Үй

Биыл Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгереді

484
(Жаңартылды 15:25 19.02.2020)
2020 жылы жылжымайтын мүлік нарығындағы баға өсімін 15 миллион шаршы метр баспана салу арқылы тежеу көзделіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Биыл жаңа пәтерлер бағасы қатты өзгермейді, деді "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев.

"Бұл нарықтың қарапайым ережелері. Баға ұсыныс жетіспеген кезде өседі. "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік бағдарламаның бәрі жаңа үй сатып алуға бағытталған. Егер өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның тұрғын үй қоры шамамен 13 миллион шаршы метр болса, биылғы жылы 15 миллион шаршы метрге жуық баспана салу жоспарда бар. Яғни, жылжымайтын мүлік одан да көп болады. Ал егер пәтер көп болса, олардың бағасы қатты өзгермейді деп болжап отырмыз", - деді Омарқожаев сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Елорда әкімі биыл қанша қолжетімді баспана салынатынын айтты

Атап өтсек, былтырдан бастап елімізде "Бақытты отбасы" бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бұған қоса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспаналы болуға болады. Басқа да түрлі бағдарлама мен жолдар қарастырылған.

484
Кілт сөздер:
баға, тұрғын үй, Қазақстан
Тақырып бойынша
Ең төменгі күнкөріс шегі деген не және оны неге арттыру керек
Тоқаев тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті
"14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты
Алматы әкімі: 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен беріледі
Газға қосылу үшін алматылықтарға пайызсыз кредит беріледі  
Загрузка...