Мұнай, архив фото

Сауд Арабиясы және Ресей: мұнай саласында не болып жатыр

456
(Жаңартылды 19:31 09.12.2019)
Венада ОПЕК+ форматындағы "мұнай альянсы" кездесуі алдында "Ресейде бәрі жаман және одан жаман болады" деген теорияны жақтайтындар қандай да бір үмітте болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Бұл үміт парсы шығанағы елдері, бірінші кезекте Сауд Арабиясында ішкі саяси, геосаяси және қаржы конъюнктурасындағы өзгерістер альянстың мұнай нарығына одан әрі әрекет етуіне жол бермейтіндігімен байланысты.

Бұл үмітті қолдайтын дәйектер ретінде бірнеше фактор келтірілді. Біздің батыстағы қарсыластарымыз олардың кейбіреулеріне ашық көрсетсе, басқаларына кулуарлық деңгейде көрсетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Біріншіден, батыс бұқаралық ақпарат құралдары, оларға қосылған көптеген қаржы сарапшылары "Эр-Риядта ОПЕК+ альянсы бойынша әріптестеріне, оның ішінде Ресейге сатқындық жасауға мықты себеп пайда болады" деген ойды белсенді түрде алға жылжыта бастады.

Бұл Saudi Aramco сауд мемлекеттік мұнай компаниясы акцияларды алғаш рет баршаға жария еткенде болады делінді. Әрине, бұның бәрі өз мұнай өндірісін дамытып, компания акциялары құнының өсімін қамтамасыз ету үшін және сәйкесінше оның нарықтық капиталдандыруын арттыру үшін істеліп отыр.

Тағы оқыңыз: Қаржы министрі бензиннің неге қымбаттағалы жатқанын түсіндірді

Бұндай логикаға мысал ретінде Bloomberg басылымының "Aramco акцияларын биржада орналастыру Сауд Арабиясын көбірек мұнай шығаруға ынталандырады" деген материалының цитатасын келтіруге болады.

"Сауд Арабиясы корольдігі акциялардың кез келген екінші сатылымдарының тартымдылығын арттыру үшін табысты көбейтуі керек. Бұл үздік әдіс. Бұл мұнай өндірісінің артуы болуы мүмкін. <...> Енді Saudi Aramco биржада сауда-саттықпен айналысатын компания болғанда, оған жұртшылыққа арналған компания сияқты әрекет ете бастауға тура келеді. Бұл дегеніміз, мемлекеттік мұнай алыбы акцияларының бағасы басшылар мен акционерлер үшін басты фактор болады деген сөз. <...> Енді басты назар акция бағасы мен ақша ағымын оңтайландыруға аударылғанда, монархия акциялардың болашақтағы сатылымдарының арқасында табыс көре алады. Ал Aramco-да өз табыстарын қысқа мерзімді перспективада ұлғайтуға негіз бар. Бұның ең үздік әдісі – мұнай өндірісін көбейту. Біз жаңа ынталандырулар болашақта ОПЕК әрекеттеріне ықпал етеді деп күте аламыз", - деп хабарлады бізге америкалық қаржы секторының рупоры.

456
Кілт сөздер:
мұнай, Ресей, Сауд Арабиясы
Тақырып бойынша
Путин батыстағы серіктестерге оларды не күтіп тұрғанын айтты
2020 жылы доллар бағамы қандай болады – сарапшы болжамы
1 қаңтардан бастап не өзгереді: министр Дәленов мәлімдеме жасады
Әкім жаңаөзендіктер неге митингке шыға беретінін айтты
WADA-ның Ресей спортына қатысты ұсынысынан қандай ой түюге болады
Токаев, Есимов и Бозумбаев

Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады

569
(Жаңартылды 18:36 07.08.2020)
Есімов мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесу барысында мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Есімов қордың биыл наурыз айында дәрігерлерге, полиция және әлеуметтік сала қызметкерлері үшін 6 миллион бетперде алуға қаржы бөлгенін айтты.

"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы президентке компанияның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе атқарған жұмысы туралы мәлімет берді. Бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде қор қаржысына 100 жедел-жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 ипульстік оксиметр және 3000 вирусқа қарсы "Авифавир" дәрісі сатып алынған.

Ахметжан Есімов қор Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында салынатын жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша емханалардың құрылысына қаржы бөлетінін жеткізді.

Қор төрағасы президентке Ресеймен бірлесіп қолға алынған коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты

Кездесуде "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялардың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ахметжан Есімов биыл үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленетінін, мұның 2017 жылмен салыстырғанда он есе көп екенін айтты.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударған болатын.

569
Кілт сөздер:
Ахметжан Есімов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстандықтарды дүрліктірген оқиға: Тоқаев тапсырма берді
Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті
Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді
Тоқаев елшіні қызметінен босатты
Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты
Қызметкер, жұмыс

Агенттік жұмыстан кеткен басшылар туралы ақпарат жариялады

3208
(Жаңартылды 18:24 07.08.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды отставкаға жіберу және тәртіптік жазаға тарту нормасының орындалуы бойынша есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды отставкаға жіберу және тәртіптік жазаға тарту нормасының орындалуы бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғасын тәртіптік жауапкершілікке тарту жоспарланған болатын. Атап айтқанда, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитовқа тікелей бағынатын қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекетін жасаған. Заң бойынша комитет басшысы жауап беруі тиіс. 

"25 шілде күні комитеттің Ақмола облыстық департамент басшысы Молдағұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Мамыр айында ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпкерден 700 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестат алуға қатысты оң шешім қабылдауға уәде берді", - дейді агенттік мамандары. 

Департамент басшысы осы қылмыс үшін параның он есеге артық мөлшерін, яғни, 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан да өмір бойына айырылды. Алайда комитет төрағасы Баитов Молдағұловқа қатысты сот үкімінің заңды күшіне енуіне дейін өз еркімен қызметінен босатылды.

"Бұдан бөлек, Қостанай облысы әкімінің өкімімен білім басқармасының басшысы Цымбалюк өз еркімен жұмыстан кетті. 29 шілде күні оған бағынышты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" КММ-нің басшысы Павличенко қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кезекті төлемді жедел аударғаны үшін пара алған. Сот үкімі заңды күшіне енбеген", - деді құқық қорғаушылар.

 

3208
Кілт сөздер:
басшы, жұмыс
Тақырып бойынша
Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Әкімдікке қарасты кәсіпорынның былық-шылығы ашылды - видео
Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0