Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс

2972
(Жаңартылды 09:12 19.02.2020)
Сенаты төрағасы Қазақстанда ет маңыздылығы жағынан наннан кейін екінші тұратындықтан, бұл өнім дәмді, сапалы және бағасы қолжетімді болуы керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауларға дайындық аясында еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдерінің және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен ет өндірісі саласының қазіргі жағдайына арналған кездесу өткізді.

Жүздесуге сенат депутаттары, ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен мал шаруашылығы бойынша өнім өндірушілер қатысты.

Алдымен ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Қазақстандағы мал шаруашылығының қазіргі күй-жайымен таныстырды, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.

Министрдің бірінші орынбасары ет өндірісі еліміздегі негізгі салалардың бірі екенін айта келіп, өткен жылы 1,1 миллион тонна ет өндірілгенін жеткізді.

"Отандық ет өнімдерінің экспорты айтарлықтай емес. 2019 жылы 372 тонна шұжық және 769 тонна консерві өнімдері экспортталды. Сонымен қатар, Қазақстаннан 156 063 ірі қара және 263 737 ұсақ мал сыртқа жөнелтілді", - дейді Сапаров.

2019 жылдың қазан айында елімізден ірі қара мен саулықтарды сыртқа шығаруға тыйым салынғанына қарамастан 26 781 ірі қара және 22 272 бас ұсақ мал әкетілген.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева мал шығаруға тыйым салу және оның зардаптары мәселесін көтерді.

"Ет дәмді, сапалы және бағасы қолжетімді болуы тиіс. Бүгін біздің қолымызда не бар? Ет бағасы өте тез өседі. Бізде ет бар, бірақ біздің нарықта неге қымбат? Оның үстіне, біздің еліміз бен халқымыз етті бағдарға алады. Маңыздылығы жағынан наннан кейін екінші өнім – ет", - деді Д.Назарбаева.

Батыс Қазақстан облысындағы "Кублей" серіктестігінің бас директоры Талғат Берекешев қайта өңдеу өнеркәсіп орындарының басты мәселелеріне тоқталды. Оның пікірінше, қайта өңдеу кәсіпорындарының толық іске қосылмауы негізгі проблема болып отыр.

"Бұл қалай болғаны?": Дариға Назарбаева үкіметтің жұмысын сынға алды

"Ет комбинаттары 40-45% қуатында жұмыс істеп тұр. Бұған ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы жөніндегі бағдарламасы басты себеп болуда. Оған сәйкес, барлық субсидия өндірістік кәсіпорындарда шикізатты қайта өңдеуге емес, бордақылау алаңдары арқылы жіберіледі. Сондықтан фермерлер малды ет комбинатына емес, бордақылау алаңына тапсырса ғана малға субсидия алады. Яғни, олар бізге ет беруге құштар емес. Ал бордақылаушыларға экспорт тиімді, сондықтан субсидиямен алынған мал сатып алушыларға кетеді", - деп атап өтті Т.Берекешев.

Сенат төрағасы егер әр зауыт ең болмағанда 90% қуатында жұмыс істегенде, өнім көлемі мүлдем басқа әрі нарықтағы бөлшек баға да басқа болатынын және делдалдар азаятынын атап өтті.

"Қазір біз халықтың тамағы тоқ болуын, негізгі азық-түліктің қолжетімді болуын ойластыруымыз керек. Бұл – біздің басты міндетіміз. Ауыл шаруашылығының алдында сала ретінде басымдықтар бар. Қазақстандықтар туралы ұмытпайық. Олардың дастарқанында қолжетімді дәмді ет болуы керек. Алдымен азық-түлік қауіпсіздігін ойлау керек. Өз еліміздің тоқшылықта болуы маңызды", - деді Назарбаева.

Сенат басшысы ет саласының қазіргі жағдайы туралы айта келіп, оның жеңіл өнеркәсіппен байланысын атап өтті.

"Малды сою – бұл да маңызды мәселе. Себебі терінің сапасы бізде жеңіл өнеркәсіптің дамуына әсер етеді. Бұл мәселеге барлық жағынан кешенді түрде қарау керек", - деді ол.

Дариға Назарбаева кездесуді қорытындылай келіп, парламенттік тыңдаудан кейін де жұмыс жалғасатынын атап өтті.

"2020 жылдың соңына, 2021 жылдың басына қарай Агроөнеркәсіпті дамытудың жол картасы дайын болады. Зерделі заңдар мен ережелер қабылдануы керек. Сіздермен мүддеміз ортақ – ауыл шаруашылығымызды көтеру, отандық өндірістің дәмді әрі арзан өнімдері дастарқанда мол болуы үшін бай ел болу керек. Оны қарапайым заттардың экономикасы дейміз", - деді Д.Назарбаева.

 

2972
Кілт сөздер:
ет, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
"Бұдан жағдай жақсармайды": Дариға Назарбаева сенатта маңызды мәселені көтерді
Назарбаевтың кенже қызы желіде жазба жариялады
"Жаңа қонысыңыз құтты болсын": Назарбаева жаңа министрге сәттілік тіледі
Дариға Назарбаева банктердің неден қорқатынын айтып берді
Назарбаева "Күнделіктің" жұмысын кімдер шектеп отырғанын айтты
Назарбаева сенаттың ұсынысына атүсті қараған үкіметтегі шенеуніктерді сынады  
Ақорда ғимараты

Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

125
(Жаңартылды 19:06 27.05.2020)
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстанда экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Қаулы Ақорда сайтында жариялаған.

"Жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мемлекеттік комиссия құруды қаулы етемін", - деп жазылған ақпаратта. 

Премьер-министр Асқар Мамин комиссия төрағасы болады.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов комиссия төрағасының орынбасары.

Ал Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ерғалиев комиссия хатшысы болады.

Жаңа құрылған комиссия құрамына енген шенеуніктердің толық тізімі Ақорда сайтында жарияланды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев шенеуніктерге: ақша мен уақытты босқа жұмсауды доғару керек

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

125
Кілт сөздер:
экономика, жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев митинг туралы заңға қол қойды
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
"Жауапқа тарту қажет": Тоқаев оқулықтардың сапасы өте төмен екенін айтты
Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, архивтегі сурет

Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды министр

158
(Жаңартылды 14:49 27.05.2020)
Мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныстың төмендеуі қызметкерлердің жұмыссыз қалуына себеп болып отыр

АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Мұнай компанияларында 3,5 мың адам жұмыссыз қалды. Бұл жайында халыққа есеп беру барысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қызметкерлердің жұмыссыз қалуына мұнайға деген сұраныстың төмендегені әсер етіп отыр.

"Біздегі мәлімет бойынша, мұнай сервисі саласында үш жарым мыңға жуық адам жұмыссыз қалды. Мемлекет қызметкерлер санының одан әрі қысқармауы үшін бар күш-жігерін жұмсайды", – деді министр.

Ноғаев маусымның соңына дейін ТШО мен басқа да сервистік компания қызметкерлерінен жалақы төленетінін айтты.

"Сонымен қатар мемлекет жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау және салық төлеуге жеңілдік беру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мұнай сервистік компаниялар осы шараларды пайдалана алады", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Вирус салдарынан қанша адамның жұмыссыз қалатыны айтылды

Айта кетейік, Қазақстан мұнай өндірісін өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке азайтуды жоспарлап отыр. Демек, 2020 жылы елімізде 86 миллион тонна мұнай өндіріледі.

158
Кілт сөздер:
жұмыссыздық, жұмысшылар, жұмысшы, жұмыс, мұнай өңдеу зауыты, мұнай
Тақырып бойынша
"Ата-анасы жұмыссыз" Министр 5 баласы бар отбасыны мысалға келтірді
Министр коронавирус салдарынан жұмыссыз қалған адамдарға не істеу керектігін айтты
Денсаулық сақтау министрі жұмыс тәртібіне қатысты кеңес берді
Қазақстанда қанша жас жұмыссыз жүр?
 "Алты ай төлемақы алуға болады": Министр жұмыссыз қалғандарға кеңес берді
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

94
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

94
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр