Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген үкімет отырысын ашты

Тоқаев облыс әкіміне ақшаны оңды-солды шашпауға кеңес берді

9194
(Жаңартылды 12:58 24.01.2020)
Президент Абайдың 175 жылдығын атап өту кезінде ысырапшылдыққа жол бермеуді тапсырды. Шетелден әртістер шақырып, көп концерт өткізудің қажеті жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығы мерейтойы аясында ысырапшылдыққа жол бермей, идеологиялық маңызы бар шараларға басымдық беруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Жаңа ғана сіз өз баяндамаңызда 20 миллиард теңге керек деп айттыңыз. Не үшін қажет?", - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімінен.

Даниал Ахметов бұл ақша бюджетте қарастырылғанын, қаланы абаттандыруға, музейге бөлінетінін айтты.

"Қажет болса, қысқарту керек (20 миллиард теңгені – Sputnik). Ысырапшылдыққа жол бермеу қажет. Той деген тойлау үшін емес, толғау үшін керек бәрімізге. Сондықтан бұл шаралар өткізгенде абайлау керек. Шетелден әртістер шақырып, көп концерт өткізудің қажеті жоқ. Әкімдердің арасында ең тәжірибелісі сізсіз. Сондықтан Абайдың 175 жылдығы аясында жоспарланған шараларды мұқият қарап шығыңыз. Шаралар ағартушылық сипатта болғаны жөн, идеологиялық маңызы болуы керек", - деді Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Абайдың мерейтойына қанша ақша жұмсалатыны жарияланды

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Семей қаласын абаттандыруға назар аударуды сұрады.

"Менің шешіміме сәйкес, қалаға тарихи орталық мәртебесі беріледі. Бұл атау ғана емес, бұл нақты шараларды талап етеді. Тарихи орталықтың тұрғындары үкімет пен басшылықтың назарын сезінуі керек. Бұл міндетті орындау сіздің қолыңыздан келеді деп сенемін, - деді президент.

9194
Кілт сөздер:
Абайдың 175 жылдығы
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (44)
Тақырып бойынша
Абайдың 175 жылдығы: ақынның есімі қандай нысандарға беріледі?
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
 Абайдың мерейтойына арналған негізгі шаралар
Абайдың 175 жылдығы: Тоқаев пен Назарбаев ресми шараға бірге келді     
Загрузка...