Экономика

Досаев Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатқанын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан - Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімдеді.

Сонымен қатар мемлекеттің ұлттық қорын басқарудың 2019 жылғы есебі берілді. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұлттық банк қайта құрылды

2020 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстанның Ұлттық банкі қайта құрылғант болатын. Банктен жаңа дербес құрылым - қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлініп шықты. Ұлттық банк секілді агенттік те Қазақстан президентіне тікелей бағынып, есеп береді.

Ұлттық банктің бас кеңсесі 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласына көшіріледі, ал агенттік Алматыда қалады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстанның орталық банкі штатынан 500 адам ауысады.

Агенттіктің міндеттері:

  • қаржы нарығын реттеу және дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын әзірлеу;
  • қаржы ұйымдарының корпоративтік басқаруын жақсарту үшін ынталандыру;
  • тұрақты қаржы жүйесін сақтау үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына мониторинг жүргізу.
Жаңалықтар
0