Теңге, ақша

"14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

4194
Сарапшылар қазақстандықтарды қаржы алаяқтарының арбауына түсіп қалудан сақтанып, ақшаға мұқият болуға шақырып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Соңғы күндері қазақстандықтарға мессенджерлерден белгілі бір сомадағы қаржыны "Котел немесе Черная касса" деп аталатын ойынға салсаң, қаржыға кенелесің деген хабарламалар көптеп келе  бастады. Сарапшылар мұндай хабарламаларға қатысты ойымен бөлісті.

Ең алдымен 14 300 теңгені салым ретінде төлеп, дәл осы сомадағы қаражат салатын тағы екі адамды шақыру керек. Адамдар көбейген сайын алғаш кіргендер жоғарылай түсіп, 114 мың теңге алады. 

Ал бұл мәселеге қатысты сарапшы Андрей Чеботаревтың айтуынша, алғаш келген инвесторлардың кейінгілердің арқасында табысқа кенелуіне негізделген схема Понци кестесі деп аталады.

"Бұл өзі ертеректе шыққан "МММ", "Кэшбери" немесе осы күндері кеңінен танылған түрлі бағыттағы тұрғын үй, круиздік кооперативтер сияқты қаржы пирамидалары болып табылады", - деп жазды ол FINANCE.kz сайтындағы Telegram-каналында.

Сарапшы пікірінше, бұл жүйе тек бастапқы кезеңдерде ғана жұмыс істейді. Қатарға қосылушы адамдар саны азайғанда, еселеп қайтарылатын қаржы таусылады. Сонда бастапқыда уәде етілген 114 мың теңгені алғаш болып ақша салғандар мен ойын құрастырушылары ғана алады. 

"Өзіңізді алдауға мүмкіндік бермеңіз. Мұндай жеңіл жолмен ақша табу мүмкін емес екенін жақындарыңызға да ескертіңіз", - дейді Чеботарев. 

Еске сала кетсек, 2019 жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында Questra қаржы пирамидасын құрушыларға қатысты сот шешімі шығып, кінәлілер 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

358 адам алаяқтардың арбауына түсіп, 2016-2017 жылдары 480 миллион теңгені қаржы пирамидасына салған.

4194
Кілт сөздер:
ақша, қаржы пирамидасы
Тақырып бойынша
Жамбыл облысында майордың қылмысы видеоға түсіп қалды
Ақтөбелік жігіт миллиондаған ақша алудың қитұрқы жолын тапты
Қазақстанда байып кетпек болған 130-ға тарта адам тақырға отырды
"Біз мұны күтпеп едік". Қазақстандықтар Мысырға ағылып жатыр
Павлодарда мектеп мұғалімінің қылмысы әшкере болды
Загрузка...