Үкімет

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін қомақты қаржы үнемделмек

354
(Жаңартылды 12:11 18.02.2020)
Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы негізсіз шығындарды қысқартуды жалғастыруды тапсырған еді

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстан үкіметі негізсіз шығындарды қысқарту аясында 128,6 миллиард теңге үнемдейді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы негізсіз шығындарды қысқарту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырған еді. Тапсырманы орындау үшін қаржы министрлігі шығыстарды талдау бойынша жұмыс жүргізіп, ұсыныстар әзірледі.

"Жалпы алғанда, 128,6 миллиард теңге шығысты оңтайландыру ұсынылды. Оның ішінде мемлекеттік органдардан 23 миллиард теңге, өңірлерден 26,6 миллиард теңге мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 миллиард теңгеге ұсыныстар түсті", - деді Смайылов үкімет отырысында.

Айтуынша, мемлекеттік бюджет бойынша семинарлар мен конференциялар өткізу, автокөлік, жиһаз сатып алу бойынша 4,2 миллиард теңгені, іссапар, өкілдік шығыстар, талдамалық зерттеулер бойынша 15,7 миллиард теңгені, өзге де негізсіз шығындар бойынша 29,7 миллиард теңгені үнемдеу ұсынылды.

Қаржы министрі бұл ұсыныстар кезең кезеңмен жүзеге асырылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Әлихан Смайылов ұлттық экономика министрлігі қаржы министрлігімен бірлесіп, квазимемлекеттік сектордың бюджетке төлеп отырған дивидендтер көлемін 50%-ке жеткізу мәселесін пысықтауды жылдамдату қажеттігін жеткізді.

354
Кілт сөздер:
үнемдеу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет
Тақырып бойынша
Қазақстанда интернет арқылы қанша ақша табуға болады
Ең төменгі күнкөріс шегі деген не және оны неге арттыру керек
Қазақстандықтарға 4%-тік микрокредит беріледі
Армения көлік сатып алған қазақстандықтарға ескерту жасады
"14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты
Премьер-министр әкімдерге: "Менен ақша сұрамаңдар!"
Загрузка...