Калькулятор, архивтегі фото

Кредит  барынша қолжетімді болады: үкімет жаңа бағдарлама әзірледі

8289
(Жаңартылды 10:22 06.11.2019)
Үкімет кәсіпкерлерге оқыту, құжат дайындау және тауарларды өткізу бойынша жан-жақты қолдау жасауды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Үкіметтің бүгінгі отырысында "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын тағы бес жылға ұзарту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, бүгінде бағдарламаның бес жылдық жаңа жобасы әзірленді. Оған 421 миллиард теңге қарастырылып отыр. Ол бұған дейінгі бес жылдық кезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Бұдан бөлек, бағдарламаның бірқатар тұсы өзгереді.

"Бірінші, айналым қаражатты кредиттеу көлемі 60-тан 360 миллион теңгеге дейін ұлғаяды. Екінші, кредиттеу барынша қолжетімді болады. Ол үшін микроқаржыландыру ұйымдарының кредиттерін субсидиялау және кепілдендіру енгізіледі", - дейді Дәленов.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыспен қамту және салық жағынан бірқатар өзгеріс болады. Сосын оқыту, құжат дайындау және тауарларды өткізу бойынша кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау жасалады.

Тағы оқыңыз: Kaspi.kz арқылы ақша аударуға тыйым салына ма – министрлік жауабы

Үкімет басшысы Асқар Мамин бағдарламаның жаңа жобасын қарашаның соңына дейін қабылдауды тапсырды.

"Екінші, мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осы жылдың соңына дейін бағдарламаны іске асыру үшін қажетті нормативтік актілерді қабылдау қажет. Үшінші, әкімдіктермен, "Атамекен" палатасымен және "Даму" акционерлік қоғамымен жаңа бағдарламаның тәсілдері мен мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер", - деп атап көрсетті Мамин.

8289
Кілт сөздер:
үкімет, кредит
Тақырып бойынша
Жұмыс істейтіндерге беріледі: Тоқаев 1 қаңтардан бастап өзгеріс болатынын айтты
"Күлкілі": Қазақстанда 500 мың теңгеден аса ақша айырбастауға тыйым салынбақ
"Ақшасын жеп қойды": Ұлттық банк төрағасы бизнесмендерге берілген кредиттер туралы айтты
Сенат депутаты: қазір әрбір қазақстандық 330 мың теңгеден қарыз
Сапарбаев жұртты мазалаған 5% зейнетақы жарнасына қатысты жауап берді
"Трагедияға айналдырудың қажеті жоқ": Тоқаев үкіметке өтініш жасады
Теңге, ақша

"Атаулы әлеуметтік көмек қысқартылады": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді

512
(Жаңартылды 10:46 12.08.2020)
Карантин кезінде әлеуметтік жәрдемақы алушылардың табысы есептелмей, автоматты түрде ақша аударылып отырды

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Жұмыспен қамту орталығы Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде астаналықтарға атаулы әлеуметтік көмек қысқартылмағанын мәлімдеді. Бұл жайында қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомство 2020 жылдың екінші тоқсанында төтенше жағдай режимі кезінде атаулы әлеуметтік көмек кірісті қайта есептеместен автоматты түрде тағайындалғанын айтты. Ал үшінші тоқсанда кірісті есептеу қарастырылған.

"Әлеуметтік желіде осы айда 2020 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек қысқартылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. 2020 жылдың шілде айынан бастап карантин шараларын сақтау аясында Нұр-Сұлтан қаласында АӘК есептеу II тоқсанындағы кірісті есептеуді ескере отырып, 2 941 отбасына автоматты түрде тағайындалды. Сондай-ақ "Электронды үкімет" веб-порталының "Электронды өтініш" бөлімі арқылы өтінім жіберген 160 жаңа өтініш берушіге АӘК есептелді", - делінген елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Қаланың барлық тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу және алу шарттары туралы сұрақтар бойынша 8 7172 57 88 88 телефонына хабарласа алады. Кеңес беру әрбір өтініш берушімен жеке жүргізіледі.

Астаналықтар АӘК тағайындауға өтінішті "Электронды үкімет" сайтында "электронды өтініш" бөлімі немесе czasp@astana.kz электронды поштасы арқылы бере алады, деп толықтырды Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы.

Айта кетейік, 14 шілдеде премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне АӘК-ті III тоқсанға тағайындауды белсенді түрде жүргізу туралы тапсырма берді.

Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 121 мың отбасының 625 мың мүшесіне автоматты түрде ұзартылғанын хабарлады. Екінші тоқсанда 561 мың қазақстандық мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей автоматты түрде жәрдемақы алды.

512
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, түсініктеме, атаулы әлеуметтік көмек
Тақырып бойынша
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін жағымды жаңалық шықты
Қазақстанда бала үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы төленуі мүмкін
"167 мың теңге алатындар бар": министр жәрдемақы туралы айтты
Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме – министрдің жауабы
Көпбалалы отбасылар жаңа жәрдемақы ала бастады
Ақша, теңге

Медициналық сақтандыру қорындағылар қанша жалақы алатыны белгілі болды

137
(Жаңартылды 16:11 11.08.2020)
Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырдған болатын. Оның орнына Болат Төкежанов келді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Медициналық сақтандыру қоры басшылық пен қызметкерлердің жалақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қордың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, орталық аппаратта 230 қызмет бар. Ал облыстық филиалдарда 620 маман жұмыс істейді. 

"Штаттық кестеге сәйкес, басқарма мүшелерінің жалақысы, соның ішінде басқарма төрағасының еңбекақысы салықтық төлемдерді есептемегенде 850 000 теңгеден басталады", - дейді мамандар.

Ал басқа қызметкерлердің айлықы үш-бес есеге төмен. Олар: 

  • менеджер – 170 000 теңгеден жоғары; 
  • аға менеджер – 250 000 теңгеден жоғары;
  • әкімшілік басқару персоналы –  300 000 теңгеден жоғары.

Биыл медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге жоспар бойынша 5,7 миллиард теңге қарастырылған.  

"Жаңа басшылықтың шешімі бойынша қызметкерлер штатын ұстауға кететін шығындардың оңтайландыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңде 119 миллион теңге көлемінде жалақы шығындары қысқартылады. Бұдан бөлек, қордың ұйымдастырушылық құрылымына талдау жасалуда", - дейді қор қызметкерлері. 

Сондай-ақ, PR шығындары – 102 миллион тенгеге, IT-қызметтері – 180 миллион теңгеге, кеңсе жалдау 95 миллион теңгеге, іс-сапар шығындары – 100 миллион теңгеге, баспа қызметтері 31 миллион теңгеге қысқартылды. Ал жиһаз бен кеңсе техникасын сатып алу сияқты күрделі қаржы шығындары 277 миллион теңгеге азаяды. Жалпы, барлық шығын 1 миллиард теңгеге азаяды деген жоспар бар.

Бұрынғы басшы төңірегіндегі шу 

Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұлов осы қызметке өткен жылы тағайындалған болатын. Биыл шілде айында оның жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты елдің ашуын туғызды. Әйел күйеуінің өзіне "он екінші көлік сыйлағанын" жазған. Жұмағұловтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Соған қарамастан, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырды. Оның орнына Болат Төкежанов келді. 

МӘМҚ жүйесі Қазақстанда 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Бірінші сәуірде жарна төлеу бойынша жеңілдік кезеңі ұзартылды. Сол аралықта әрбір азамат өз мәртебесін анықтап, жарна төлеп, қор қатысушысы болуға міндеттелді.

Айта кетсек, қазіргі таңда шағын және орта бизнес 2020 жылдың бірінші қазанына дейін қорға жарна төлеуден босатылды. Алайда жұмыс беруші мемлекеттік кірістер комитетіне қызметкерлер тізімін ұсынуға міндетті.

137
Кілт сөздер:
жалақы, медициналық сақтандыру қоры
Тақырып бойынша
"Он екі көлігі бар": Айбатыр Жұмағұлов желіні шулатқан жазбаға жауап берді
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры мекемелерге алты ай ішінде 4,6 миллиард теңге айыппұл салған
Арухана қызметкерлері

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды

0
(Жаңартылды 11:39 12.08.2020)
Елімізде осы күнге дейін COVID-19 індетінен 1 313 адам көз жұмса, оның ішінде 181 науқас коронавирустық пневмониядан қайтыс болған

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кеткен жөн, 1 тамыздан бастап елімізде коронавируспен бірге оған ұқсас пневмонияның статистикасы да қатар жүргізіледі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырған 691 адам анықталған. 22 науқас қайтыс болды. Жалпы, ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен науқастардың саны 100 855-ке жетті. Барлығы 1 313 адам көз жұмды.

Ал коронавирустық пневмониямен соңғы тәулікте 1 423 адам тіркелді. Қайтыс болғандардың саны 8 адамды құрап отыр. 1 тамыздан бері осы диагнозбен 14 760 адам тіркелсе, 181 науқас көз жұмды.

"Жалпы науқастардың арасында 419 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 101 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 94 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді министрлік мамандары.

Оқи отырыңыз: Коронавирус пен пневмония: мыңдаған адамның өлімі статистикаға неге енгізілмеді

 

0
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?
Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді
Пневмония коронавирус статистикасына қосыла ма – Қазақстан ДДҰ жауабын күтіп отыр
Тоқаевтың кеңесшісі пневмония мен COVID-ке қатысты жазба жариялады
Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті