Экономика

Сатылған жоқ: "Қазақфильмге" ешкім қызықпады

© Photo : kazakhfilmstudios.kzЗдание киностудии "Казахфильм"
Здание киностудии Казахфильм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған қоса, жекешелендіру тізімінен кейбір әуежайды, "Ордабасы" футбол клубы мен "Астана Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін алып тастау ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. "Қазақфильм" киностудиясы, Петропавл мен Шымкенттегі әуежай жекешелендіру тізімінен алып тасталмақ.

Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Жекешелендірілетін республика меншігіндегі ұйымдар тізімінен келесілерді алып тастау ұсынылады:

  • Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы;
  • "Петропавл қаласының халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы;
  • "Шымкент әуежайы" акционерлік қоғамы;
  • "Әскери құрылыс" акционерлік қоғамы.

Бұған қоса, тізімнен "Ордабасы" футбол клубы мен "Астана Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін алып тастау жоспарланып отыр.

Жекешелендірілмейтін нысандар қатарында "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамы және "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы да бар.

Заң жобасы 2020 жылдың 17 қаңтарына дейін ашық талқыланады.

"Қазақфильмді" жекешелендіру

2018 жылдың қаңтарында мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов "Қазақфильмді" жекешелендіруге қарсы шықты.

Егер киностудия жекеменшікке өтсе, ел отандық кинодан айырылады, деді ол.

Тағы оқыңыз: Қазақ киносы: 2019 жылы экранға шыққан фильмдер

Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі болған кезде "киностудия шамамен 4-5 жыл бұрын жекешелендірілетін нысандар тізіміне қосылды, бірақ акцияларды ешкім сатып алғысы келмеді" деген еді.

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ – түрлі фильмдер өндірісімен айналысатын Қазақстанның басты киноалаңы.

Киностудия негізі 1934 жылы Алма-Ата кинохроника студиясы ретінде қаланды, 1936 жылы алғашқы деректі фильмдер түсірілді.

Жаңалықтар
0