Ақтау әуежайы

Ақтау әуежайы ресейлік холдингке сатыла ма ресми жауап

90
Ерғазы Жолдасов әуе айлағы мемлекеттік стратегиялық нысан болғандықтан, оны сату мүмкін емес екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ақтау қаласы әуежайының басшылығы БАҚ-та жарияланған әуе айлағы ресейлік "Аэропорты регионов" холдингінің меншігіне өтеді деген ақпаратқа түсініктеме берді.

"Бұл әуежай мунипициалдық меншік болып саналады. Сондай-ақ, ол бүгінде түрік компаниясының сенімгерлік басқаруымен қызмет көрсетуде", - деп мәлімдеді әуежай директоры Ерғазы Жолдасов Sputnik Қазақстан тілшісімен болған әңгімеде.

Оның айтуынша, әуежай стратегиялық нысан болғандықтан, оны сату мүмкін емес. Ал осы мәселеге қатысты ресейлік холдинг тарапы қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Айта кетейік, БАҚ бетінде Ақтау әуежайын ресейлік олигарх Виктор Вексельберг иелік ететін "Аэропорты регионов" холдингі сатып алады деген ақпарат жарияланған болатын.

Сатылған жоқ: "Қазақфильмге" ешкім қызықпады

Жалпы, Ақтау әуежайы 1983 жылы өз жұмысын бастаған. Қазіргі кезде әуежайды пайдалануды түркиялық ATM Group компаниясы жүзеге асырады. 2009 жылы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің келешегі кемел әуежай", ал 2010 жылы "ТМД елдерінің үздік әуежайы" номинациясын жеңіп алған.

90
Кілт сөздер:
Ақтау, әуежай
Тақырып бойынша
Ұшақ әуежайға қонған кезде үшке бөлінді – видео
Иран ұшақ апатына қатысты тергеудің алғашқы қорытындысын жариялады
Құрылыс салынбағанда, бәрі аман қалушы еді –" Бек Эйр" ұшақ апаты туралы
Алматы әуежайына жақын жерлер заңсыз берілген – тергеу басталды
Қазақстан Қытаймен әуе қатынасын тоқтатты
Алматы әуежайы кімге сатылады – министр жауабы
Загрузка...