Шекара, архивтегі фото

Ресеймен шекарада жаңа өткізу пунктерін ашу қажет Тоқаев

34
(Жаңартылды 22:18 07.11.2019)
Президент Тоқаев Ресей Федерациясымен шекарада қолданыстағы өткізу пункттерін кеңейтіп, жаңа пункттер ашу қажет деп санайды

ОМБЫ, 7 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекара бойындағы өңірлердің инфрақұрылымдық әлеуетін кеңейтіп, дамыту қажеттігін мәлімдеді.

Қазақстан президенті Омбы тұрғындарына алғысын білдірді

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі инфрақұрылым жаңа талаптарға сай емес.

"Сондықтан жаңғырту жұмысын жүргізу қажет. Трансұлттық дәліздердің рөлі зор. Оның ішінде "Бір белдеу – бір жол" және "Солтүстік – Оңтүстік" мегажобалары бар", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Оның пікірінше, Ресеймен шекаралас аудандарда жаңа өткізу пункттерін ашуға сұраныс артқан.

"Қытаймен мұндай тәжірибе бар. Осыған ұқсас жобаны Өзбекстанмен талқылап жатырмыз. Мен бұл жұмыстың қорытындысы оң болады деген үміттемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұндай жобалар қос ел арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізіп, транзитті-көлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететінін атап өтті.

34
Кілт сөздер:
шекара, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресей Sukhoi Superjet 100 ұшағын жеткізу туралы келісім жасауда
Қазақстан және Ресей: Елші әріптестіктің басты бағыттарын атады
Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының алғашқы съезі 2020 жылы өтеді
Қазақстан мен Ресей шекара межелеуді аяқтады
Тоқаевты Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда-саттықтың өсу қарқыны қуантады
Загрузка...