Ақорда

Тоқаев Жүрсіновке жаңа жұмыс тауып берді

6016
44 жастағы Рустам Жүрсінов бұл қызметте Болат Палымбетовті алмастырды, бұған дейін ол "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Рустам Жүрсінов Қазақстанның бизнес-омбудсмені болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", - делінген жарлықта.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Болат Палымбетов президенттің өкімімен босатылды. Ол өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өз еркімен қызметінен босату туралы өтініш жазған.

Рустам Жүрсінов туралы не білеміз?

Рустам Манарбекұлы Жүрсінов 1976 жылы 16 ақпанда Өскемен қаласында туған.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін (заңгер), 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист), 2013 жылы "СКОЛКОВО" Мәскеу басқару мектебін (Executive MBA) тәмамдады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Әр жылдары Қазақстанның мемлекеттік кірістер министрлігіндегі заң департаменті директорының орынбасары, "GRATA" заң фирмасының серіктесі, "КМГ-Консалтинг" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" "Барлау және өндіру" АҚ құқықтық мәселелер бойынша басқару директоры, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-да заң департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.

2015 жылдың басынан "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

6016
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, кәсіпкер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтанда жаңа аудан әкімі тағайындалды
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы тағайындалды
Динара Щеглова мен Жанат Жахметова вице-министр қызметіне тағайындалды
Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды
Қазақстанның энергетика вице-министрі тағайындалды
Ақша, теңге

Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

79
(Жаңартылды 14:57 28.05.2020)
Күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүддесі үшін болған жағдайға байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасын құрықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, орталық басшысы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, күдіктінің кінәсін сот анықтайды. Бүгінде тергеу мүдделері үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ.

Тағы оқыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ал Түркістан облысында ауылдық округте жер учаскесін бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған әкім ұсталды.

79
Кілт сөздер:
тергеу, басқарма төрағасы, пара
Тақырып бойынша
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қылмыстық іс

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды - видео

200
(Жаңартылды 14:36 28.05.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. Соңғы шешімді сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының әкімі жер учаскесін бергені үшін заңсыз ақша алған. 

"Әкім 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Ол қамауға алынған жоқ. Себебі сотқа дейінгі өндірісті тездетіп өткізуге өтініш берді. Тергеу жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады", - дейді агенттіктің тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

200
Кілт сөздер:
видео, пара, әкім
Тақырып бойынша
Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты

Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг

0
(Жаңартылды 16:56 28.05.2020)
Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы тікелей эфирінде "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтің қатысуымен онлайн-брифинг өтті.

"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов онлайн брифингте қазақстандықтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін қызметтерді одан әрі жаңарту және автоматтандыру жоспарлары, пошта бөлімшелері карантин кезінде келушілерді қалай қабылдағаны, қауіпсіздік пен қызметті жақсарту үшін қандай жағдайлар жасалғаны жайлы айтты.

Карантин кезінде "Қазпошта" АҚ жұмысын жалғастырды. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды үйге жеткізіп, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге әлеуметтік көмек төлеу үшін виртуалды карталар шығарды.

Өңірлерде жедел әрекет ету штабы құрылды, көптеген қызмет онлайнға ауыстырылды, байланыссыз жеткізу әдістері ұйымдастырылды.  

0