Саясат

Беларусь президентінің Қазақстанға не үшін келетіні белгілі болды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуЦистерны на нефтебазе, архивное фото
Цистерны на нефтебазе, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лукашенко Нұр-Сұлтандағы келіссөздерде Беларуске Қазақстан мұнайын жеткізу мәселесі талқыланатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Беларусь қазақстандық мұнайды еуропа нарығына бірге сата алады, деді Беларусь президенті Александр Лукашенко "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында.

"Егер біз бағаға қатысты келісімге қол жеткізсек, мұнайды жеткізіп, өңдей аламыз деп ойлаймын. Неге келіспеске? Біз қазақстандық мұнайды бірге өңдеп, оны еуропа, украин нарығына, жалпы кез келген нарыққа сата аламыз", - деп сенім білдірді Беларусь президенті.

Лукашенко өзінің елі Қазақстанмен бірлескен жобаларға мүдделі екенін атап өтті.

"Қазақстан-Ресей, Беларусь-Ресей ғана емес, сонымен қатар тікелей Қазақстан-Беларусь бірлескен жобалары болуы керек. Егер Ресей біздің экономикалық одақтың дамуына мүдделі болса, бұған кедергі болмайды деп ойлаймын. Өйткені егер біз ортақ жобаларды бұғаттай бастасақ, онда Беларусь, Қазақстан сияқты басқа елдер бақытты басқа жақтай іздейді", - деді ол.

Бұған дейін Қазақстан энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов жыл соңына дейін Беларуспен мұнай жеткізу туралы келісімге қол қойылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.   

Тағы оқыңыз: Лукашенко Тоқаевтың саясаты қандай екенін айтты

Мағауовтың айтуынша, келісімге қатысты әлі шешілмеген екі мәселе бар. Атап айтқанда, Қазақстан жеткізілген мұнайдың кері экспортына қарсы. Келісілетін тағы бір мәселе – құжат мәтініне редакциялық түзету енгізу.

Айта кетейік, Беларусь қазір тек Ресей мұнайын сатып алады.

Беларусь президентінің Қазақстанға сапары

24-25 қазанда Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келіп, Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізеді.

Тараптар интеграциялық бірлестіктер аясындағы және халықаралық платформалардағы, аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдер пакетіне қол қойылады.

Осы күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Беларусь бизнес форумы өтеді. Сондай-ақ, Қазақстанның астанасында Беларусь дипломатиялық өкілдігі ғимараттарының жаңа кешені ашылады деп жоспарланған.

Жаңалықтар
0