Газ құбырының құрылысы

"Сила Сибири-2" газ құбыры: Қазақстанның ұсынысына келіседі ме?

95
Қазақстан арқылы газ құбырын тартудың бір артықшылығы – елде оған қажетті инфрақұрылым қазірдің өзінде бар

МӘСКЕУ, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан аумағы арқылы өтетін газ құбырының құрылысы "Сила Сибири-2" жобасын жүзеге асыруды жеңілдетуі мүмкін. Мұндай пікірді Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекші сарапшысы Игорь Юшков білдірді.

Дегенмен сарапшының пікірінше, жобаның параметрлері барлық үш елге де тиімді болуы үшін тараптарды келісу бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр.   

"Сила Сибири-2" – Ресей Федерациясынан Қытайға батыс бағыт бойынша газ жеткізуге арналған жоба. Қазақстан үкіметі газ беру жүйесінің форматын өзгертіп, газ құбырын ел аумағы арқылы тартуды ұсынды. 

Қазақстанның энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, ұсыныс қолдау тапса, елдің шығысын газдандыруға мүмкіндік болады. Шығыс Қазақстан облысындағы Сарыбұлақ газ кен орны көлемінің шағын болуына байланысты өңірдің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды.

"Қазақстан арқылы өтетін бағдарды қарастырып, одан белгілі бір артықшылықтарды табуға болады. Олардың ең бастысы – Түрікменстаннан Өзбекстан мен Қазақстан арқылы өтетін үш газ құбыры салынып қойған. Қазір бұл құбырлар Түрікменстаннан Қытайға газ тасымалдайды. Демек инфрақұрылымның бір бөлігі бар деген сөз. Қолда барды кеңейту қажет, тіпті болмаса, әзірге кеңейтпей-ақ газ жеткізе беру керек, өйткені қолданыстағы құбырларға салмақ түсіп жатқан жоқ", - дейді Игорь Юшков.

Сарапшы айқын артықшылыққа назар аударды – Батыс Сібірден Қазақстанға шикізат жеткізу үшін газ құбырының шағын ғана бөлігін салу қажет болады.

"Қазақстанға солтүстік-шығыс өңірлерді газбен қамтамасыз ету үшін де бұл құбыр қажет. Ресей Қазақстанға нақты осы учаскелерде қосымша газ сататын шығар. Қазір Ресей республикадан газ сатып алуда, бірақ бұл елдің батысында болып жатқан жағдай. Сондықтан Ресей батыста газды Қазақстаннан сатып алып, ал шығыста, керісінше, оны сатуы әбден мүмкін", - дейді сарапшы.

Қытай не дейді?

Игорь Юшковтың пікірінше, Қытай ресейлік газға Мәскеуге ұнамайтын баға белгілеуі мүмкін.

"Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстанның өзі газды Қытайға арзанға сатады деген күдік те бар. Бейжің ресейлік отынның құнын Ашхабадтан сатып алып жатқан бағадан өсірмеуді талап ететіні сөзсіз. Бұл Ресей үшін пайдалы болатыны және оған келісе қоюы екіталай", - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, бұл аспектіні мұқият есептеп, барлық ерекшелікті ескеру қажет.

"Барлығы Ресейдің Қытаймен газды қандай бағада жеткізуге келісетініне байланысты болады. Егер Мәскеуге өзінің жеке газ құбырын салу тиімді болса, онда өзінікін салуы керек. Егер Қытайдан қолайлы баға алып, сонымен бірге газды қолда бар газ құбыры арқылы сататын болса жақсы, құрылысқа ақша жұмсаудың керегі жоқ. Сондықтан бұл жерде калькуляторды алып, есептеу керек", - деп атап өтті Игорь Юшков.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап Шығыс Қазақстан облысын газбен жабдықтаудың балама шешімін – "Сила Сибири-2" жобасынан тыс Барнаулдан (Алтай өлкесінің әкімшілік орталығы, Ресей) газ құбырын тартуды ұсынып отыр. 

95
Кілт сөздер:
Қытай, Ресей, газ
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанға ресейлік газ тартылуы мүмкін
"Солтүстік ағын — 2" газ құбыры 2020 жылдың ортасында іске қосылады
Ресей 11,6 мың гектар жерді Қазақстанға қайтарады  
2019 жылдың 8 айында Қазақстан мен Ресей тауар айналымы 12,2 млрд долларға жетті
Нұр-Сұлтанға газ тарту қалай жүріп жатыр - карта
Павлодар облысын газдандыру: Қазақстан Газпроммен келіссөз жүргізуде
Загрузка...