Үкімет үйі

Мамин үш вице-министрді жазалауды тапсырды

2811
(Жаңартылды 12:10 18.11.2019)
Үкімет басшысы Асқар Мамин вице-министрлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Жазаланатындар қатары үш шенеунікпен шектелмейді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Асқар Мамин азық-түліктің қымбаттауына жол берген ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция вице-министрлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Премьер-министрдің кеңсесі менің атыма үш күн ішінде азық-түліктің қымбаттауының алдын алу мәселесіне жауап беретін ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция вице-министрлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізсін", - деді Мамин үкімет отырысының соңында.

Вице-министрлермен қатар, Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе және Тараз әкімдерінің орынбасарлары тәртіптік жауапқа тартылмақ.

"Мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан жұмыс тобын құрып, бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа мерзімге және орта мерзімге арналған нақты шаралар әзірленсін. Роман Васильевич, жұмысты басқаруды сізге тапсырамын", - деді премьер-министр.

Асқар Мамин президент үкімет пен әкімдіктер алдына әлеуметтік маңызды үлкен міндет қойып отырғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Плагиат дауынан кейін білім вице-министрі қызметінен кетті

"Осы тапсырманы орындауға баса назар аударып, барлық қажетті шараны шұғыл түрде іске асыру қажет. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу керек. Мемлекеттік органдар мен әкімдерге жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын", - деді ол.

Үкімет басшының айтуынша, өңірлер арасында ең жоғары баға өсімі Шымкент пен Қызылорда қалаларында байқалған. Бұл екі өңірде 19 тауардың жетеуі қымбаттаған.

Ал Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе және Таразда 19 тауардың бесеуінің бағасы өскен.

"Бұл әкімдіктер, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция министрліктерінің жеткілікті жұмыс жүргізбей отырғанын көрсетеді", - деді Мамин.

2811
Кілт сөздер:
жазалау, үкімет, Асқар Мамин
Тақырып бойынша
"Үзілді-кесілді қарсы": Тоқаев жұрттың наразылығын тудырған мәселені қозғады
Танымал тергеуші тексеріске алынды: министр түсініктеме берді
Министр табысы 92 мың теңгеден аспайтындар үшін жағымды жаңалық болатынын айтты
Кредит  барынша қолжетімді болады: үкімет жаңа бағдарлама әзірледі
Министр Маминнен бюджетті игермеген басшыларды жауапқа тартуды сұрады
Загрузка...