мәжіліс депутаттары

Депутаттар вице-премьерден Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалғанын сұрады

221
(Жаңартылды 13:37 10.02.2020)
Мәжіліс депутаттары "ҚазАгро" ұлттық компаниясының тиімділігіне күмән келтіріп, оны жазылмас дертке теңеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары "ҚазАгро" холдингінің тиімділігіне күмән келтірді. Олар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың басқа жүйесін ойластыру қажет деп санайды. Бұл туралы мәжілісте бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік аудитті одан әрі дамыту туралы үкімет сағатында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Жексенбай Дүйсебаев бюджеттің миллиардтаған теңгесін тиімсіз пайдаланып, уақытылы жұмсамайтын квазимемлекеттік сектордың компанияларын сынға алды. Соның бірі - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі.

"Соңғы төрт жыл ішінде бұл компанияға республикалық бюджеттен шамамен 473 миллиард теңге бөлінген. 2016 жылы холдинг шығындары 92,3 миллиард теңгені, 2018 жылы 126 миллиард теңгені құрады. Осы жылдары олар мемлекетке бір теңге де дивиденд төлеген жоқ", - деді ол.

Мәжілісмен президент Тоқаев өз жолдауында үкімет пен есеп комитетіне үш ай ішінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізуді тапсырғанын еске салды.

"Белгіленген үш ай уақыт өтіп кетті. Содан бері жарты жыл өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай орындалды? Жүргізілген талдаудың қорытындылары қандай?", - деп сұрады Дүйсебаев үкімет басшысының бірінші орынбасары, қаржы министрінен Әлихан Смайыловтан.

Оның айтуынша, президенттің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылып, "Самұрық- Қазына", "Бәйтерек" және "ҚазАгро" компанияларының жұмысына талдау жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталған.

Бірінші, инвестициялық жобалардың тиімсіздігі. Екінші, дивиденттік саясатында кемшіліктер бар. Үшінші, борыштық міндеттемелерінің өсуі байқалады.

"Біз осыған сәйкес, тиісті ұсыныстар бердік. Біріншіден, мемлекеттік холдингтердің стратегиялық жоспарлау жұмыстарын жетілдіруіміз керек және олардың көрсеткіштерін біздің мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштерімен сәйкестендіру қажет. Екіншіден, олардың сатып алуларын бірыңғай заңмен қамамасыз ету керек. Біз қазір бірыңғай сатып алу туралы заң жобасын әзірлеп жатырмыз. Дивидентік саясатын біз бекітуіміз қажет. Барлық квазимемлекеттік компания таза табысының кем дегенде 50 процентін мемлекеттік бюджетке аударуы тиіс", - деді Смайылов.

Тағы оқыңыз: Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді

Сонымен қатар, кейбір квазимемлекеттік органдардың еншілес компанияларын тікелей министрлікке беру ұсынылды. Бұл ұсыныстар желтоқсан айында президенттің әкімшілігіне енгізілген.

"ҚазАгро" холдингіне тоқталсақ. Былтыр компанияға жаңа басшылық келді. Нәтижесінде штат саны қысқарды, былтыр 800 миллион теңгедей үнемделді. Биыл тағы да "ҚазАгроның" шығындары екі миллиард теңгеге азаяды", - деп сендірді бірінші вице-премьер.

Смайыловтың жауабына Дүйсебаевтың көңілі толған жоқ. Депутаттың айтуынша, ҚазАгроның мәселесі үнемі талқыланғанмен, еш нәтиже жоқ.

"Нақты өз ойыңызды айтыңызшы. Осы холдинг ауыл шаруашылығын байытуға, оның деңгейін кеңейтуге, ары қарай жолын ашуға қажеттілігі бар ма, жоқ па?", - деп сұрады мәжілісмен.

Смайылов ауыл шаруашылығын қаржыландыратын институттар елге қажет екенін атап өтті.

"Егер біз бұл холдингті жойып тастап, тек банк секторына сүйенетін болсақ, банктер ешқашан ол жерге бармайды. Неге десеңіз, олардың талаптары өте қатал. Ал, біздің ауыл шаруашылығындағы кепілдіктер банк қоятын талаптарға сай емес. Сондықтан, ауыл шаруашылығын қолжетімді тариф бойынша қаржыландыратын мемлекеттік институттар керек", - деді ол.

Осы тұста сөзге мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева араласты. Вице-спикер де ҚазАгроның тиімділігіне күмән келтірді.

"Әлихан Асханұлы, банктер айналыса алмайды дедіңіз. ҚазАгроның тиімділігі мен нәтижесі жоқ екенін көріп отырмыз. ҚазАгро созылмалы ауру емес, меніңше, жазылмас дертке айналды", - деді ол.

Сол себепті, оның сөзінше, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың басқа жүйесін ойластыру қажет.

221
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, мәжіліс депутаттары
Тақырып бойынша
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Депутат білім вице-министрін отставкаға жіберуді талап етті
Депутат мұғалімдерге айыппұл салу мәселесін көтерді
Депутат түнгі клубта жанжал шығарып, адамдарды соққыға жықты
Депутат Божко қаймақтың бағасына таңғалды
Мейрамбек Бесбаев депутат Балиевамен қандай мәмілеге келгенін айтып берді
ТМД елдерінің тулары

ТМД елдері премьер-министрлерінің онлайн-отырысы өтті

49
Үкімет басшыларының отырысы онлайн-режимде өтті. Жиында коронавирус инфекциясына қарсы тұру және елдердің экономикалық байланысын нығайту мәселесі сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр  - Sputnik. Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус ТМД елдерінің экономикасына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. Сондықтан экономиканы цифрландыруды қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

"Сауда-экономикалық саладағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығы артып отыр. Коронавирус эпидемиясының салдарын жою үшін сауда кедергілері мен шектеулерді жою жұмысын белсенді жүргізу керек. Көлік саласындағы байланысты нығайту қажет", - деді Мишустин.

Оның айтуынша, еркін сауда жөніндегі келісімді барынша жылдам жасау керек. Осының арқасында экономикаларды цифрландыру қамтамасыз етіледі.

Пкіріталасқа қатысушылар ТМД-ның 2030 жылға дейін дамуы стратегиясының жобасын қабылдады.

ТМД-ға мүше елдер премьер-министрлерінің келесі отырысы 6 қарашада Өзбекстанда өтеді деп жоспарланып отыр.

49
Әуежай, архивтегі сурет

Қазақстан қандай мемлекеттермен әуе қатынасын жандандырады

91
(Жаңартылды 16:10 29.05.2020)
Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылатыны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық рейстерді ашу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында бірнеше халықаралық бағытта рейстерді ашуға тапсырма берілді.

Алдымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасы ашылады. Қазіргі кезде комитет мамандары Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесін пысықтауға кірісті. Осы мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, тиісті шаралар қолға алынады.  

"Екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады. Айта кетер жәйт, осы рейстердің бәрі ертеңнен бастап ашылмайды және эпидемиологиялық жағдайға қарай барлық инстанциялармен келіскеннен кейін басталады. Рейстердің ашылатын күнін қосымша хабарлаймыз", - деді Ластаев бүгінгі онлайн брифингте.    

Айта кетейік, карантин енгізілгелі бері Қазақстанда 97 халықаралық бағытқа әуе қатынасы тоқтатылған болатын. Ұшақтар аптасына 440 рейс жасап тұрды.

91
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, мемлекет, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
"Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Қазақстанның туризм саласы миллиардтаған шығынға ұшырауы мүмкін
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы