Ақша

Ұлттық банк 2000 теңгелік ақша туралы мәлімдеме жасады

3369
(Жаңартылды 13:18 20.02.2020)
Қазіргі уақытта ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған номиналы 2000 теңгелік банкноттар айналымда жүр

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан Республикасының ұлттық банкі номиналы 2000 теңгелік банкноттар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі уақытта ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған номиналы 2000 теңгелік банкноттар айналымда жүр. Азаматтар қайсы жалған екенін білмей әлек болды.

"Қазақстан Республикасының ұлттық банкі ұлттық валюта – теңге банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес, ұлттық банк төрағасының теңге банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталғанын еске салады. Қазіргі уақытта айналымда ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар", - делінген ақпаратта.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Мамин мен Досаевты неге шақырып алды?

Бұл банкноттар заңды төлем құралы саналады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті, деп атап өтті ұлттық банк.

Ал сұрақтар туындаған жағдайда қолма-қол ақша айналымы департаментінің +7 (727) 596-814 телефонына хабарласуға болады.

3369
Кілт сөздер:
банкнот, теңге, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Ең төменгі күнкөріс шегі деген не және оны неге арттыру керек
Қазақстандықтарға 4%-тік микрокредит беріледі
Армения көлік сатып алған қазақстандықтарға ескерту жасады
"14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты
"Котёл" ойыны: Тоқаевтың кеңесшісі өз ойын ашық айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев КСМ Техновид ЖШС кәсіпорнына барды

Президентке құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді

31
(Жаңартылды 17:28 25.09.2020)
Тоқаев Алматының Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында "КСМ Техновид" ЖШС  кәсіпорнына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Мемлекет басшысы қаланың Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты", - делінген хабарламада.

Президентке кәсіпорынның өнімдері таныстырылып, құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді. Мұнда 250-ден астам адам жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев

Компанияның жобаға салған жеке инвестициясы 3,8 миллиард теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 475 мың шаршы метр шыныпакет шығаруға жетеді.

Сондай-ақ мемлекет басшысына Алматы индустриялық аймағының жағдайы мен даму перспективалары туралы айтылды. Мұнда жыл аяғына дейін құны 85 миллиард теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

31
Кілт сөздер:
Алматы, президент, құрылыс
Тақырып бойынша
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды
Қазақстанда жалпыұлттық сауалнама басталды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Олжас Құдайбергенов

Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі экономика министрлігіне жұмысқа орналасты

59
(Жаңартылды 15:43 25.09.2020)
Бұған дейін Құдайбергенов жеті ай бойы мемлекет басшысының экономика жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Экономист Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке орналасты. Ол Қазақстанның экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы мемлекеттік басқарудың жай-күйі мен болашағы талқыланған экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің отырысында белгілі болды. Ведомство басшысы Руслан Дәленов кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді. Ол министрліктің қызметін бағалап, жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлейді.

Басқарушы кеңестің төрағасы болып экономист, Қазақстан президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Кездесуге қатысушылар қойылған міндеттерді өнімді шешу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін жетілдіруді ұсынды.

Ал Дәленов ұсынылған шараларды жүзеге асырудың тетіктері жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша нәтижеге қол жеткізуге бағытталатынын хабарлады.

Сынақ мерзімінен өтпеді: Молдағасымова тағы да жұмыссыз қалды 

Бұған дейін Руслан Дәленов президенттің кадрлық резервінде тұрған мамандармен кездесуінде басқарушы кеңес құрылатынын мәлімдеп, ол жерге кадр резервінің өкілін енгізуді ұсынған болатын.

Еске сала кетейік, 20 шілдеде Олжас Құдайбергенов президенттің экономика жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды.

59
Кілт сөздер:
экономика, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Құдайбергеновтің президент кеңесшісі қызметінен неге босатылғаны белгілі болды
Тоқаевтың кеңесшісі пневмония мен COVID-ке қатысты жазба жариялады
Тоқаев кеңесшісін қызметінен босатты
Тоқаевтың кеңесшісі 2 миллионға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды

550
(Жаңартылды 11:14 26.09.2020)
Президент Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде қол қойған автокөлік жаңа зауыттың көрсету залына қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы "Iске сәт! Ақ жол тілеймін!" деп жазды. Ол сондай-ақ қол қойып, сол күннің датасын көрсетті.

Касым-Жомарт Токаев оставил надпись на капоте авто
© Photo : Astana Motors
Тоқаев жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды

"Астана Моторс" компаниясы Sputnik Қазақстанға президент қол қойған көлікті не істейтіндерін айтты.  

"Ол тарих үшін сақталып, зауыт кеңсесінің көрсету залына қойылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кәсіпорында президентке автокөліктерді құрастыру процесі көрсетілген болатын. Ол 2020 жылдың 15 қазанында ашылады.

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың, екінші кезеңде 45 мыңға дейін машина жасауға жетеді. Инвестицияның жалпы көлемі – 28 миллиард теңгеден астам, оның 30% – компанияның өз қаражаты.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев 

Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 700-ге жуық жұмыс орнын ашып, сабақтас салалардың дамуына серпін береді.

Инвесторлар келешекте автобөлшектер шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша компания отандық автокөлік өнеркәсібін дамыту жөніндегі көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Бұл отандық өндірістің 51 % астамын қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, жұмада Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Ол қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және көпфункционалды музыкалық орталықтың жұмысымен танысты.

550
Кілт сөздер:
зауыт, Алматы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президентке құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді