Ақша, валюта, теңге, доллар

2020 жылы доллар бағамы қандай болады сарапшы болжамы

3179
(Жаңартылды 14:18 26.11.2019)
Қазақстандық сарапшы 2020 жылғы доллар бағамын болжады. Ол әлемдегі экономикалық ахуалдың елдегі жағдайға қалай әсер ететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Мұнай бағасы биылғы жылға қарағанда жоғары болады, бірақ доллар бағамы 400 теңгеге дейін өседі, деген пікір білдірді экономист Арман Байғанов.

"2020 жылы мұнайдың орташа бағасы биылғы жылға қарағанда жоғары болады. Brent баррелі 65-75 доллар шамасында болады деп күтілуде", - деп жазды Арман Байғанов Instagram желісіндегі парағында.

Сарапшы әлемдегі экономикалық ахуалға тоқталып, оның елдегі жағдайға қалай әсер ететінін баяндады.

"Мұнай бағасының болжалды өсуі ұлттық валютаға біршама қолдау көрсетеді. Дегенмен 2020 жылы инфляциялық процестер - 5-10 процент есебінен - АҚШ долларының бағамы 400 теңгеден асады деп ойлаймын", - деген болжам жасады экономист Арман Байғанов.

Тағы оқыңыз: Жинап жатқан ақшаңызды инфляциядан қорғау үшін не істеу керек?

3179
Кілт сөздер:
валюта бағамы, теңге, доллар
Тақырып бойынша
Жыл басынан бері халықтың табысы қаншаға өскені белгілі болды
Девальвация болатыны рас па – ұлттық банк жауап берді
Сегіз кредит жапқан: қомақты қаржы ұрлаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды
Тек әйелдерге берілетін ипотека: бағдарламаның шарттары белгілі болды
Человек открывает дверь

Қазақстанда тұрғын үй арзандады Ибрагимова

5236
(Жаңартылды 21:51 03.08.2020)
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басшысының пікірінше, Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне ықпал ететін фактор жоқ 

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Элиталық тұрғын үй нарығында баға төмендеді. Бұл туралы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова премьер-министрдің баспасөз қызметіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда үйленгеніне 3 жыл толмаған жас отбасылар үшін жаңа бағдарлама іске қосылды

"Элиталық тұрғын үй нарығында баға төмендегені байқалады, өйткені өте қымбат пәтерлерге деген сұраныс төмен. Менің ойымша, қайталама тұрғын үй (екінші дәрежелі тұрғын үйлер – Sputnik) нарығында баға төмендеуі мүмкін, өйткені онда бәрі сату жылдамдығына байланысты, яғни, егер сіз қымбат бағаға сатқыңыз келсе, онда сіз ұзақ уақыт жүріп қаласыз", — деп түсіндірді Ибрагимова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне ықпал ететін ешқандай фактор жоқ.

"Сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада сұраныс жоғары болады, өйткені жастар саны артып жатыр", - деп толықтырды спикер.

Ол карантиннен кейін барлық ипотекаға деген қызығушылықтың артқанын атап өтті.

"Маусым айында біз 5 мыңнан астам қарыз бердік. Бұл наурыз, сәуір және мамырдан бастап кейінге қалдырылған сұраныс. Шілде айында да сұраныс аса жоғары болды. Біз сондай-ақ "Бақытты отбасы", "Әскери баспана" бағдарламаларын іске асырып жатырмыз, "5-10-20" өтінімдерін қарауды толықтай тамыз айынан бастаймыз", - деп түйіндеді банк басшысы.

5236
Кілт сөздер:
тұрғын үй, баспана
Тақырып бойынша
Ақтөбеде "Нұрлы жермен" салынған жаңа үйге қатысты дау шықты
Баспана алу тәртібі қалай өзгерді: "сатылы жүйенің" ерекшелігі қандай?
"833 мың жетпейді": сенат төрағасы қандастарды мазалайтын үш мәселені атады
Қазақстандықтарға 6%-тік ипотека беріледі: ол үшін не істеу керек
Архивтегі фото

42 500 теңге: 2,1 миллионнан астам қазақстандық ақша алды

107
(Жаңартылды 20:36 03.08.2020)
Әлеуметтік төлемнің басым бөлігі проактивті форматта тағайындалды, сондай-ақ өтініштер Egov.kz порталы, telegram-боттар, 42500.enbek.kz порталы арқылы берілген

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 миллион өтініш қабылдады.

"Төлем 2 миллион 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 миллион қазақстандыққа аударылды", - деп хабарлады еңбек министрлігі.  

Төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2,4 миллион өтінімнің ішінде 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді.

"Тағы 604,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар, 342,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы, 625,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген", - деп нақтылады ведомство.

Оқи отырыңыз: Министрлік тамыз айында кімдер 63 мың теңге алатынын айтты 

Азаматтардың санаттары бөлінісінде 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді.

Жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлері үшін 202,8 мың өтініш берді.

Қалған 1 миллион 369,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті – жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар.

 Өтініш 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

107
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Үкімет тамыз айына 42 500 теңге қалай төленетінін түсіндірді
Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады
"Қалай құдайдан қорықпайды?": Әбілдина кімге сенуге болмайтынын айтты
Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Құжаттар, архивтегі сурет

Түркістан облысында жанжалдың немен аяқталғаны белгілі болды

0
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Келтірілген залалдың сомасын анықтау үшін сараптама тағайындалды

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында әйел өзінің танысымен жанжалдасып, оның күйеуінің көлігіне зақым келтірді, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Созақ аудандық ішкі істер бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын сағат 13.00-де үйіне таныстарының келіп, жанжал кезінде келген әйелдердің бірі күйеуінің автокөлігін зақымдағанын айтып арызданған.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 202-бабы ("бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

"Созақ ауданының полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктінің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында әйелдің жәбірленушімен қарым-қатынасы нашар болғандықтан, көліктің әйнегін сындырып тастағаны анықталды", - делінген ақпаратта.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Келтірілген залалдың сомасын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Әйел кепілге шығарылды.

0
Кілт сөздер:
полиция, жанжал, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Түркістан облысында бір топ адам шырт ұйқыда жатқан тұрғындардың зәресін ұшырды
Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі
Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео
Түркістан облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды