Экономика

Мәскеу - Нұр-Сұлтан рейсінің тарифі жолаушылар үшін тиімді - сарапшы

© Sputnik / Александр Натрускин / Медиабанкке өтуГлава аналитической службы Агентства "АвиаПорт" Олег Пантелеев
Глава аналитической службы Агентства АвиаПорт Олег Пантелеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"АвиаПорт" агенттігінің атқарушы директоры Олег Пантелеев FlyArystan лоукостері ұсынып отырған Нұр-Сұлтан - Мәскеу рейсінің тарифін қолжетімді әрі тартымды дейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Сарапшының пікірінше, арзан билет бағасы мен әуе компанияның табыс табуы арасындағы тепе-теңдікке жетуге болады. Бұған бүкіл әлемдегі лоукостерлер дәлел.

"Бұндай тепе-теңдікке жетуге болады және лоукост-модель қаржы жағынан ең жетілген боп саналады", - деді Олег Пантелеев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, FlyArystan лоукостерінің Мәскеу – Нұр-Сұлтан әуе рейсінің билеті 20 мың теңгені (52 доллар) құрайды. Бұл баға жолаушылар үшін тартымды болып қана қоймай, еуропалық әуе компаниялар деңгейімен пара-пар. Бұл тұста ұшу ұзақтығы мен рейстің халықаралық екенін де ескерген жөн.

Тағы оқыңыз: Ресей Қазақстанға бюджеттік әуе жолдарын дамытуды ұсынды

Жаңалықтар
0