Асқар Мамин Росатом мемлекеттік корпорациясының басшысы Алексей Лихачевты қабылдады

Мамин "Росатом" басшысымен бірлескен жобаларды талқылады

21
Үкімет басшысы Асқар Мамин атом саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орын алатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.

"Атом саласындағы ынтымақтастық біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орын алады. Бүгінде бағыттардың кең спектрі бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр", — деді Мамин. 

Қазақстанда 5 қазақстандық-ресейлік бірлескен уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді: "Заречное" БК АҚ, "Қаратау" ЖШС, "Ақбастау" БК" АҚ, "ОТХК" БК" ЖШС, "Хорасан-U" БК" ЖШС.

2018 жылы олар 8427 тонна уран (ҚР-да уран өндірудің барлық көлемінен 38,8%), осы жылдың 9 айында – 6645,8 тонна уран өндірді. 

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын, соның ішінде уранды өндіру және байыту, ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы, сондай-ақ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен Төмен байытылған уран банкі бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

21
Кілт сөздер:
кездесу, компания, Ресей, Асқар Мамин
Тақырып бойынша
Тоқаев атом электр станциясы салына ма деген сұраққа жауап берді
Қазатомөнеркәсіп уран өндіру көлемін қысқартуға мәжбүр
"Үзілді-кесілді қарсы": Тоқаев жұрттың наразылығын тудырған мәселені қозғады
Қытаймен бірлескен жоба: Қазақстанда ядролық отын өндіру зауыты салынып жатыр
Загрузка...