді президент. 

2838
Рабиға Сыздық

Қазақ ғылымы ауыр қайғыға ұшырады: белгілі ғалым дүниеден өтті

0
Ол қазақ тіл білімі үшін "Лингвистикалық стилистика" деп аталатын жаңа саланың негізін қалады

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық 96 жасында дүниеден озды. Бұл туралы А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтынан мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін түнде қазақ тіл білімінің абыз анасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық дүниеден өтті. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Рәбиға Сәтіғалиқызы отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - деп хабарлады институт Facebook-тегі ресми парақшасында.

Рабиға Сыздық туралы не білеміз?

Рәбиға Сәтіғалиқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Түрік тіл қоғамының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ұлттық ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықың, І дәрежелі "Барыс" орденінің иегері.

Өмірбаяны мен еңбек жолы

Ол 1924 жылы 17 тамызда Ақтөбе облысы, Ойыл қалашығында туған. Рәбиға Сыздық 1938-1940 жылдары Темір қаласындағы педучилищеде білім алып, 1940-1945 жылдары – Алға поселкесі мен Темір қаласында мектеп мұғалімі, педучилище оқытушысы болып қызмет еткен. 1945-1947 жылдары – Абай атындағы Алматы педагогикалық институтында, 1947-1951 жжылдары – осы институттың аспирантурасында оқыған.

1951-1957 жылдары – Қазақ мемлекеттік оқу-педагогика баспасында (қазіргі "Рауан") редактор, кейін редакция меңгерушісі, 1957 жылдан бастап – Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында (қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы) ғылыми қызметкер, Тіл тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі, 1980-1994 жылдары – Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан – бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Ғылыми еңбектері

"Абай қара сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері" тақырыбында кандидаттық (1959 ж.), "Абай шығармаларының тілі" тақырыбында докторлық диссертация (1971 ж.) қорғады. Осы салада үш монография жариялады: "Абай шығармаларының тілі" (1968), "Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы" (1971), "Абайдың сөз өрнегі" (1994).

Диссертациялық зерттеу еңбектерінен бөлек, Р.Сыздық қазақ әдеби тілінің бес ғасырлық (ХV–ХІХ) даму тарихы, қазақ тіліне қатысы бар ортағасырлық жазба ескерткіштер тілі, тарихи лексикология, лингвистикалық стилистика, тіл мәдениеті және орфография, орфоэпия бағыттарымен айналысқан.

Сонымен бірге, әдеби тіл тарихын, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілін зерттеумен қатар, тарихи лексика мәселелерін де арнайы қарастырған. Ғалымның "Сөздер сөйлейді" (1980, 1994) деген еңбегі – осы саладағы ізденістің нәтижесі. Тарихи лексикология бойынша бірден-бір оқу құралы болған бұл еңбек 1994 жылы толықтырылып, өңделіп, екінші рет жарық көрді. Кітапта тарихи, лиро-эпостық жырларда, ақын-жыраулар тілінде, тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мәтелдерде кездесетін көне сөздердің байырғы мағыналары, түп-төркіні ашылып, семантикалық өзгерістеріне талдау жасалады. Сондықтан аталмыш еңбек тек тіл мамандары ғана емес, байырғы көркем мұраларды сүйсіне оқитын былайғы жұртшылық үшін де бағалы зерттеудің бірі болды.

Тіл білімінде жаңа саланың негізін қалады

Рәбиға Сыздық қазақ тіл білімі үшін "Лингвистикалық стилистика" деп аталатын жаңа саланың негізін салушы деп есептеледі. Мұны ғалымның "Абайдың сөз өрнегі", "Сөз құдіреті" атты монографиялары мен шәкірттері қорғаған диссертациялық жұмыстары дәлелдейді.

Р.Сыздықова лингводидактика саласындағы жұмыстарға ерте кезден араласып, оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, бағдарламалар түзді. Атап айтқанда, ол орыс мектептерінің жоғары кластары үшін "Қазақ тілі" оқулығын (1952-1953), "Үлкендерге арналған әліппені" (1958, 1963), "Ересектерді оқытудың программасын" (1958), университеттер мен институттарда "Қазақ әдеби тілі тарихын оқытудың программасын" (1965, 1969, 1975) жазысуға ат салысты.

Репрессияға ұшыраған аса көрнекті ғылым мен қоғам қайраткерлері, қазақ тіл білімінің негізін қалаушылар А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов сынды ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектері туралы Р.Сыздықова алғашқы болып, ғылыми очерк жазып, кітапшалар шығарды. Оның Қ.Жұбанов туралы "Ғалым-азамат" (1966, 2004), А.Байтұрсынов туралы "Ахмет Байтұрсынов" (1990) деген кітапшалары жұртшылыққа кеңінен мәлім.

Мараппаттары

Көрнекті ғалым 1971 жылы "Құрмет белгісі" орденінің иегері атанды. 1984 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері құрметті атағы берілді, оның есімі Қазақ ССР-інің "Құрметті алтын кітабына" жазылды (1981), Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1995), ҚР Мемлекеттік сыйлықтың (1996) лауреаты атанды.

1945 жылы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін" медалімен наградталды. 2004 жылы "Парасат" орденімен марапатталды. 2019 жылдың 29 тамызында Р.Сыздық президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен І дәрежелі "Барыс"орденімен марапатталған.

0
Кілт сөздер:
Рабиға Сыздық, ғалым