Экономика

Дариға Назарбаева банктердің неден қорқатынын айтып берді

© Sputnik / Асатур Есаянц / Медиабанкке өтуСпикер сената Казахстана Дарига Назарбаева в столице Армении с официальным визитом, архивное фото
Спикер сената Казахстана Дарига Назарбаева в столице Армении с официальным визитом, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат төрайымы бәсеке болмаса, отандық банктер мен несие ұйымдары өзгеріске ұмтылмайтынын алға тартты

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Сенат төрайымы Дариға Назарбаева отандық банктердің проблемасын көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың бүгінгі отырысында депутаттар "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Осы орайда кейбір сенаторлар ортақ қаржы нарығында отандық банктердің қиындыққа тап болатынын жеткізді. Себебі еліміздің қаржы ұйымдары әлі күнге дейін мемлекеттің көмегіне зәру. Ал ресейлік және халықаралық қаржы ұйымдары техникалық жағынан мықты және заманауи қаржы құралдарын қолданып келеді. Ондай бәсекеге төтеп беру оңай емес. 

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева өз әріптестерінің пікіріне қосылды. Бірақ бәсеке болмаса, отандық банктер мен несие ұйымдары өзгеріске ұмтылмайды. 

"Жалпы, бәсекеден қорықпау қажет. Бүгінде "шетелдік банктер келіп, отандық банктерді басып алады" деген әңгіме өз банктерімізден шығып отыр. Себебі олар өз позицияларын жоғалтып аламыз деп қорқады. Бірақ бүгінде қаржы саласында проблема бар. Арзан ақша алуға мүмкіндік жоқ. Соның салдарынан шағын және орта бизнес тұншығып жатыр. Ал біздің банктер ол міндетті шешуге қауқарсыз", - деді Назарбаева.

Оның айтуынша, отандық банктер басқа қаржы ұйымдарымен бәсекеге түссе, өз шарттарын өзгертуге мәжбүр болады. Бұл – нарық заманының талабы.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева Елбасыдан бұрын сөйлеп, қайдан қауіп төніп тұрғанын айтты

"Мықты бәсекелестік болса, отандық банктер өз кемшіліктерінен құтылады. Ішкі әкімшілендіру жүйесін ретке келтіреді. Ол жерде де проблема бар", - деп атап көрсетті Назарбаева.

Жаңалықтар
0