Нұрсұлтан Назарбаев пен Ахметжан Есімов, архивтегі фото

Есімов Назарбаевқа сыртқы қарыз 5,1 миллиард долларға азайғанын хабарлады

13364
"Самұрық-Қазына" қоры компаниялары тобының таза кірісі 1,2 триллион теңгені құрап, жоспарланған көрсеткіштен 38 пайызға артқан

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылға арналған даму қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарызын өтеді

Есімов қор компаниялары тобының таза кірісі 1,2 триллион теңгені құрап, бұл жоспарланған көрсеткіштен 38 пайызға артық екенін хабарлады. Қарыз жүктемесі  2017 жылдан бері 1 триллион теңгеге, ал сыртқы қарыз 5,1 миллиард АҚШ долларына азайған.

Сондай-ақ, қор компанияларының қаржылық жағдайын одан әрі жақсарту, портфельді компаниялардың IPO-ға шығуы және жекешелендіру жоспарын іске асыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

13364
Кілт сөздер:
Назарбаев, сыртқы қарыз
Тақырып бойынша
Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп кетті: не болғанын министр түсіндірді  
Сенат депутаты: Қытай Қазақстанды басынан бақайшағына дейін зерттеп отыр
"Самұрық-Қазына" халықаралық банктерге қарызын мерзімінен бұрын қайтарды
"Қарызымыз бастан асады!" Депутат вице-министрдің сөзіне ашуланып кетті
Үкімет Қытайдың қарызынан бас тартты: LRT құрылысына ақша қайдан алынады
ТМД елдерінің тулары

ТМД елдері премьер-министрлерінің онлайн-отырысы өтті

47
Үкімет басшыларының отырысы онлайн-режимде өтті. Жиында коронавирус инфекциясына қарсы тұру және елдердің экономикалық байланысын нығайту мәселесі сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр  - Sputnik. Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус ТМД елдерінің экономикасына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. Сондықтан экономиканы цифрландыруды қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

"Сауда-экономикалық саладағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығы артып отыр. Коронавирус эпидемиясының салдарын жою үшін сауда кедергілері мен шектеулерді жою жұмысын белсенді жүргізу керек. Көлік саласындағы байланысты нығайту қажет", - деді Мишустин.

Оның айтуынша, еркін сауда жөніндегі келісімді барынша жылдам жасау керек. Осының арқасында экономикаларды цифрландыру қамтамасыз етіледі.

Пкіріталасқа қатысушылар ТМД-ның 2030 жылға дейін дамуы стратегиясының жобасын қабылдады.

ТМД-ға мүше елдер премьер-министрлерінің келесі отырысы 6 қарашада Өзбекстанда өтеді деп жоспарланып отыр.

47
Әуежай, архивтегі сурет

Қазақстан қандай мемлекеттермен әуе қатынасын жандандырады

91
(Жаңартылды 16:10 29.05.2020)
Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылатыны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық рейстерді ашу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында бірнеше халықаралық бағытта рейстерді ашуға тапсырма берілді.

Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылады. Қазіргі кезде комитет мамандары Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесін пысықтауға кірісті. Осы мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, тиісті шаралар қолға алынады.  

"Екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады. Айта кетер жәйт, осы рейстердің бәрі ертеңнен бастап ашылмайды және эпидемиологиялық жағдайға қарай барлық инстанциялармен келіскеннен кейін басталады. Рейстердің ашылатын күнін қосымша хабарлаймыз", - деді Ластаев бүгінгі онлайн брифингте.    

Айта кетейік, карантин енгізілгелі бері Қазақстанда 97 халықаралық бағытқа әуе қатынасы тоқтатылған болатын. Ұшақтар аптасына 440 рейс жасап тұрды.

91
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, мемлекет, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
"Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Қазақстанның туризм саласы миллиардтаған шығынға ұшырауы мүмкін
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

244
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

244
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин